«Отбасым менің байлығым»

Тақырып бойынша 29 материал табылды

«Отбасым менің байлығым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Зайцев әдістемесімен өткізілген кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы білім басқармасының

Көксу ауданы бойынша білім бөлімі ММ

«Жұлдыз» бөбекжай балабақшасы» КМҚК












«Балауса» мектепалды даярлық тобы

Тақырыбы: «Отбасым менің байлығым»

/Ұйымдастырылған іс-әрекет/










Тәрбиеші: Ж.Макашбаева
















2023 жыл



Тақырыбы: «Отбасым менің байлығым»

ҰІӘ: қазақ тілі, сөйлеуді дамыту, математика

Әдіс-тәсілі: Зайцев әдістемесі

Міндеттері: Отбасы мүшелері, туыстық қарым-қатынас туралы білімдерін кеңейту. Сұрақтарды дұрыс қоюға және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу.

1.Кіріспе:

Таңғы жиын:

Сәлемдесу: (балалар бір-біріне қарап, есімін атап, қайырлы таң тілейді)

Санау: (Біреу, екеу, үшеу, төртеу бүгін топта қыздар нешеу? Біреу, екеу, үшеу, төртеу бүгін топта ұлдар нешеу? Біреу, екеу, үшеу, төртеу бүгін «Балауса» тобында балалар нешеу?)

Көңіл – күй сәттерін бекіту: (Бала біздің бүгінгі көңіл күйіміз қалай?)

Күн тәртібі сәттерін бекіту: (1 жылда қанша мезгіл бар? 1 жылда қанша ай бар? 1 аптада қанша күн бар? Бүгін аптаның қай күні? кеше бейсенбі, бүгін жұма, ертең болады сенбі. Тәулік бөліктері нешеге бөлінеді?)

Ауа-райын бақылау: (Балалар бүгінгі ауа-райы қандай?)

2.Негізгі бөлім:

-Балалар «Кім тапқыр» ойынын ойнайық мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын тез тауып көріңдер. Ал кеттік кім тапқыр екен?

1-жұмбақ:

Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім?  (Ата)

2-жұмбақ:

Кім менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Кімге ешкім жетпейді! (Әже)

3-жұмбақ:

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған!

Ол кім, балалар? (Ана)

4-жұмбақ:

Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? (Әке)

5-жұмбақ: Онда әкем-шешем тұрады,
Ата-әже бауырым.
Бәрі бірге қосылып,
Бір ұғымды құрады.
(Отбасы)

Тәрбиеші:

- Балалар әріптерді әуендетіп қайталап алайық (екі рет қайталайды)

- Жақсы балалар.

Тәрбиеші:

-Тамаша!

-Жұмбақтың жауабын тапқан балалар Зайцев кестесі арқылы қандай сөз соны жазып берсеңдер.

-Ата

-Әже

-Әке

-Ана

-Отбасы осы сөздерді жазып шығайық.

- Балалар, біз кімдер туралы айтып отырмыз? (отбасы мүшелерінің суреттерін көрсету)

- Ата, әже, әке, ана...

- Бір сөзбен қалай атаймыз?

- Отбасы  мүшелері.

- Өте жақсы балалар, отбасы  мүшелері.

- Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

- Отбасы - ол ата-ана

- Отбасы-туыстарымыз

- Отбасы -ол шаңырақ, үйіміз.

- Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады.

-Олар бізге осы дүниедегі ең жақын, бізді әркез қолдап, қол ұшын беріп, көмектесетін, ақыл айтатын, жаман мен жақсыны, оң мен солды үйрететін ең жақын адамдар.

-Тамаша балалар, дұрыс айтасыңдар.

-Ал, балалар келесі ойынды ойнау үшін топқа бөлінуіміз қажет, өздеріңе ұнаған геометриялық пішіндерді таңдап сәйкес келетін пішіндегі үстелге барып жайғасыңдар.

Шаршы: «Жылдам тап та, жазып шық» ойыны:

Шарты: «Отан отбасынан басталады» мақалы, шашылған әріптерді дайын сөздерге түтікшенің көмегімен тыныс алу жаттығуы арқылы орналастыру.

Дөңгелек: «Отбасы мүшелерінің атауы» ойыны: (А.Зайцев текшелерімен)

Шарты: Шашылған текшелер арқылы отбасы мүшелерінің атауын жазу (ата, әже, әке, ана т\б).

Ұшбұрыш: : «Е» әріпімен текше қойылады текше қойылады Балалар паравоз вагондарын құрады,паравоз вагондарының барлығы «Е» әріпімен құрылу керек.

3. Қорытынды:

Блум кубигі арқылы қортындылау (кубикті лақтырғанда қай әріпке түссе сол әріптен басталатын отбасы мүшелерін айту)

- Балалар біз бүгін кімдер жайлы айттық?

- Отбасы мүшелерін атап беріңдерші?

- Біз жақсы отбасы болуымыз үшін не істеуіміз қажет?
- Балалар, біз де балабақшада бір отбасымыз, біз де үлкен, тату - тәтті отбасы болуымыз керек. Бір - бірімізге қамқор болып, әрдайым көмектесіп жүруіміз керек. Сонда біздің отбасымыз берекелі де, мерекелі болмақ!

Ұйымдастрылған іс-әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мақтап мадақтау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2023
426
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі