400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Отбасым-қорғаным!" психологиялық тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сынып ата-аналарына арналған психологиялық тренинг.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«А.Саттаров атындағы орта мектеп – мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ







Отбасым - қорғаным!

Ата-аналарға арналған психологиялық тренингі













Рисунок 1



Қаратұрық ауылы, 2022 жыл

«Отбасым - қорғаным!» тренингі

(11-сынып ата-аналарымен психологиялық тренинг)

Тақырыбы: «Отбасым - қорғаным!»

Қатысушылар: Ата – аналар

Көрнекілік: музыка жазылған үнтаспа, А4 форматты қағаз, түрлі – түсті қаламдар, доп.

Мақсаты: Отбасы тәрбиесінің құндылығын, бала тәрбиесіндегі ата – ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, отбасы мен балабақша арасындағы қарым – қатынасты ынтымақтастыру. Балабақша өмірімен таныстыру, ата – ана мен баланың дұрыс қарым – қатынаста болуы, психологиялық кеңес, ағарту жұмыстарын жүргізу.

Міндеті:

1.Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;

2.Баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;

3.Баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;

4.Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының жоғарлауына ықпал ету;

5.Ата – ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау.


Тренинг бағдарламасы:

1.Сәлемдесу рәсімі

2.«Кім жылдам?» ойыны

3. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі

4. «Сурет жұмбақ» әдістемесі

5. «Ыстық қадам» ойыны

6. «Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі» психологиялық кеңестер.

7. «Менің жұлдызым!»

8. Қорытынды.


1.Тренинг барысы. Сәлемдесу рәсімі.

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Бүгінгі біздің «Отбасым - қорғаным» атты тренингке қош келдіңіздер! Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін – өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін – өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Әке – шаңырақ иесі, ана – отбасының ұйытқысы, баланы өсіріп – тәрбиелеу – ата – ананың тікелей міндеті, әке мен шеше – отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.


2. «Кім жылдам?» ойыны

1.Балаңыздың туған күні?

2.Балаңыздың сынып жетекшісінің толық аты – жөні?

3.Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.Балаңыздың сүйікті тамағы қандай?

5.Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

6.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

7.Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

8.Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді?

9.Балаңыздың топтағы достары?

10.Балаңыздың балабақшада үйренген қандай тақпағын білесіз?

Ата – аналар берілген сұрақтарға тез жауап береді.


3. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі

- Менің балам болашақта............

- Баламның бақыты ол ...................

- Баламның болашағына сенемін, өйткені...............

- Баламның ҰБТ алдындағы дайындығы ............

- Егер ҰБТ-дан баламның жинаған балы төмен болса...............

- Менің баламның мамандығы .........

- Баламның болашағы .......

- Баламның ....... маман иесі болуын қалаймын

- Баламның мамандық таңдауына мен ........

- Балама сенемін, өйткені .....

- Балам үшін алаңдаймын, өйткені ....


4. «Сурет жұмбақ» әдістемесі

Ата-аналарға жасырын түрде суретке сипаттама беру тапсырылады. Суретке ауызша сипаттама бере отырып, ата-аналар баласын, өз баласын тануы тиіс.


5. «Ыстық қадам» ойыны

Балаңызды күнделікті еркелетесіз бе? Қандай сөздермен? Ендеше ортаға екі ата-ананы шақыра отырып, бақтарын сынап көрелік. Ортаға екі ата-ана шығып, өздерінің балаларына арналған жылы сөздерін айта отырып, алға жылжиды. Осылайша тез озған және сөздерді қайталамаған ата-ана жеңімпаз атанады.


6. «Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі» психологиялық кеңестер.

Арнайы интербелсенді тақтаның көмегімен ата-аналарға психологиялық кеңестер беріледі.


7. «Менің жұлдызым!» шабыттандыруға арналған релаксациялық жаттығуы

Арнайы әуеннің көмегімен ата-аналар релаксация жаттығуын орындайды.


8. Қорытынды.

Ата-аналарға үш түрлі смайликтің көмегімен тренингтен алған әсерлері туралы, алған әсері туралы өз ойларын айту ұсынылады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
689
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі