Материалдар / Отбасыма -ортақ тіл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасыма -ортақ тіл

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтің тегі, аты М.Ж.Сағынбаева Күні: 15.05.2024 Сынып: 7А Іс-шараның тақырыбы «Отбасымдағы ортақ тіл». Құндылық Ар -ұят: Отбасының, өз ортасының абыройын асыру. Формасы Ашық сабақ Жоба «Ұрпаққа аманат» Мақсаты Отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату; Әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау; Баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы; Патриоттық көзқарасын қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Шілде 2024
166
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтің тегі, аты

М.Ж.Сағынбаева

Күні:

15.05.2024

Сынып:

Іс-шараның тақырыбы

«Отбасымдағы ортақ тіл».

Құндылық

Ар -ұят: Отбасының, өз ортасының абыройын асыру.

Формасы

Ашық сабақ

Жоба

«Ұрпаққа аманат»

Мақсаты

Отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату;

Әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау;

Баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы;

Патриоттық көзқарасын қалыптастыру.

Барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Басы

Ұйымдастыру кезеңі

1) Оқушылармен амандасу. 2) «Жылы жүрек-жақсы тілек» тренинг

Ортасы

Отбасылық құндылықтар дегеніміз?

Бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.

Дәстүрлі отбасылық құндылықтар:

Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп , бір-бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Қазіргі отбасылық құндылықтар:

Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.



БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНЫҢ 5 ЕРЕЖЕСІ:

1-ережесі

Ең әуелі «отбасы» сөзінің мағынасын түсініп алыңыз.

2-ережесі

Бақытты отбасы селкеусіз сенімнен тұрады. Адалдық пен шыншылдықтың шаңырақта берік орын алуын қадағалаңыз. Себебі бақытты отбасы бұл екеуін негізге ала отырып бір-біріне көзсіз сенеді. Сонымен қатар бір-біріңізге ашық, еркін әңгіме айтудан қашпаңыздар.

3-ережесі

Сабыр және сыйластықпен өмір сүруге бейімделу қажет.

4- ережесі

Ортақ келісім мен ортақ шешім.

5 – ережесі

Өзара түсінетін әзіл мен жеке мерекелеріңіз болсын. Отбасы – кішкентай ғана мемлекет. Сондықтан олардың өз ұраны, өз құпиясы, өз мерекелері (алғаш танысқан күн, үйленген күн, туған күн) және өздері ғана түсінетін қалжыңдары болуы тиіс.

Сұрақтар:
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?
5. Сен қандай отбасын армандайсың?
5. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
7. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

Oтбасым — менің жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.

ІІІ кезең «Менің отбасым – менің байлығым». Бұл кезеңде

1-топ. Отбасы туралы өлең жолдарын айтады.

2-топ, «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.

3-топ. «Бақытты  отбасы» тақырыбында суреттер салып, қорғайды.

4-топ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтады.

Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым — қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

ІҮ кезең . «Конверттегі сұрақтар»

«Біз баламызды танимыз ба?» деп аталады. Бұл кезең ата — аналарға арналады. Ортаға 6 ата-ананы шақырамыз.

Құрметті ата-аналар конверттің біреуін таңдап, ондағы сұрақтарға жауап берулеріңіз сұралады.

1

1. Балаңыздың парталас көршісі кім?

2. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

2

1. Балаңыздың сүйікті асы не?

2. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

 №3.

1. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

2. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

4.

1. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

2. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

5.

1. Балаңыздың бойында қандай өнер бар?

2. Балаңыздың жағымды және жағымсыз қасиеттерін атаңыз.

Анаң-күнің жүрегің,

Әкең -өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Әжең- асыл ардағың,

Атаң- дана қорғаның

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Ағаң –қамқор асқарың,

Інің- мөлдір аспаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын

Бейнебаян «Отбасы құндылығы»

1.Бейнебаяннан не байқадыңыз?

2.Қандай тұжырымға келдіңіздер?

3. Бір сөйлеммен түйіндеңіз?

Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсеретеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.

Кері байланыс: «Тілек ағашы». Ал енді оқушылар алдарыңыздағы түрлі- түсті үй түріндегі стикерлерге отбасыларыңызға тілектеріңді жазып, тілек ағашына жапсыруларыңыз сұралады.

Соңы

Ой толғаныс

Отбасына байланысты жұмбақ, өлеңдер құрастыру.

Қорытынды


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!