400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Отбасымның керемет дәстүрлері" Халықаралық отбасы күніне арналған танымдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Халықаралық отбасы күніне арналған танымдық сайыс

Тақырыбы: Отбасымның керемет дәстүрлері

Мақсаты:Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен, мұгаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ата-аналар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

Баршаңызды Халықаралық отбасы күнімен құттықтаймыз.

Бүгінгі «Отбасымның керемет дәстүрлері» атты танымдық сайысына қош келдіңіздер!


2-жүргізуші:

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан- деп  бүгінгі сайысқа қатысушы отбастарын қошеметтеп ортаға шақырайық.


  • Бірінші болып сахна төріне1 «А» сыныбынан Адамсапи Аружан анасы Жұлдызбен бірге шақырылады


  • 1 « Ә» сыныбынан Асхатұлы Мадияр әпкесі Мөлдірмен



  • 1 «Б» сыныбынан Тендыкова Айсана өзінің сүйкті әжесімен



  • 1 «Б» сыныбынан Қапез Фатима ардақты әжесімен



  • 1 «В» сыныбынан Талғат Дария асқар тау әкесі Елдар, анасы Жадыра және бауыры Абылайханмен



  • 2 «Б» сыныбынан Мұхтарова Ділнәз ақ жаулықты әжесі және анасы Алтынмен


Балалар, бүгін сендер ерекше әдемі, көңілді келіпсіңдер. Қадамдарын құтты болсын. Баршаларына сәттілік тілеймін.

Сайысқа қатысу ретін анықтау үшін мына қоржынның ішінен сан жазылған бөшкелерді алыңыздар.

1-жүргізуші:

Сайыскерлер өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап.

Әділ- қазыларды сайлау

1. Тәрбие жөніндегі директордың орынбасары-Жомартова Назым Жастілекқызы

2. Музыка мұғалімі – Тлеубаева Айнұр Бахытқызы

3. Аға тәлімгер - Медет Айдана

2- жүргізуші:
Әр отбасы өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады:

1 бөлім — «Тегін білу тектілік» таныстыру
2 бөлім —
«Мақал – сөздің атасы»мақалды жалғастыру

3 бөлім — «Тәрбие тірегі отбасында» дәстүрді көрсету

4 бөлім — «Өнерлі өрге жүзер» — отбасылар өнері.


1-жүргізуші:

Шығармас мұндайда бір шабысты ұмыт.

Көрелік ал ендеше жарыстырып

Келіп тұрған отбасылар

Жіберсін өздерін таныстырып- дей келе «Тегін білу тектілік» кезеңін бастайық.

2- жүргізуші:
Иә жақсылыққа шын сенейік

Отбасыны, бір биікке теңейік

Ал енді мақалды жалғастыратын

Отбасыларға кезек берейік

1. Інісі бардың тынысы бар, .....................(Ағасы бардың жағасы бар)
2. Ананың көңілі балада, ..........................( Баланың көңілі далада)

3. Балалы үйдің .......................................(ұрлығы жатпас)

4. Балам – балым, .......................................(Баланың баласы – жаным)

5.Атаның баласы болма ............................. (Халықтың баласы бол)

6. Бас екеу болмай,........................................(Мал екеу болмас)

7. Өз балан- өскенше,.....................................(Немерен - өлгенше)

8.Атаңа не қылсан, ..........................................( Алдыңа сол шығар)

9. Бала жетіге жеткенше .................................(Жерден таяқ жейді)
10.Ата-ананың қадірін .....................................( Балалы болғанда білерсің)

11.Әке көрген оқ жонар ...................................( Ана көрген тон пішер)

12.Ананың сүті бал ...........................................( Баланың тілі бал)

1-жүргізуші:

Бишілер бар бізде күлімдеген,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!

1 «Ә» сынып оқушыларының «Микки» биін тамашалайық


2- жүргізуші:
Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар, 
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.
Отбасылық дәстүрлерін сайыскерлер,
Осы кезеңде әдеппенен ортаға салар-деп сайысымыздың
«Тәрбие тірегі отбасында» атты бөлімді тамашалайық.

1- жүргізуші:
Жарайсыңдар барлығыңда дер едім
Асып бір төгілсінші кемелің
Ырза болып қане, біздер көрейік
Тамашалап шаңырақтың өнерін

Сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді.

2- жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
Әділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
Марапаттау рәсімі!



1- жүргізуші:
Отбасының ордасын,
Періштелер қорғасын
Тіккен әр бір отауға, 
Тәңірің жақсылық жолдасын.
Асқар тауы –сүйеніші әкесі
Мөлдір бұлақ тіреуіші анасы
Жасыл құрақ- келешегі баласы
Бірге олар болады мықты отбасы- деп
бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Отбасымның керемет дәстүрлері » отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасына, алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
1209
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі