Отбасымыз бірлігіміз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасымыз бірлігіміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы бірілігі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Отбасылық сайыс

Тақырыбы:«Отбасы-бақыт мекенім»



















Өткізген тәрбиеші: Ибрашова А.К.









Тақырыбы: «Отбасы –бақыт мекенім»

Мақсаты: Ата - анамен тәрбиеші арасындағы қарым-

қатынасты нығайту. Қызығушылығын ояту. Ата-

аналар мен сайысқа қатыстыра отырып, баланың

ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың

балаларға деген тәрбиесін көрсету. Халық ауыз

әдебиеті, салт-дәстүрі туралы білімдерін

байқау. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін

ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке,

татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: интерактивті тақта, сандықша,

ермексаз, гуашь, түрлі-түіті қағаз, тақия,


Жүрісі:

Тәрбиеші: Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде

Үлкен-кіші жасымыз кәрімізде

Төрлетіңдер қадірлі қоңақтарым

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.

Отбасы-бір түбірден тараған. Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бала - бақыт, бала - қуаныш, өмірді жалғастырушы, демеуші ата-ана тәрбиелеуші.

Әке асқар тау,

Ана мөлдір бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімі мен құрышын қаңдырып,ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.

Отбасы –бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің балабақшамызда ұйымдастырылып отырған «Бақытты отбасы» атты сайысқа қатысушы отбасыларды ортаға шақырайық:

1. Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл сана

Көркіне ақылы да сай келетін

Қазиевтер отбасы ортамызда.


2. Қуантады білімімен бәрімізді

Қол соғып қарсы алайық енді оны

Мамбетиязовтар отбасы келіп қалды

Татулықты ту еткен отбасы бұл


3. Отбасылық ойынға

Жұлдыздай болып жарқырап

Келді міне асыға .

Маңғытбаевтар отбасы.


Тәрбиеші: Келді міне бүгін сынауға

Сыналып үлкендерден үлгі алуға

Салты бар өнерлі осы ортада

Берер деп әділқазы әділ баға,- деп әділ қазыларды таныстырып өту.

1. Меңгеруші: Кариева Айслу Ныгметуллаевна

2. Әдіскер: Иксангалиева Жумабике Утегеновна

3. Психолог: Ауелбаева Ания Елгелдиевна





Сайыс бөлімдері:
1. «Сұрасаң менің тегім». Таныстыру.

2.«Аялы алақан»
3. «Егерде мен әнші болсам ...»
4. «Кім жылдам?» (Ата-ана мен балаларға арналған тапсырма)

5. «Жағдаятты талдау»
6. «Отбасылық жұмыс»


1-бөлім Бәйге жарыс деген соң жарысайық

Мәреде бәрімізге табысайық

Бұл байқауды биссмиллә деп бастау үшін

Алдымен әулеттермен танысайық

Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет

Өлең айтып би билеп жасап жатқан текемет

Өнеріңді көрсетші әулеттерім кәнекей

Сөз берейік әулеттерге жекелеп,-деп сұрасаң «Менің тегім» бөлімін бастаймыз.


2-бөлім Ата-ана деген тіршіліктің иесін

Сыйлайтынын адал бала білесің

Өмір балын тамызар да ерніңе

Шымырлатып еріткен бар жүйесін-деп сайысымыздың екінші бөлімі «Аялы алақан» деп аталады. (Ақ параққа балаңыздың алақан үлгісін қарындашпен сызылады. Әр саусаққа балаңыздың есімін әріптеп жазу керек. Әр әріптен басталатын балаңыз туралы жақсы сөз айту керек)


3-бөлім Кедеймін деп қысылма

Өнерлі болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында- демекші екінші бөлім «Егерде мен әнші болсам!» деп аталады. Аналар арасындағы өз өнерлерін тамашалайық. Ол үшін құлаққапты киіп, естілген әнді жанды дауыспен орындап шығу керек.


4-бөлім Ата-ана деген тіршіліктің иесін

Сыйлайтынын адал бала білесің

Өмір балын тамызар да ерніңе

Шымырлатып еріткен бар жүйесін-деп сайысымыздың төртіңші бөлімі «Кім жылдам?» деп аталады. (Сандықшадағы тапсырманы орындайды)


5-бөлім Жағдаят талдау

1. Балабақшадан келген балаңыз. «Мен ертең балабақшаға бармаймын, апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

2. Сіз тәрбиешісіз.Сіздің топта біреудің жалғыз баласы бар. Ол бала өте тынышсыз, тәрбие беруге көнбейді. Ұрыссыңыз ата-анасы ренжиді, ұрыспасаңыз бала өте тәртіпсіз, сіз қандай шара қолданасыз?

3. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр,осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяныз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

6-бөлім «Отбасылық жұмыс»

1. Ермексаздан түрлі пішінде тағам дайындау;

2. Гуашьты пайдалану арқылы дәстүрден тыс сурет салу;

3. Түрлі-түсті қағазды қию арқылы белгілі бір бейне жасау.


Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыстан ренжімей,

Тараса бізге жарады - демекші сайысымызддың шарттары бойынша қорытынды шығарып, марапаттау сөзі әділқазылар алқасына беріледі.

Жүргізуші: Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар! Бүгінгі «Бақытты отбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті, барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз. Белсенділік танытып қатысқан отбасыларға көп - көп рахмет!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2024
161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі