15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасында берілетін бата
Ерейментау ауданының білімі бөлімі
Тайбай орта мектебі
Пән: қазақ тілі
Сабақ жоспары: 8 «Б» сынып
Тақырыбы: Отбасында берілетін бата
Өткізген:Босова Мадина Кабдышевна
Пән: қазақ тілі Сынып 8
Сабақтың тақырыбы: Отбасында берілетін бата
Сабактың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға отбасында берілетін бата туралы білімін қалыптастыру, білім дағдыларын қалыптастыру; есімдіктерді ауызекі тілде дұрыс қолдануды үйрету;
Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін дамыту; есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік : мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге баулу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдici: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың жабдыкталуы, көрнекіпігі: суреттер, сілтеу есімдіктер сызбасы
Сабақтың барысы
I. ¥йымдастыру кезеңі: а) Амандасу. б) Кезекшімен әңгімелесу.
II.Yй тапсырмасын тексеру: 1. Сөздермен жұмыс.
Сұрақтарға жауап беру:
Бақ
берсін, бас
берсін.
Өміріңе ұзақ
жас берсін!
Бұны қалай түсінесіңдер? Бұл
не?
Бата туралы не білесіңдер?
Бата қай уақытта беріледі?
Ақтілеудің белгісі — бата.
Ол кез кезген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең
жаксысын халық "ақ бата" деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері
бар.
1. Жас талапкерге бата. "Сырым батыр жас кезінде батасын
алайын... деп Бөкен биге барыпты". Бұл ерлік, өнер, өмір жолына,
ұзақ сапарға аттанар алдында әдейі барып тілейтін бата. Қошқарұлы
Жәнібек жас кезінде Кідркерей Сокыр Абыздан бата сұрай барғанда ол
кісі былай депті:
Белбеуің беліңдегі байлаулы
болсын,
Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.
Есігің ашық
болсын.
Кабағың жазық болсын.
Сонда ағайының кетпес
қасыңнан.
Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер,
Сонда қаумалаған халық кетпес
қасыңнан.
Үлкен кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен жақсылығы, ізгі қызметі үшін де бата береді. Батаның тәрбиелік мәні зор. "Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер" деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыкқа, мейірімділікке баулиды. Ендеше, бата да сол ұлы қасиеттерге бастаушы әрі тудырушы рухани мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылады. Батаны құрметті, елге сыйлы адамдар береді.
Жаңа айдың батасы.
Ай көрдім аман көрдім,
Ақиреттік заман көрдім.
Жаңа айда — жарылқа,
Ескі айда — есірке (бата). Жаңа туған айды көрген әр адам осылайша
бата жасап, бет сипайды. Бұл — діншілдік немесе соқыр сенім емес,
ол адамдардың табиғатқа, құбылысқа, ауа райына байланысты таным,
түсінігі. Айдың тууына және жатысына қарап жұлдыздар ауа райын,
болашақты болжап отырған.
5. Наурыз батасы. Соның бірі — осы Наурыз бата ("Жеті қазына"
кітабынан). Ұлыстың ұлы күнінде "наурыз көжеге" шақырғандарға,
"Наурызнама" тойын өткізіп халықты риза қылған адамдарға, өнер
көрсеткен өнерпаздар мен ақындарға ақсақалдар мен әжелер, ел
ағалары, билер қол жайьш бата береді. Бұл бата жалпы көпшілікке де
бағышталады. Талапкер жастар Наурыз күні дуалы ауыздың уыз батасын
алуға тырысады. Наурыз батасының орны ерекше.
Оқулықпен жұмыс.
Шығармашылық диктант.
(Жалаң, жайылма, атаулы сөйлемдерге байланысты үш топтан үш оқушы
шығып, тапсырманы орындайды)
Күз. Қыстыгүні түнде қатты боран болды. Суық жел. Әбіш көп жүрді.
Сен кіре ғой. Мен сабақты жақсы оқимын. Үскірік аяз.
V. Үй тапсырмасын беру: Баталарды жаттау
VI. Білімдi бағалау: ___________________________________________________________
VII. Сабақты қорыту:


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген