15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасындағы адамгершілік әліппесі, ашық оқу - қызметі
Білім беру саласы: Коммуникация.
Ұйымдастырылатын оқу қызметі: Адамгершлік тәрбиесі.
Тақырыбы: Отбасындағы адамгершілік әліппесі.
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік мақсаты: Отбасы мүшелерін құрметтеуге, сыйлауға баулу, «үлкен» және «кіші» деген ұғымдарын таныстыруды жалғастыру. Диалогты түрде сөйлеуге үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың тәрбие байлығын, ой – өрісін кеңейту, байланыстырып сөйлеуді дамыту. Актерлік қабілеттерін, есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға қалыптастыру. Мейірімділік, қайырымдылық сезімдерін ояту.
Көрнекіліктер: Отбасы мүшелерінің суреті, ертегі кейіпкерлері. Қоян ойыншығы.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, ойын.
Сөздік жұмысы: Әже – бабушка, ата – дедушка, әке – папа, ана – мама, аға – дядя, әпке – сестра, бөпе – младенец, сыйлаймын – уважаю, тыңдаймын – слушаюсь.
Оқу кызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс – әрекеті: |
Балалардың іс – әрекеті: |
Ынталандыру оятушы. |
Шаттық шеңбері: Күннің көзі ашылды, Көкте шуақ шашылды. Құтты қонақ келіпті. Төрімізге еніпті, Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Сәлем дейік үлкенге, Сәлеметсіздерме апайлар! Балалар келіңдер орындарыңа отырыңдар.
|
Балалар өлең жолдарын қайталап, сәйкес іс – қимылдарын жасайды.
Орындарына отырады. Амандасамыз, «Сәлеметсіздерме».
Кіммен тұратындарын айтып береді. Отбасы.
|
Ұйымдастырушы – ізденуші. |
«Кім жоқ» ойыны. Отбасы суреттерін іліп, балалар көздерін жұмады, бір суретті жасырады, көзін ашқан балалар қандай сурет жоқ екенін табады. Қане енді «Шалқан» ертегісін еске түсірейікші.
«Шалқан» ертегісін сахналау. Бір – біріне көмектесу арқылы шалқанды жұлды. Тіл жаттықтыру: Та – та – та, сақалды ата, Ыз – ыз – ыз, әдемі қыз. Ша – ша – ша, шалқан. Отбасы туралы тақпақтар: Ата менен апаның, Айтқан тілін аламын, Үлкен кісі жұмсаса, Қайда болсын барамын. Мен гүлдерді жұлмаймын, Торғайларды қумаймын, Айтқан сөзді тыңдаймын, Анашымды сыйлаймын. Ана біздің гүліміз, Ана біздің күніміз, Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз. Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз, Әжелерді ардақтап, Әдеппен бас иеміз.
Атай рахметін айтады. Үлкендерді, қыздарды сыйлау керек. Үйде сендер аналарыңа көмектесесіңдер ме? Үлкенге де сіз, кішіге де сіз, Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. Үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу керек балалар.
Қоян, қоян тұршы. Беті қолыңды жушы, Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы, Әйәй көйлек киші, Ал мені қушы. 2 – 3 рет. Қоян тағы не білесіңдер деп сұрайды. «Біз үйде нешеуміз?» Біз үйде нешеуміз, Кел санайық екеуміз. Бас бармағым – әке, Балалы үйрек – ана, Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек – мен, Кішкене бөбек – сен. Біз үйде нешеуміз? Біз үйде бесеуміз. Жаңылтпаштар:
Сынды кеше.
Қара тай ақ па.
Ұшып келді үш құс.
|
Балалар қызығушлықпен ойнайды.
Балалардың жауаптары.
Балалар ертегіні сахналайды.
Балалар тәрбиешінің артынан қайталайды.
Балалар отбасы туралы тақпақтарын айтып береді.
Балалар суретте не көріп отырғандарын айтып береді.
Балалардың жауабы.
Балалар көңіл аударып қарайды.
Балалар сипайды.
Иә.
Шеңберге тұрады. Сәйкес іс – қимылдарын жасайды.
Санамақ білеміз. Балалар санамақ айтып береді.
Балалар қоянға жаңылтпаш айтып береді. |
Рефлексивті түзетуші. |
Балалар сендер бүгін кімдермен таныстыңдар? «Отбасы» дегеніміз не екен? Үлкендерге, кішілерге қалай қарау керек? Сендерге сабақ ұнады ма? Жылулық шеңбері: Алақанды ашайық, Мына сұлу әлемде, Адам өмір сүреді, Үлкен менен кіәшіге, Күн сәулесін төгеді. Қуанамын менде, Қуанасың сенде, Қуанамыз бәріміз, |
Балалар қоянмен қоштасады.
Балалардың жауабы.
Балалардың жауабы.
Балалар жылулық шеңберіне тұрады. Сәйкес іс – қимылдарын жасайды. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген