400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасындағы бала тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала дүниеге келгеннен соң оның барлық психологиялық қасиеттері отбасындағы өмір барысында ең алдымен ата-анасының әсерімен дамиды. Бала ата-анасының физиалогиялық және психоәлеуметтік көшірмесі.Ол бойындағы барлық нышандарды ата-анасынан тұқымқуалаушылық арқылы келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасындағы бала тәрбиесі

Қызылорда облысы Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі "Балбөбек" балабақшасы КМҚК Психолог:Тұрғанбаева Гүлмира Жақсылыққызы

Бала дүниеге келгеннен соң оның барлық психологиялық қасиеттері отбасындағы өмір барысында ең алдымен ата-анасының әсерімен дамиды. Бала ата-анасының физиалогиялық және психоәлеуметтік көшірмесі.Ол бойындағы барлық нышандарды ата-анасынан тұқымқуалаушылық арқылы келеді. Баланың тәрбиенің бастауы ана құрсағында жатқаннан басталады,әрі қарай отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие ошағында жалғасады. Балабақша мен баланың ата-анасы арасындағы қарым-қатынас күнделікті күн тәртібінен түспегені абзал. Ата-анамен тығыз байланыс жасау балалардың өнегелі тәлім-тәрбие алып,өз отбасының шеңберінен шығып,ересек адамдардың кеңірек әлемінен жаңа байланыстар орнатуынан әсерінен тигізеді. Баланың еңбекке бейімделуі үй шаруасына байланысты.Балаға ата-ананың газет-журнал оқуы,өз білімдерін көтерулері де әсер етеді.Өйткені оларды көрген бала да газет-журналға әуес,оқуға ниеттеніп тұрады. Баланың қолына есепсіз ақша ұстату зиянды.Бала әр нәрсеге әуес,еліктегіш келеді.Орынсыз берген ақшаға зиянды нәрселер сатып алып,пайдалануға әдеттенеді.Қолға түскен тиынды орынсыз жұмсау қай балада болса да табылатын мінез.Баланы бақылау,ұқыптылықхқа үйрету-келешекте оның өз тұрмысын меңгеріп әкетуіне жол ашады. Ата-ана бала алдында сыпайы.тату,зиянды мінез- құлықтан аулақ болғаны жөн. Баланың жинақы ,таза болып өсуіне әсіресе ана жауапты. Баланың балабақшадан жақсы білім алуынада ата-анасы зор әсер етеді. Ол үшін баланың ата-анасы балабақшамен байланысты болып,баланың хал -жайымен танысып отырулары керек. Бала сабақтан төмен баға алса да, сыныпта тәртіп бұзса да: "Мен сөйтіп едім" деп үй ішіне айтып келмейді.Сол үшін баланың күнделік,дәптерін қарап отыру -ең оңай ,ең қолайлы әдіс. Баланың бақшадағы тәртібі ,сабақ үлгерімі,мінез құлқымен танысудың тағы бір жолы- ата-аналар жиналысына жиі қатысып отыру. Кейбір ата-аналар "Менсізде оқып жатыр ғой " деп мектептен,балабақшадан қол үзіп,бой көрсетпейді.Бұл баланың келешегін ойлаудан бойды алып қашу болып табылады. Ақиқат пен аңыздың асқарында ғұмыр кешкен Бауыржан Момышұлы атамыздың мына сөзі жадымызда жэүргені абызал. "Жауданда қорықпаған қазақ едім.Енді қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқамын.Екінші ,балаларына ертегі айтып беретін әженің азайуынан қорқамын.Үшінші,дәнін,дәстүрін сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр, мен солардан қорқамын" . Тәрбие дегеніміз- баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес.Тәрбие жұмысының мыңдаған түрімен қыр сыры бар.Сондықтан тәрбие мәселесі мектепке дейінгі өмірінде ешқандай мусымды ,үзіліс дегенді білмеді,үздіксіз жүргізіліп отыратын үрдіс. Отбасындағы психологиялық оңды ахуал,татулық пен тыныштық,жайдары қабақ,береке-бірлік оның барлық мүшелерінің ырысы. Бала тәрбиесі,оны мәпелеп өсіру-бүгінгі таңның үлесіндегі күрделі міндет.Жаңа заман,жаңа көзқарас -әр ғасырға тән.Ұжым болып жаңа дүниені зерттеп,жаңа технологияны пайдалана отырып,саналы да,салауатты ұрпақ тәрбиелеуді дамыта бермекпіз. Халық даналығында "Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң-арпа ек,он жылдық өміріңді ойласаң-онда ағаш ек,ал ғасырлық өміріңді ойласаң-онда бала тәрбиеле" деген екен.Бала біздің болашағымыз.Ал бала бақыты бәрінен қымбат. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата - ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Шәкәрім атамыздың « Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру - шынында да оның туған кезінен басталса керек. Ал адамның адам болып қалыптасуында ата - анамен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар.

Бүгінгі  күн заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруда әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, тәрбие ісіне ата-ананы тікелей қатыстырудың оң нәтиже беретінін өмір мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Біздің бүгінгі мақсатымыз -саналы білім беріп,ұрпақ білімділігі мен қабілеттілігін дамыта ынталандырып, ұрпақты отансүйгіштік пен тәрбиелеу болмақ. Біздің балабақшада осы бағытта ата-аналармен талмай еңбек етіп өз алдына мынадай мақсат міндеттерді қойып отыр. «Үздіксіз білім беру мен сауықтандыру, тәрбиелеу жұмысында кеңістік құру сабақтастығын жүзеге асыру» яғни, ата-ана бала тәрбиелеу ісіне белсене ат салысу үшін белгілі бір жүйе құра отырып жұмыс жүргізу. Осы міндеттерді іске асыру барысында «Тәрбиеші-ата-ана» мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отырады.Сонымен бірге, педагог-тәрбиешілер де тек балалармен, ата-аналармен жұмыс жүргізіп қоймай өз білімдерін жаңаша толықтыруға талпынады. Әр педагог жұмыс бағытын іздей отырып жаңа үрдістегі тәрбиеге тап болары сөзсіз деп ойлаймын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі