400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасындағы қарым-қатынас

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІ-сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Отбасындағы қарым-қатынас»

Мақсаты: 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрау арқылы өз отбасы мүшелері туралы әңгімелеп беруге үйрету. Туыстары туралы әңгімелегенде дауыс ырғағын өзгерте отырып, сүйіспеншілікпен әңгімелеуге үйрету. Жасы үлкендерге сый құрмет көрсете білуге тәрбиелеу,

Билингвизм: Менің отбасым-Моя семья-My family, ата-дедушка-grandfather, әже-бабушка- grandmother,

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық.

Шеңбер жасап тұрып, қайталайық:

Жылай қалсақ жұбанамыз,

Ақыл тыңдап, тіл аламыз,

Біз тәртіпті баламыз!

Үлкендерді сыйлаймыз біз,

Үй тазалап жинаймыз біз,

Біз қолқанат баламыз!

Шеңбер жасап тұрып, тәрбиешімен бірге қайтлайды. Бір-біріне көтеріңкі көңіл сыйлайды.

Ұйымдастыру кезеңдері

Балалар, алдарыңыздағы суреттерді қолдарыңа алып, суреттегі адамдар туралы айтып беріңдерші.

Әкелерің мен аналарыңа үйде қалай көмектесесіңдер?

Айтқанын тыңдайсыңдар ма?

Аталарың туралы айтып беріңдерш

Ал енді «Менің атам» деген тақпақты жаттап алайық. Сосын үйге барғасын аталарыңа айтып бересіңдер.

Менің атам жақсы адам

Оны бәрі біледі.

Шаршамайды ешқашан

Жұмыс істей береді. өлеңін жаттату.

Енді жаңа сөздердің орысшасын және ағылшыншасын қайталайық: Менің отбасым-Моя семья-My family, ата-дедушка-grandfather, әже-бабушка- grandmother,

Атам, әжем, анам, әкем.





Иә, көмектесеміз. Ойыншықтарымызды жинаймыз, шашпай ойнаймыз.

Иә, айтқан тілін аламыз. Жыламаймыз.

Атамды өте жақсы көремін.

Ол менімен бірге ойнайды.

Саябаққа менімен бірге барады.

Мен атаммен дүкенге барғанды жақсы көремін.

Менің атам ауылда тұрады. Мен оны қатты сағындым.

Тәрбиешімен бірге қайталап жаттайды.(3 рет қайталайды.)















Сөздерді тәрбиешімен бірге қайталайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

Дидактикалық ойын ойнату. «Анасын табуға көмектес» төлдердің анасын бауып көрсету.

Суреттердегі төлдердің анасын табуға көмектеседі.



Күтілетін нәтиже: Отбасы мүшелерін атайды.

Бала игеру керек:Жаңа сөздердің орысшасын, ағылшыншасын

Бала жасай білу керек:Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді, тақпақты жатқа айтады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
431
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі