400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасындағы қарым-қатынас

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:Жарма ауданы білім бөлімінің «Аршалы негізгі мектебі» КММ

Мерзімі: 21.11.2018ж.

Сабақтың тақырыбы :Отбасы қарым-қатынасы

Сабақ мақсаты: отбасындағы ізгі қарым- қатынас туралы түсінік бере отырып, тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері: - отбасындағы ізгі қарым- қатынас жасауды тыныштық құндылығымен мәнін ашу;

Адалдық, сыйластық қасиеттерін дамыту;

Ізгілікке тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(баяу әуен)Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық) Өзеннің сылдырағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз....(тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат – анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан жылы күннің сәулелерін сезіңіз. Қазір біз көзімізді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және көңіл күн сыйлаған табиғат – анамызға рахметімізді айтайық.

  - Қандай сезімде болдыңдар?

- Қандай әсер алдыңдар?

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

Аурудан аяған күштірек (Ыбырай Алтынсарин)

Сейіт неліктен ауруды сезінбеді?

Әңгіме неліктен «Аурудан аяған күштірек» деп аталады?

Сейіттің бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер бар?

Өздерің жақындарыңды қиналтып, уайымдатпау үшін не істей аласыңдар? Не істеу керек деп ойлайсыңдар?

:

3. Дәйек сөз.Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді.- Дәйек сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?



4. Аңыз- Кезінде талай адамға жақсылық істеп едім. Не керек, соның бірде-бірінен  қайыр-жақсылығымның қарызы қайтпады,- деп налыған бір адамға досы отырып: - Онда  өкінетін ештемең жоқ екен достым. Өйткені, біреуге қылған қайыр-жақсылық әлдебір алаяқ саудагердің несиеге беретін қарызы емес, адамгершіліктің парызы ғой,- депті. Досының бұл сөзінен ұялған әлгі адам содан былай өзгеге істеген жақсылығы жайында  жұмған аузын ашпайтын болыпты.- Бірінші достың іс-әрекеті дұрыс болды ма?– Ал сендер істеген жақсы істеріңді айтасындар ма?



5. Шығармашылық жұмыс, топтық, жеке жұмыс.

1-тапсырма. Сен үшін «Жақсы отбасы» қандай болу керек? Әңгімелеп беріңдер.

2-тапсырма. «Біздің отбасымыздағы адамгершілік құндылықтар» тақырыбында үлкендермен бірге шағын әңгіме жазыңдар.



6. Топпен ән айту. Бала тiлегiӘнін жазған: Фарида ЖолдасоваӨлеңін жазған: Сержан Молдасанұлы




7. Үй тапсырмасы.13- сабақ. 43- бет мәтін оқу



8. Соңғы тыныштық сәті«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі