400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала тұлғасына ықпалы

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала тұлғасына ықпалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала тұлғасына ықпалы

Педагог-психолог,

Отбасындағы қарым-қатынас оның өмір сүру қызметінің негізгі кезеңі болып табылады, оның қызмет ету тиімділігін, даму мен өсудің ресурстарын анықтайды.

Қарым-қатынастың позитивтік дағдылары отбасына дағдарыстармен күресуге, қиын жағдайларды ұтымды жолдар таба білуге көмегін тигізеді.

Салауатты отбасы, былайша айтқанда, әрбір адам өзінің үздік қасиеттерін көрсетуге және өзінің кемшіліктерін жоюға мүмкіндік алатын отбасы сипаттарын ойластырады,- деп, атақты американдық психолог және отбасылық психотерапевт Вирджиния Сатир қарым-қатынас сапасын бірінші орынға қойып отырғаны кездейсоқ емес.

Бала үшін бас ұстаз – ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу аса жауапты іс. Баламен сырсыз қатынас құрудың қыр-сырына тоқталсам. «Ағаш тамырымен, адам ұрпағымен» дегендей, бала табиғатын тану, оны түсіну, жөнімен еркелету, шынайы қарым-қатынас құру, оның бойындағы бар ерекшелікті көре біліп, қабілетін дамыту, бағдарлау, ынталандыру – ұрпағының ертеңі үшін алаңдайтын парасатты ата-ананың игілікті әрекеті. Өміріміздің ең мәнді өзегі – тұлғалық тұрғыда толық қалыптасқан парасатты перзент тәрбиелеу.

Даму барысында бала алдымен вертикальды байланыстарға сүйенеді, ол толығымен ата-анасына немесе отбасының басқа мүшелеріне байланысты. Ана баласына мейірін төгіп, махаббатын арнаған соң әкеге қарай ауа бастайды. Әкесімен байланыс орнатқан соң, ата-әже, бауырларымен қатынас түзейді. Бірақ есте тұтатын бір жайт – әркім өз орнында болуы керек, төменнен жоғары қарай ретімен. Мысалы, ананың алдына ата-әжесінің түсіп кетуі психикалық қолдаудың жетіспеушілігіне алып келуі ықтимал. Отбасы мүшелері сәбидің болмысын, дүниетанымын қалыптастырады. "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" деген осыдан. Тіпті мамандар бала тәрбиесі құрсақта емес, ата-анасының болашақ бала туралы ойланған сәтінен басталатынын айтады. Қазақ оны "сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді"дейді.

Бала өсіп, есейген сайын құрдастарымен қарым-қатынаста болуды қажетсінеді. Біртіндеп достар шеңберін құру арқылы қарым-қатынас орнатуды үйренеді. Ал өтпелі шақта жасөспірім ата-анаға қарағанда құрдастар-құрбыларына көбірек көңіл аударады. Бұл – заңдылық.

Тұлға → ағайын → туыс → дос (сырлас) → сыныптас/группалас → көзтаныс → ұстаз → әріптес → кумир ...

Ата-анамен қарым-қатынас баланың психикалық мінез-болмысын, ой-түсінігін, әлеуметтік ортадағы рөлін қалыптастыруда алғышарт. Бұдан да маңыздысы, бала бойынан, өзін-өзі ұстауынан ата-анасымен қарым-қатынас деңгейін көруге болады. Яғни әке мен шешенің бірін-бірі толықтырып, ортақ тәрбиелеуі бүлдіршіннің қоршаған ортасына сенімін, сезім-күйін қалыптастырады. Психолог мамандардың зерттеуіне қарағанда, бала-ата-ана мәмілесі екі түрде жүреді:

Терең-қарапайым қарым-қатынас – күнделікті тұрмыстағы сезімге толы, эмоциялық тұрғыда толайым, баламен жүргізілетін, "байқалмайтын", мазмұнды әрі жанды байланыс. Тілі шықпаған нәрестемен тілдесу, оған ерекше назар аудару – баланы бақытқа бөлеп, дамуын ілгерілететін, оның бойындағы бар потенциалын ашып, гүлдеуіне жағдай жасайтын платформа.

Саяз-күрделі қарым-қатынас – формаға басымдық берілетін, өмірлік нақты қалыптасқан іс-шаралар бойынша құрылымдық байланыс. Көбінесе тергеу-сұрау түрінде көрініс табады. "Сабағыңды қарадың ба?", "Қайда жүрдің?", "Неге олай етесің?" деген сауалдар мен көбесі сөгілмеген тыйымдар. Мұның салдары бағусыз бетімен кеткен, ата-анасынан жасырары көп, меселі қайтқан мұңшыл күйге әкелуі әжеп емес.

Баланы дамытуда терең-қарапайым қарым-қатынастың рөлі басым. Баланың қалау-сұранысына жіті мән беру, оның қажеттілігін сезіну, онымен әңгімелесу, сіз үшін "болмашы" мәселені шешуге талпыну-талқылау қажет. Сонда баланың сізге сенімі беки түседі. Перзентіңіздің бойында болашақта маңызды мәселелерді тартынбай сізбен еркін бөлісіп, кеңесетін дағды қалыптасады. Қарапайым отбасылық қатынасты реттеп, кез-келген "мәселенің" жауабын табуға әдеттенген баланың өмірге дайындығы ширап, иммунитеті нығаяды.

Терең-қарапайым қатынассыз баланы тәрбиелеу мүмкін емес. Бала бақытының кілті – осында. Әл-Фарабидің "Тек бақытты адамдар ғана ізгі істер атқаруға қабілетті болады" деген сөзінің астары риясыз сенім мен татулықты ұстайтын ортада болса керек.

Отбасында қарым-қатынас барда, онда отбасылық жайлылық та бар. Адамдар бір-бірімен байланысын үзсе, бір-бірін түсіне алмайды және қызықсыз бола бастайды: күйеуі әйелін түсінбейді, ата-аналары балаларын. Ата-аналар «қай кезде қарым-қатынас жасаймыз: жұмыс, үй тапсырмасын тексеру, кір жуу, үтіктеу, тіпті күш жетпейді» дегенді жиі айтып ата-аналар себепті салдармен шатастырып жатады. Көбінесе отбасындағы бір мүшенің екіншісінен көбірек жұмыс атқарғандығынан уақыттың аз болуы мүмкін және де «Шын көңілмен» қарым-қатынас жасап, әңгімелесудің болмағандығынан да уақыт жетпей жатады. Егер де ата-аналар қарым-қатынас жасап үйренсе, серіктесіне бірқалыпты және сенімді түрде өз арман талаптарын жеткізе білсе, «уақытым жетпейді, үйде жолдасым көмектеспейді» дегеннен біржолата арылар еді. Ал, өз балаларына отбасылық бақыттың сипаттарын біртіндеп сіңіре береді. Отбасындағы ынтымақтастық отбасы мүшелерінің әрі қарай бақытты өмір сүруіне көмегін тигізеді.





Қолданылған әдебиеттердің библиографиялық тізімі:


  1. З. Матейчик «Ата-аналар мен балалар» Поляк тілінен аударма. М:Просвещение, 1992ж;

  2. Азаров Ю.П «Отбасылық педагогика. Махаббат пен еркіндік педагогикасы» М,1993ж;

  3. А.Д.Давлетова «Ата-ана отбасының психологиялық кеңістігінде тұлғаның бағытталуы» (қазақ отбасын зерттеу материалдарында) Кан.дисс. М, 2003ж






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1045
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі