жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Отбасындағы қарым-қатынастың бала психологиясына әсері»
«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Психологиялық тренинг
Тақырыбы:
«Отбасындағы қарым-қатынастың бала психологиясына әсері»
(Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг)
Педагог-психолог: Ұ. Имашова
Күні: 23. 02.2018 жыл
Қатысушылар: Ата-аналар.
Уақыты: 15 00
Тақырыбы:
«Отбасындағы қарым-қатынастың бала психологиясына әсері»
Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруде ағартушылық жұмыстар жүргізу.
Міндеттері: Жаттығулар мен ойындар арқылы ата-аналарға балалардың ішкі жан дүниесіне үңілуге мүмкіндік беру, өз перзентін терең тануға тәрбиелеу.
Мен өз тренинг сабағымның ақпараттық бөліміне қазіргі таңда баланың психологиясы өте нәзік болғандықтан ҰБТ-ның алдында кез-келген ата-ана балаларының рухын, көңіл-күйін көтеру мақсатында баламен ұзақ сырласып , балаңыздың ойын яғни сезімін тыңдауды әдетке айналдырған жөн деп есептеймін. Өз балаларыңыздың болашағын керемет етіп жарату үшін әр-бір ата-ана кем дегенде күніне өз баласын 12 рет құшақтау керек.Сіздер балаларыңызды құшақтап , жылы сөздер айту арқылы баланың жан дүниесін байытып қана қоймай, өзіне деген сенімділігін арттыра аласыздар. Сіздерден сұрайтыным балаларыңызға сеніңіздер. Ата-анасына сенім ұялатқан баланың алдағы болашағы жарқын болары сөзсіз.
Баланың көңіл-күйін төмендететін іс-әрекеттерден сақ болыңыздар. Бала психологиясына кері әсерін тигізетін қолайсыз отбасының сипаттамасына назар аударыңыздар.
-
Ауыр психологиялық климат.
-
Ата-ана арасындағы ұрыс керіс.
-
Ата-анасының ішімдікке ұрынуы.
-
Ата-анадан айрылуы.
-
Баланың өз бетімен кетуі.
-
Үлкендер жағынан еш қамқорлыққа ие болмауы.
-
Артынан үнемі қадағалануға алынуы.
-
Қаталдыққа душар болуы.
-
Достарының жоқ болуы.
-
Ата-аналары мен қарым-қатынастың нашарлап кетуі.
Аталған жағдайлардың барлығы баланың дұрыс тәрбие алуына мүмкіндік бермей , оның бойында теріс мінез құлықтың қалыптасуына , күйзеліске әкеп соқтырады.
«Балаға тілек тілеу» тренингі.
Ата-аналардаң барлығы өз балаларына жақсы бір есім қойып сол есіммен өз балаларына тілектер тілейді Ата-аналарға қағазға жазылған түрлі жақсы есімдер ұсынылады. Солардың ішінен ата-аналар балаларына есім таңдап , неліктен сол есімді таңдағанын түсіндіріп , балаларына тілектер тілейді.
Кез –келген баланың балалық шақтағы тілектері болады. Құрметті ата-аналар, сіздерді өз балаларыңыздың тілектерін орындауға шақырамыз. Балаларымыздың қандай тілектері барын біле жүрейік.
-
Кез-келген жағдайда бірден ашуға бой алдырмаса екен.
-
Ата-анам маған күнделікті 1-2 сағат уақыт бөлсе екен.
-
Ата-анамның менімен ұзақ сырласқанын қалаймын.
-
Ата-анам менің жетістіктерімді мақтап көбірек елесе екен.
-
Ата-анамның көңіл күйі жабырқамаса екен.
-
Ата –анам өз реніштерін бізге білдірмесе екен .
-
Ата-анам менің өміріме қызығып , қуанышпен қараса екен.
-
Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екінші рет жаман қылық жасама деп түсіністік білдірсе екен.
-
Сен менің өмірімдегі ең қымбат адамымсың деп айтса екен.
-
Ата-анам жұмысындағы реніштерін үйге алып келмесе екен- деп тілектер тілейді
-
Балаларымыздың тілектерін орындай білейік.
Жағдаяттан шығу: Тренингке үш ата-ана үш оқушы қатысыды. Қатысушыларға кез-келген жағдаяттан шығу үшін тапсырма беріледі. 1 оқушы тест тапсырып жоғары балл жинады. 2 оқушы орта деңгейде балл жинады. 3 оқушы өте төмен балл жинады балаларыңызға қалай көмек бере аласыздар? Осы жағдайаттан кім қалай шығады?
Қорынынды:
Мен өз тренингімді қорытындылай келе сіздерге кез-келген қиындықтан шығу үшін қажет болатын келесі кеңесімді ұсынамын . Қатысушылардың өздерін еркін ұстап, басты жоғары көтеріп, көздерін жұмып, қолдарын, аяқтарына қойғызып, еңселерін биік ұстап отыруларын сұранамыз және жүргізушінің айтқан сөздеріне ден қойып жүректерімен сезінулерін талап етеміз.
Жүргізуші: «Барлығымыз бойымызды еркін ұстап, аяғымызды ыңғайлап қойып, екі қолымызды аяғымыздың үстіне қоямыз да, көзіміз жұмамыз.Жайғасып отырыңыздар. Ішкі әлеміңізді сезінуге, тануға тырысыңыздар. бірнеше ұзақ тыныс алып, жайлап шығарыңыз. Сіз далаға апаратын есікті ашасыз да, көк шалғынға тап боласыз. Жан – жағыңызға қарап, түрлі – түсті түстер мен сәулелердің жарқырағанын, көк аспанды , балғын шөпті, сәулелі күнді байқайсыз. Сіз самал желдің бетіңізге үрлегенін сезінесіз, шөп пен гүлдің иісін сезінесіз. Сізді қызықтыратын саяхатқа шығып бара жатырсыз. Сіздің барғыңыз келген жерге жету үшін көлік қажет. Көз алдымызға вокзал бекетінде тұрмын деп елестетіңіздер. Содан көздің ұшына поезд келе жатыр сіздер соған қарап тұрсыздар. Поезд келіп алдарыңызға тоқтады. Сіздер сол поездың 5- ші вагонның 5- ші купесіне кірдіңіздер.
Кіріп отырып біраз ойландыңыз. Содан сол жерде үстелде тұрған ақ қағазға поезда көптен мазалап жүрген әр түрлі жағымсыз ойларыңызды бірнешеуін сол қағазға жаздыңыз. Содан сол қағазды алып төртке бүктеп сол жерде тұрған жастықтың астына қойдыңыз да, купеден шығып , поездан түстіңіз. Поезд жаймен жүре бастады. Сіз сол жерде қала бердіңіз. Поезд көздің ұшында кетіп барады. Сіздің бойыңыздағы мазалап жүрген ойларыңыз сол поездбен кетіп жатыр. Сіз енді тек қана алдыңызға қойған мақсаттарыңыз бен армандарыңыз ешқандай кедергісіз жүзеге асады. Асықпай көзіңізді ашып, бірнеше терең дем алып, дем шығарыңыз. Осы сезімді сезіне білгенше отыруыңызға болады. Толық сезінсеңіз көзіңізді ашып, жайғасып отыруға болады. Егер түсінбей жауап таппай отырсаңыз қайғы емес, ол сұрақ міндетті түрде шешімін табады. Қазір ішкі әлеміңіз өзіңізге мүмкіндік алады. Дәл осы сәтте тағы да рахмет айтыңыз бүгінгі ашық аспан, тыныштық үшін! Өмірге сүйіспеншілік, өмір сүруге РАХМЕТ!»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген