Отбасы
құндылықтарын
насихаттау және қалыптастыру
Отбасы
– адамның өмірге келуге маңызды себепші
орталардың бірі. Қазақта отбасы қасиетті
болып саналады. Отбасында әкесі, анасы,
сондай-ақ сол отбасына, шағын мемлекетке
тиесілі белгілі бір ережелері мен
құндылықтары болады. Жай сараптап
қарағанда, отбасында әке – бастамашы,
ана – қостаушы, дамытушы, қалыптастырушы,
ал балалар – қалыптасуға, жетілдіруге
тиіс әке мен шешенің баға жетпес байлығы.
Қазақта балаларға орынбасар, ұрпақ
жалғастырар, өріс кеңейтер деп ерекше
қараған және бар бойындағы қасиетін
оларға сарқып берген. Қазақтың ауыз
әдебиетінен байқауға болады, мақалдар,
жұмбақ, жаңылтпаштар, тыйымдар мен
ырымдар тек балаларға ғана арналған.
Сонда қазіргі заманда неге ол құбылыстар
жиі байқалмайды, отбасы құндылығы
неліктен арзандап кетті? Балаларды
заманауи бірақ отбасының құндылығын
сақтау және отбасының маңызды, әке, ана,
бауыр деген сөздердің тек жай сенің
туысың ғана емес екендігін көкейіне
сіңіріп тәрбиелеуге бола ма? Қоғамдағы
жүріс-тұрыс, әдеттер тек отбасындағы
жайлылыққа байланысты қалыптасатынын
жас ұрпаққа қалай түсіндіреміз?
Отбасының
басты қызметі – баланы тәрбиелеу, яғни
оның тұлғалық болмысын қанағаттандыру.
Отбасындағы тәрбие баланың тұлға болып
қалыптасуы үшін ең керек жіне өмірлік
маңызды тәрбие болып есептеледі. Ата-ана
бала дүниеге келген күннен бастап
тамағын береді, киіндіреді, жуындырады,
оқытады, өзі білетін нәрселерді үйретеді,
бір сөзбен айтқанда қамқор болады. Қазақ
отбасы баланы қоғамның моральдық
нормасынт орындауға қатыстыру, Отанға,
халқына, еңбек пен қоғамдық істерге
жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы
адами қасиеттерге тәрбиелейді.
Отбасында
баланың дене және ой еңбегі қалыптасады,
жақсы, жаманның парқын айырып үйренеді,
тіпті салауатты өмір салтын ұстанып,
тіл үйренуге, адалдық пен арамдықтың
ара жігін ажыратуға төселеді, күн
тәртібін реттеуге, мақсат қоюға
машықтанады, мәдени және адамгершілік
құндылықтарды бойына жинайды. Дұрысында
осыны қалыптастыруда әке мен ананың
рөлі маңызды. Бүгінгі таңда әкелеріміз
бен аналарымыздың кейбірі мұндай
маңыздылықтың үдесінен шыға алмай
жүргендері көңілге кірбің ұялатады.
Ондай ата-аналардың бары да қоғамнан
кеткен қателіктің салдары. Балаға
қамқорлық – ақшадан таршылық көрсетпеу
деген де қыңыр пікір бар , бұл бірден
пайда болмайды, қалыптасады. Баланы
қатарынан қалдырмай киіндірсем, барлығы
қыдыратын жерге қыдыртсам, қолындағы
осы заманға сай гаждеттермен қамтамасыз
етсем деп бір сатыдан, екінші сатыға
көтерілсем деп жүргенде баласының
ержетіп, бойжетіп, балаға қажетті
жылулық, мейірбандық, адами қасиетке
тәрбиелеуге кешігіп қалғанын байқамай
қалады. Кейбір ата-аналар шынымен уақыт
таба алмайды, ал кейбіреулері балаға
шынымен маңызды деп емес, міндетім деп
қарайды. Салт-дәстүр, отбасылық құндылық,
оған қатысты ережелерге бағыну, ең
бастысы оларды насихаттау осындай
атмосферасы бар отбасынан шыға қоюы
екіталай. Сондықтан Антон Макаренконың
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана
өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшінғана
дүниеге әкеліп жатқан жоқсыз. Сіздің
отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда
болашақ азамат, болашақ қайраткер және
болашақ күрескер өсіп келеді» деген
құнді пікірін естен шығармаған абзал.
Адам
– қоғамның бір бөлшегі, қоғамның айнасы.
Қоғам қандай болса адам да сондай болады.
Қоғамды қалыптастыру, қоғамға пайдасы
бар адамды тәрбиелеу үшін отбасы
құндылықтарын бала бойына сіңіру және
сақтау маңызды болып қала береді. Осы
орайда:
Отбасында
әке, ана, бала көп отбасыларда ата мен
әже бар, туыстар болып мерекелік күн
белгілесе;
Күніне
екі мезгіл отбасылық тамақ ішуді әдетке
айналдырса;
Айына
бір рет мұражай, театр, ауылдық жерлерде
далаға отбасылық демалыс ұйымдастырып
тұрса;\
Үнемі
қоқыс тастау, жақсы сөз айту олардың
жақса әдеттеріне айналдыруға жетелесе,
қазақ отбасында қазіргідей қатігез,
қайырымсыз қоғам емес, өмір сүруге
ынтықтыратын, рухани жан дүниесі бай
адамдардың қатары тоатын еді.
Барлық
жақсылықтың, иігіліктің басында отбасы
тұрады. Қазақ жақсы іс бастағанды, жақсы
сөз айтқанды «Өй, оның тегі жақсы ғой!»,
«Оның әкесі жақсы адам еді!» деп тамсанып,
сүйсініп айтып отырады. Осы ретте Абайдың
«Сүйер ұлың болса, сен де сүй, сүйінерге
жарар ол» деген сөзі мәні зор өміршеңдігін
дәлелдей түскендей.