Материалдар / Отбасындағы сүйіспеншілік

Отбасындағы сүйіспеншілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы сүйіспеншілік тақырыбындағы семинар-тренинг ата аналарға өткізілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2018
813
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі

























«Өзін-өзі тану: Махааббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікте өткізілген

Тақырыбы: «Отбасындағы сүйіспеншілік»Сыныбы:5 «а»Өткізген: Н.Абуова - өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

































2017-2018 оқу жылы

Семинар-тренинг тақырыбы: Отбасындағы сүйіспеншілік Мақсаты:Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауапКөрнекілігі: Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған слайд , маркер, әдістемелік бланк, үлестірме қағаздарТренинг ережесі:1. Сөзді бөлмеу2. Бір-біріне кедергі жасамау3. Бірігіп жұмыс жасау4. КүлімсіреуI. Ұйымдастыру кезеңі:- Тренингке қатысушыларды шеңбер жасап отырғызу.Тыныштық сәті. Әуен тыңдату.1. Психологиялық ойын.«Мен сенімен сұхбаттасқаныма қуаныштымын» атты жаттығу.Барлығы бір - бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады. Ойынды бірінші отырған адам бастайды. Кейінгілер осы бірінші ойыншының есімін шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре атау. Әркім өзін таныстырып, өзі жайлы бір - екі ауыз сөз айтып, онан соң оң жақтағы көршісі де солай жалғастырады. Қатысушылар түгел танысып болған соң, топтағы көңілі қалаған екі - үшеуіне ата - аналардың есімін ретімен атап шығу - Өз есімдеріңізді түрлендіре естігенде қандай сезімде болдыңыз?Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді. Сондықтан бұдан былай үнемі бір-бірімізге қарап сөйлегенде есімімізді еркелете, жағымды атаудан бастайықТоптастыру.Ата - аналарды үш топқа бөлу. Әркім өзі қалаған жеміске барып отырады.2. «Миға шабуыл»1 топ.1) «Сіздер дәрігерсіздер» Қолыңызда жүрек біреу. Ол жүрекке мұқтаж 4 науқас жатыр.1. Нәресте 6 айлық2. Үйі жоқ бомж3. 60 жастағы көп балалы ана4. Дарынды бала. Қайсысына өмір сыйлар едіңіз?2 топ. Ұлыңыз немесе қызыңыз мектептен қатты қуанып келді. Пән бойынша сайыстан жүлдеге иеленген екен. Сіздердің келесі әрекеттеріңіз қалай болмақ? 3 топ. Балаға өз жеке басыңыз арқылы қалай үлгі - өнеге көрсетесіз?3. Оқушыларға арналған тапсырма “Сөйлемді аяқта” әдістемесі.— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….— Отбасы бұл…— Отбасым бақытты болу үшін…— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…— Мен қалар едім отбасымның…4. «Ән айтайық» жаттығуыБалаларыңыз жақсы көретін әнді айтасыздар.5. Шығармашылық жұмыс Бала жаны гүлдену үшін не істеу керек?Топқа тапсырма: І топ. «Менің баламның жүрегі» Бұл жүрекке не керек? ІІ топ. Өмірде сіздер үшін не маңызды?ІІІ топ. Бала келешекте белгілі бір мамандық иесі болу үшін?Плакатқа тапсырманы орындап, әр топ қорғайды.Балалар іс-қимыл көрсетеді,ата-аналар табу керек.1.Маған ілгегімді тігіп дерші.2.Мен сабақ оқуым керек,сондықтан үй жинамаймын.3.Менің көйлегімүтіктелмеген,соны үтіктеп берші.6. «Қолынан танып біл!»Көздері байлаулы аналар балаларын тауып алулары керек.Талдау:1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?7. Суретті бір-бірімен ақылдаспай салады. Бірінші оқушы суретті бастайды, екінші оқушы жалғастырады және одан әрі үшінші оқушы салады, осылайша топтағы адамдар бәрі  суретті салып шығады. Талдау:1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?3.Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз?4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?

8. «Түйінді сөзді мен айтамын» стратегиясы«Бала көңілін қалай табуға болады?» деген сұрақты әр ата - ана топтарында талқылап, бір байламға келіп, ой түйінін ортаға жеткізіп, айтып береді.Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол маңызды,өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол - оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН бастау керек.Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана құдайдан перзент тілеген. Перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған. Содан кейін «Баламның табанына кірген шеңге менің маңдайыма кірсін»,- деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төнгенде «Өзімді алып, баламды аман қалдыр»,- деп құдайға жалбарынған. Перзентсіз ананың ой-қиялы сұрқай, күзгі бақтай көңілсіз, сұрғылт түздей жабырқау.Өз кезінде Шал ақын былай деген екен:Босағасын алтыннан соқсаң дағыПерзент сүймей, адамның мейірі қанбасӘсіресе, Ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана баланы тоғыз ай бойы көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уілдететін, жылауын қойғызатын халықтың халықтығының басты нышаны - туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да - Ана. Ана жүрегін, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты сезе біл!9. «Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір - біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс - қимылмен тілек білдіресіз.Талдау: - сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз?- сізге тілекті шынайы айтты ма?- сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз?10. Ата - аналарға кеңес.1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен қарым - қатынасы әсер етеді.3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту жасаса жеткілікті.5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.Жүректен жүрекке (Ата - аналар шеңберге тұрып, бір шоқ гүлді кезек - кезек бір - біріне беру арқылы жылы - жылы тілектерін айтады)11. Қорытынды. Бүгінгі тренингке қатысқан ата - аналарға алғысымызды білдіреміз.Нәтиже: Ата - аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өз - өзін сыйлауға, баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат аладыАта - анаға көз қуаныш,Алдына алған еркесі,Көңіліне көп жұбаныш.Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Ананың кезі бар ма кекті болған, Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан. Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек: «Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ... Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді жеткізіп бір-бірлеріңізге беріңіздерСол бағдарламаның артында жүрекше, күн, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар. - Осы белгілер бойынша оқушыға,ата-анаға,мұғалімге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға боладыМен былай дегім келеді.Әлемнің бір адамы ретіндеАқ жүрегіммен сөз беремінӨзіме, жанымдағыларғаКүннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.Қараңғыны нұрландырамын,Суықтыжылытамын.Дәл қазірмағанқиынболғанменжасымаймын,ӘркүніөзімніңжандүниемдіТазартуғатырысамын.Менің жүрегім қуанышқа, махаббатқа,Мейірімгебөленеді.Келер күннің шұғылалы боларына сенемін,«Мен қатігездікке қарсымын» дегім келеді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ