|
САБАҚ: Қазақ
тілі
Тақырыбы:4.9. Отбасындағы
сүйіспеншілік. Есімшенің сөйлемдегі
қызметі
|
№ 153 Ш. Есенов атындағы
мектеп-лицейі
|
|
Күні:24.11.2017
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Жүсіпбекова Айнагүл
|
|
Сынып: 7
«А»
|
Қатысқандар
саны:
|
Қатыспағандар
саны:
|
|
Оқу
мақсаты:
|
7.2.7.1-ғаламтор,
энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді
қолдану, авторына сілтеме жасау.
7.3.4.1-эссе құрылымы мен даму
желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы
шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті
эссе)
7.4.4.1-етістіктің есімше,
көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында
қолдану
|
|
Сабақтың
мақсаттары:
|
Барлық
оқушылар:мәтіндегі ойды жалғастырып
эссе жазады, есімшенің сөйлемедегі қызметін
меңгереді
Оқушылардың басым
бөлігі: мәтін бойынша тілдік талдау
тапсырмаларын орындап, есімшенің сөйлемдегі қызметі бойынша алған
білімдерін бекітеді
Кейбір
оқушылар: мәтінге тақырып қою арқылы
негізгі ойды анықтайды, есімшенің сөйлемдегі қызметін мәтін арқылы
көрсетеді
|
|
Күтілетін
нәтиже:
|
Оқушылар: Есімшенің сөйлемдегі қызметін
меңгеріп, мысалдар арқылы білімдерін
бекітеді
|
|
Тілдік
мақсаты:
|
Негізгі сөздер мен
тіркестер: отбасындағы сүйіспеншілік, әке
мен бала, есімшенің сөйлемдегі қызметі
Талқылауға арналған
сұрақтар: 1.Отбасындағы сүйіспеншілік
дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Мәтінді оқып шығып тақырып қойыңдар.
3. Ереже бойынша мысал келтіріңдер. 4. Есімшенің сөйлемдегі
қызметін табыңдар. 5. Бүгінгі тақырыпқа байланысты қосымша қандай
ақпарат білесіңдер?
Жазылым бойынша
ұсыныстар: мәтінмен өз бетінше жұмыс
істеу дағдысын дамытады; мәліметтерді саралайды; тақырып бойынша
пікірін жеткізеді; талдау тапсырмаларын орындайды; топпен бірлікте
жұмыс жасауға бейімделеді
|
|
Алдыңғы
тақырып:
|
Менің кішкентай досым және
есімшенің түрленуі туралы түсініктерін тексеріп, орындалған
тапсырмаларды саралау
|
|
|
|
ЖОСПАР
|
|
Жоспарланған
уақыт
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
Басталуы
|
Үйге берілген тапсырманы
сұрау. Оқушыларға өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қою.
Оқушыларды топтастырылды, жаңа сабақ
түсіндірілді.
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
мысалдар арқылы меңгертілді. 1.Есімше жіктеліп келіп, сөйлемнің
баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: екеуіде жарытып, тіс жарып
сөйлемейтін ( М. Ә.) 2. Есімше зат есіммен тіркесіп келіп, немесе
ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы:Айтқанның
аузы жаман, көргеннің көзі жаман (мәтел) 3. Есімше атау септікте
тұрыа, бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Баланың қытығына тиетіні
осы жері (М.Ә) 4. Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің
бірінде тұрып, толықтауыштың қызметін атқарады Мысалы: Ұялғанды,
жауап айтпағанды, кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. (М.Ә)
5.Есімше барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып,
немесе шылау сөздермен тіркесіп пысықтауыш қызметін
атқарады.Мысалы: Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді.
(М.Ә) Ережені түсіндіріп, сұрақтар қою
|
Үйге берілген тапсырманы еске
түсіреді. Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. «Ыстық
орындық» әдісі арқылы бекітіледі
Оқушылар топтасып,
тапсырмалардын орындайды. 1А-І топ Мәтіндегі рақымы түсу, күнәсін
кешу, аман қалу, жазықты болу, шамасы келмеу тіркестерінің
мағынасын түсіндіреді 1Ә-ІІ топ. Мәтіндегі етістіктерді тауып,
оларды сөз құрамына қарай талдайды.
1Б-ІІІ топ.Мәтіндегі ойды
жалғастырып, «Әке мен бала» тақырыбына эссе
жазады
|
Смайликтер арқылы
бағалау
|
Слайд, сұрақтар салынған
ұяшықтар
|
|
Ортасы
|
2-тапсырма Жазбаша.
Есімшелерді тауып, сөйлемдегі қызметін анықтап, олардың түрлену
ерекшелігін түсіндіру
3-тапсырма. Топтық
жұмыс
Сергіту. «Әке туралы жыр»
әнінің мәтінін тыңдау, ой өрбіту.
Қалыптастырушы бағалауға
арналған тапсырмалар беріледі.
|
2-тапсырма Жазбаша орындайды,
есімшелердің сөйлемдегі қызметін анықтайды, олардың түрлену
ерекшелігін түсіндіреді
3-тапсырма
І-топ. Мәтінді оқып шығып,
тақырып қояды.
ІІ-топ. Мәтіннен есімшелерді
тауып жазып, сөйлемдегі қызметін
анықтайды.
ІІІ-топ. Мәтіндегі қарамен
берілген сұраққа жауап беріп, тілектерін
жазады.
Оқушылар қалыптастырушы
бағалауға арналған тапсырмаларды
орындайды.
|
Бас бармақ арқылы
бағалау
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
арқылы бағалау
|
Слайд, тақта, маркер,
стикерлер, кітап, бор,
|
|
Аяқталуы
|
Кері байланыс: «Бір минут
әдісі»
Үй тапсырмасы: 4-тапсырма
мысалдар келтіру
|
|
|
|
|
РЕСФЛЕКСИЯ
|
|
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы
ма?
|
Бүгін оқушылар сабақта не
үйренді?
|
Сыныпта ахуал қандай
болды?
|
Саралау шаралары тиімді болды
ма?
|
Жоспарыма қандай түзетулер
енгіздім
және
неліктен?
|
|
Менің ойымша, сабақтың мақсаты
мен оқу міндеттері орындалды, оқу мақсатына сай берілген
тапсырмалар орындалды.
|
Есімшенің сөйлемдегі қызметін
меңгерді, тілдесім барысында қолдануға
дағдыланды.
|
Сабақ барысында оқушылар
белсенділік танытты.
|
Сыныпта ынтымақтастық
қарым-қатынас орнадады, жеке және топпен жұмыс істеу қабілеттері
шыңдалды
|
1.Қалыптастырушы бағалауға
арналған тапсырмалармен жұмысты жетілдіру.
2.Тақырыпқа байланысты
берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз
көзқарастарын жаза білуге дағдыландыру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|