400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Отбасындағы сыйластық көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл сабақ жоспары балабақша тәрбиешілеріне арналғвн. Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Отбасындағы сыйластық».

Мақсаты:

а) Отбасы мұшелерін дұрыс атауға,сәлемдесіп,қоштасуға,үлкенді сыйлап,құрметтеуге үйрету;

ә) Отбасында үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлық жасауға баулу ;

б) Инабаттылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекті құралдар: отбасы туралы суреттер, хрестоматия, жұмыс дәптері.

Оқу іс - әрекеттерінің кезеңдері

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Педагогпен бірге Ермек Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін қайталайды.

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар,

Отбасым мыналар,

Ең жақын адамдар:

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар.

Бәрін жақсы көемін,

Еркелеймін,еремін.

- Балалар өлеңже не туралы айтылған?



Шеңбер бойымен тұрып қайталайды.








Отбасы туралы


Ұйымдастырушылық - ізденістік

Кіріспе әңгіме(суретпен жұмыс):

- Бүгін біз оқу іс-әрекетінде отбасы және сыйластық туралы әңгімелейміз.

- Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

- Кім суретке қарап,өз отбасы туралы айтып береді?

Өлең оқу: Отбасы

Анаң - үнің, жүрегің,

Әкең - өмір тірегің,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әжең - асыл ардағаң,

Атаң - дана қорғаның,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

(М.Қуанышбеков)

Аға ақылы

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

(Сырбай Мәуленов)

Сергіту сәті

Бас барамағым - атам, үйдің данасы,

Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы,

Ортан терек - әкем, отау панасы,

Шылыдыр шүмек - шешем, шаңырақ ажажры,

Титтей бөбек - мен,бәрінің базары.

(Ермек Өтетілеуұлы)

Ж.Мұхамеджановтың «Сыйлаймын» өлеңін жаттау

Сыйлаймын

Ата менен ананың

Айтқан тілін аламын.

Үлкен кісі жұмсаса,

Қайда болсын барамын.

Төсекті өзім жинайымын,

Ешкімді де ұрмаймын.

Ешкім маған тимейді,

Мен де бәрін сыйлаймын.

Дәптермен жұмыс:

1. Отбасы мүшелерін ата.

2. Дастарқанға қандай тағамдар қойылған?

3. Өзіңнің отбасы мүшелерін ата.

4. Дастарқан басында кімдер отыр?

5. Дастарқанды әшекейлеп толықтыр.

Ата,әже,әке,шеше,

аға,қарындас,іні.

Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.
























Іс-қимыл әрекетін жасайды.













Өлеңді жаттайды.




Тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Қорытындылау.

- Жаттаған өлеңіміз не жайында?

- Бүгін бі оқу іс-әрекетінде сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік.Оларды жақсы көруге,сыйлауға,құрметтеуге,

көмектесуге үйрендік.Отбасындағы сыйластық үлкен сүйіспеншіліктен туындайды.



Отбасы жайлы

Күтілетін нәтиже:

Қолданады: отбасы мүшелерін атай білуі тиіс.

Түсінеді: үлкенге - құрмет, кішіге - қамқор болу керектігін.

Қайталайды: өлеңді жаттап, мазмұнын түсінеді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
777
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі