400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасындағы тәрбие берудегі рухани құндылықтарды жүзеге асыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі рухани құндылықтар туралы ата-аналарға арналған баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама: Отбасындағы тәрбие берудегі рухани құндылықтарды жүзеге асыру.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп: «шыншыл, әділетті, иманды болу - сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз», – дейміз. Өйткені жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, олардың зираттарын, елдегі даңқты адамдарының ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын ерінбей-жалықпай баласының санасына сіңіре білген. Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі – білім, екіншісі – сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатын қабілеттерін жетілдіруді көздейді. Тәрбиенің басты мақсаты - әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» Әл - Фараби
Қазіргі білім үдерісін рухани адамгершілік және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы мейлінше ізгілендіруіміз қажет болуда. Білім тек қана адамның қажетін өтеу үшін емес, өмір сүру үшін қажет. Ол үшін білім берудің екі аспектісін үйлесімді дамыту жолдарын анықтауымызға тура келеді.
Білім берудің екі аспектісі бар
Интеллектуалды білім (сыртқы білім ақыл үшін.)
Рухани – адамгершілік (ішкі білім, жүрек үшін)
Сыртқы ықпалдас у ( өзін - өзі тану пәнінің әдістерін қолдану)
Ішкі ықпалдасу ( дүниетанымды, мәнді, мағыналы)
Әрбір пәннің мазмұнына рухани – адамгершілік тәрбиенің мазмұнын енгізуі берілген білімді ізгілендіруге мұғалімнің қосатын үлесі мол. Өзін - өзі тану мен рухани – адамгершілік білім беруді ықпалдастыру ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның рухани байлығын кеңейту болып табылады. М :Дүниетану пәнініен «Өсімдік мүшелері» тақырыбында Гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі болады. Оларды баптап күту керек. Су құйып, топырағын қопсытып, жапырағына қонған шаңды сүртіп отырса гүлдеп жайқалып өседі. Сол сияқты балаға жас кезінде риясыз сүйіспеншілікпен дұрыс тәрбие берсе еліне қызмет ететін , бойында адамгершілік қасиеті мол нағыз азамат болып өседі дегім келеді.
Қорытынды:
Қазіргі уақытта қоршаған ортаның ластанғаны, жоғалып – құру жағдайында екендігі жиі айтылады. Адамдардың көпшілігі түрлі ауруға ұшырауда, бұл тек ауа, су, тамақтың ластануынан ғана болып жатқан жоқ. Егер адам баласының рухани әлемі мұншама ластанбаған болса, адамдар барлық сыртқы уларды жоя алатын еді. Бірақ ауру ішкі ластанудан, яғни ойдың, сөздің, істің ластануынан басталады. Осы ішкі ластану сырттай көрініс табады. Нағыз сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң пайда болады. Демек, сыртқы әлем рухани әлемнің нақты және материалдық бейнесі. Сондықтан ауырмай, таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек, яғни ойы, сезімі, тілегі, мұтаза болғанда ғана, сыртқы әлеммен үйлесімділік болады.



Өзін -өзі тану пәні мұғалімі: Мүтән Бұлбұл

2017 ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.12.2017
479
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі