400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасындағы тәрбие түрлері және оның баланың дамуына тигізетін әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы тәрбие түрлері және оның баланың дамуына тигізетін әсері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рысбеков Қанабек Алдабергенұлы

Директордың тәрбие ісі жөнінденгі орынбасары


Отбасындағы тәрбие түрлері және оның баланың дамуына тигізетін әсері


Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды, соңғы уақытта еліміздегі нарықтық экономиканың қарқынына ілесу қиыншылығынан, жұмыссыздық көбейіп көптеген отағалар жұмыссыз қалды, аналар базар аралап, әкелердің беделі төмендеп көптеген отбасыларында бала тәрбиесі әлсіреп, тіпті еріксіз қолдан шығып, орны толмас олқылықтарға әкеліп соғуда. Соның салдарынан ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, тәрбие сапасының құлдырап кетуіне әкеліп соқты.

Қазіргі отбасында балаға ерекше назар бөліне бастады, бірақ кейбір отбасылар шектен шығып жатады. Беріліп жатқан тәрбиенің дұрыс, бұрысын білмей адасып жатады. Соның салдарынан мінез - құлықтары ашушаң, тілазар, өз дегендерімен жүретін т. т түсініксіз мінезді балалар осындай тәрбиенің жемісі болып отыр. Сондықтан, бүгінгі таңдағы өзекті мәселе баламен бірге ата - ананы сапалы бірге тәрбиелеу.

Сапалы отбасылық тәрбие ата-ана мен ұстаздардың, мектеп психологтарының, басқа да оқушылармен жұмыс жүргізетін мамандардың бірлесіп кіріскен күштерсіз мүмкін болмайды.Біріншіден, балаға отбасы мен мектептің қоятын талаптары, ұстанымдары, тәртіптік нормаларды білдіре отыра, бір - біріне қарама - қайшылықта болмауға тиісті. Ата - анаға мектеп тәрбиесі туралы оң пікір қалыптастыру, ата - анамен тығыз байланыста болу.Екіншіден, тіпті жақсы көретін және бала тәрбиесіне басты назар аударушы ата - аналар өз білімін көтеруге мұқтаж болады, оған білім беруші мекемелердің қызметкерлері ұтымды түрде көмек бере алады. Олар мына сіздер, барлығымыз, қай жерде жүрсек те мектеп тәрбиесі туралы оң пікірде болуымыз тиіс. Ата-ананы тәрбиелеу – ол ата-аналардың өз қызметтерін орындауға көмек көрсету

Мақсаты - өзіндік ата - аналық сезімдері мен мақсаттарын сезіне білуіне және өзінің сүйікті баласының үйлесімді тұлға болып қалыптасуы үшін қайсы бірін бақылап, түзету мен енгізуге қабілетті болуына көмектесу.
Отбасындағы ата - ана мінез - құлқы стилдері және оның балаға тигізетін әсері
Отбасылық тәрбиенің индифференттік түрі - Немқұрайлы тип - мұндай ата - аналар балалары үшін ешқандай шектеулер қоймайды, өзінің жеке басты мәселелерімен айналысып жүреді және қарым - қатынасқа жабық болады. Оларды баланың ішкі жан дүниесі қатты толғандырмайды, олардың ойынша егер баланың тамағы тоқ, киімі бар болса, мектепке барып отырса ата - ана парызы орындалады деп ойлайды. Олар баланы жазалай отырып, сол жерде - ақ ынталандырады, тек қана бала ата - анасына кедергі болмаса болды. Басты тәрбиелік әдіс - қамшы мен аялы алақан.
Салдары: мұндай балаларда құпия көп болады, үнемі сақ болып жүреді, өз ойы болмайды, адамға шын көңілмен жаны ашып, аяушылық білдірмейді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.01.2023
437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі