«Отбасындығы сыйластық» тәрбие сағаты қмж

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Отбасындығы сыйластық» тәрбие сағаты қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
«Отбасындығы сыйластық» тәрбие сағаты қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар


Тәрбие сағаты 2

«Отбасындығы сыйластық»

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру. Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.

Қауіпсіздік сабағы 10 мин



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

(7 мин)


Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.

Бүгін біз «Отбасындығы сыйластық»» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша 

орындарына отырады







презентация

Сабақ басы

(13 мин)





























1. Балдан тәтті не? (бала)

2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)

4. Әкеден балаға беріледі (мұра)

5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз қадірлі.)

6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)

7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)

9.. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)


Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Балалықтағы іздену, есейгенде нақтылы іске әкеледі. Бірінші көрнектілік - отбасы, ошақ қасы. Cезімтал болғың келсе, балалық дәуіріңе қайта орал.
Өз ошағында болмаған бақыт 
көршінің ошағынан келмейді, сондықтан қажымай талмай еңбектеніп, бақытты іздеу керек. Өзің іздеп таппасаң, ол қаша береді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді



























презентация 











Ортасы

(20 мин)


 Ата - ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ата - ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ата - ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ата - ана деген алтын қазық, алтын бақ


 Оқушыларға мынадай сұрақтар жазылған парақтар таратылады:
а) – ой, мама, қойызшы осы, сіз оны түсінбейсіз(осы сөздерді есту ата – анаға ауыр емес пе?)
ә) отбасы бақыты кімнің қолында(ананың, әкенің, балалардың)
б) мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс істемегенің үшін сен кінәлісің бе?

Оқушылар суреттер салады




Оқушылар сұрақтарға жауап береді


презентация





Сұрақтар жазылған парақтар

Соңы(5 мин)


- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.

Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.

Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.



презентация




























№ 1 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға төтенше жағдайлар қызметі не үшін арналғанын және олардың жұмыс істеу тәртібімен таныстыру.


Сабақтың міндеті:

  1. Оқушыларды жедел қызмет түрлерімен таныстыру, балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін, жол жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығын және өз денсаулығын сақтау жайлы түсіндіру.

  2. Зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамытуға ықпал ету.

  3. Оқушыларды өмірлік қиын жағдайда үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттілігіне тәрбиелеу; төтенше жағдайларда баланың мінез-құлқының қауіпсіз үлгісін қалыптастыру.


Материалдар: осы тақырып бойынша иллюстрациялар, жедел телефондар туралы еске салғыштары бар үлестірмелі материалдар, рольдік ойындарға арналған телефон аппараттарының түрлерінің макеттері.


Сабақ барысы

  1. Кіріспе (2 минут) Сәлемдесу:

Педагог оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Төтенше жағдайлар қызметінің маңыздылығын талқылаңыз.


2. Негізгі бөлім (6 минут) Ұғымдарды түсіндіру:

Жедел қызмет шақырған кезде диспетчерге не айту керек? Мекенжайды, нысанды, жағдайды көрсету, қажет болған жағдайда фамилияңызды және телефон нөміріңізді көрсету қажет.

Төтенше жағдайлар қызметінің негізгі түрлерінің иллюстрацияларын көрсетіңіз.

Төтенше жағдай туралы хабарлау неліктен маңызды?

Оқушыларға жалған қоңырау ойыншық емес екенін, оның салдары өте ауыр болатынын түсіндіру.

Сақтық шараларының қарапайым мысалдарын келтіріңіз.

Қазақстанда кез келген ұялы байланыс операторының пайдалы жедел қызмет нөмірлері мен қала нөмірлері тегін беріледі:


«Есте сақта!»

Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104,112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

  • «111» нөмірі – 24/7 байланыста

  • «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

111

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.


3. Қорытынды (2 минут). Ережелерді қайталау

Жедел телефон нөмірлері мен олардың мағыналарын қарастырыңыз.

Жедел жәрдем нөмірлері бар парақшаны таратыңыз. Пайдалы сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=

PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=5











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.12.2024
160
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі