400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата -аналарға және мектеп ұстаздарына .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі

Отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың денесінің жетілуіне, шынығуына,рухани және адами

бағалауға,еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы.

Балаға тәрбие беру ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.

Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі –өнегесі, үйдегі атмосфералық ахуал,отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті,мінез-құлқы,жақсы,жаманды бағалау кезеңдері қалыптасады. Отбасы – баланың өмір сүру ортасы, қамқорлықтың тұрақты көзі. Отбасында бәрі жақсы болған жағдайда балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие тығыз байланыста болса,тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланары сөзсіз. Ата-ананың күнделікті өмірдегі еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы балаға үлгі. Бала әкеден – ақыл,анадан – мейір алады.

Бала тәрбиесі өз заманына қарай өзгеріп отырады. Соның нәтижесінде әр заманның жеке бір тұлғасы өз несібесімен қалыптасады. Осы тұрғыда жаңа жастардың отбасылық өмірдің қыры мен сырына мектеп жасынан бастап хабардар болуы үшін 10 сынып оқушыларына «Отбасы психологиясы» қолданбалы курс енгізілген. Курс аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат. Сонымен қатар мектебімізде «Отбасы құндылығы» тақырыбында отбасылық клубы құрылды. Клуб мақсаты: елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу. Отбасылық құндылықтарды құрметтеу, іргесі берік жарасымды отбасы қалыптастыруды насихаттау. Жалпы отбасылық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отырып, отбасы-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру.Ұлттық салтты, дәстүрді түсініп,құрметтеуге баулу,алдағы өмірге даярлау.

Отбасы –қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. «Бала үйде не көреді,соны үйренеді». Ата-ана соған үлгі. сондықтан да жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына ата-ана мен мұғалімнің рөлі зор. Отбасы мүшелерінің жылы сөздерімен, ұстаздардың қамқорлығымен, қоршаған ортаның аялауымен бірге болашақ ұрпақты тәрбиелейік.

Қостанай облысы

Амангелді ауданы

Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі

Мектеп психологы: А.Ж.Есенаманова










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі