400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасының жылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне пайдалануға қажет деп есептеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:


Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Мектеп:№49 ЖОББМ Мерзімі қаңтар № 18сабақ

Мұғалімі: Еселбаева А.А Сынып: - 6ә, -6б

Тақырып: Отбасының жылуы

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: әдепті болу, ұқыптылық, басқалар туралы жамандық ойламау, үнемшілдік, зиянды әдеттерден аулақ болу

Сабақ мақсаты Оқушыларға жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу Міндеттері:

Оқушыларға жақсылық жасаудың мәнін ұғындыра отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік қасиеттері туралы түсінік беру;

Оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып, жауапкершілікке үйрету;

Оқушыларды қайырымды , қамқор болуға тәрбиелеу;


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталап, тыныштық сәтіне ынғайланып отырады.

Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену

Ресурстар: оқулық, дәптер,

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Ата-анам ізгі адамдар.

Сұрақтар

-Ата-ананың бойындағы қандай ізгі қасиеттер ерекше сүйсіндірді?

-Ата-ананың рөлі туралы әңгімелеп беріңдер?

- Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам болу үшін қандай қасиеттерді өз бойларыңда дамытқыларың келеді?

Оқулық

3.Дәйексөз

Үйінде бақытты адам- әлемде бақытты адам.

Л.Н.Толстой

Оқулық

4. Әңгімелесу (мұғалім сыйы )

Менің анам

Болатбек Мұхтар

-Ананың балалрына деген сүйіспеншілігінің мәні неде деп ойлайсыңдар?

-Адамның бойында қандай қасиеттер оны кемел адам биігіне жетелейді?

- Қасым Аманжоловтың «Отбасы- бір мемлекет» деген өлең жолын қалай түсінесіңдер?

оқулық

5.Шығармашылық жұмыс.

Балаларды екі топқа, екі шеңберге бөлемін«Мақал-мәтел жалғасын табу»Қазір біз ойын ойнаймыз, мен бір мақалды бастап, қолымдағы допты бір оқушыға лақтырамын, доп кімнің қолына тисе сол оқушы мақалды аяқтауы тиіс. Мысалы:Ата көрген оқ жонар,...Гул өссе жердің көркі,...Балапан ұяда не көрсе, ...Атан-ананың қадірін , ... Інісі бардың тынысы бар,...Қарға баласын аппағым дер,...Ананың көңілі балада,...

Оқушы дәптері

6. Топпен ән айту.

Жас ұландар әні

ә. Есжан Әміровтікі
с. С. Ақсұңқарұлынікі

Қазағым менің ұлы елім,

ғаламның ашқан түнегін.

Кең байтақ алтын өрісім,

Өзіңдей асқақ жүрегім!

Жас ұландар, жас қырандар,

Еркін елдің түлегіміз.

Көркейе бер, гүл еліміз,

Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,

Жалындап тұр жүрегіміз.

Мен сенің бастау бұлағың,

Өзіңе шашу бұл әнім.

Сап түзеп шықты нық басып,

Қырандай берік ұланың.

Оқулық

7.Үй тапсырмасы

Дәптермен жұмыс Өздері оқыған кітаптары, көрген фильмдері бойынша ата-аналарының, туыстарының арасында берік байланыс орнатудағы жауапкершілігі туралы эссе жазу.



Баяу әуен, көзімізді жұмамыз.Көзді жұма отырып бүгінгі өткен сабағымызды елестету арқылы тұжырым жасаймыз. Нұрлы күн аясында бақытқа бөленген жақсылық жасауға ұмтылуды үйреніңіздер. Әрқашан бойларыңызда  үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, мейірімге бөленіп ата-аналарыңызды аялау қасиеттері қалыптассын. Жүректеріңіз мейірімге толы, дұрыс әрекет жасап, ешкімге жамандық жасамай, өзгелерді ренжітпей, қамқоршы, жақсылық нұрын шаша біліңіздер. Сонымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, қош сау болыңыздар.


Оқулық











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
742
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі