400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Отбасының жылуы" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп, лицейлерде жұмыс жасайтын өзін өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған. 6 сыныптың "Отбасының жылуы" тақырыбына қысқа мерзімдік жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзiн-өзi тану» пәнінің сабақ жоспары

Тақырып: «Отбасының жылуы»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдепті болу, ұқыптылық,басқалар туралы жамандық ойламау, үнемшілдік, зиянды әдеттерден аулақ болу.

Сынып: 6


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Оқушыларға жақсылық жасаудың мәнін ұғындыра отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік қасиеттері туралы түсінік беру;

Оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып, жауапкершілікке үйрету;

Оқушыларды қайырымды , қамқор болуға тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) 5Т. 5 жұмыс құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.(баяу әуен)«Орманға саяхат»Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз. Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз. Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды. Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз. Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз. Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. Сыныбымызға келіп өз орнымызға отырайық.Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

Қандай әсер алдыныз?

Көз алдарыңа қандай бейнелер елестеді?

Үй тапсырмасын тексеру: «Ата-анам – ізгі адамдар» эссесінен үзінді оқып келу.

Ата-ананың бойындағы қандай ізгі қасиеттер ерекше сүйсіндірді?

Ата-ананың рөлі туралы әңгімелеп беріңдер?

Автор қандай құндылықты бойына сіңіріп өсті деп ойлайсыңдар?

Ата-ана мен Отан алдындағы парызды қалай түсінесіңдер? Парыздарыңызды қалай орындап жүрсіңдер?

Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам болу үшін қандай қасиеттерді өз бойларыңда дамытқыларың келеді? Әңгімелеп беріңдер.

Қорытынды: Перзенті үшін ата-ананың риясыз сүйіспеншілікпен қызмет етуі оқушылардың рухани өсіп жетілуі үшін өте маңызды. Адамның отбасынан алған тәрбиесі оның туған-туысқандары мен айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына тікелей ықпал етеді. Адам өскен ортасынан барлық жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өссе, өз ортасына мейірім-шуағын шашып, риясыз сүйіспеншілік пен адамдықтың биік белесіне көтеріле алады. Отбасынан алған жақсы тәлім-тәрбие адамның бойындағы қасиеттердің дамуына ықпал етеді.

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз

Үйінде бақытты адам - әлемде бақытты адам.Л.Н.Толстой

1. Балалар өздеріңізді қай кезде ерекше, жақсы сезінесіздер?

2.Бақытты адам дегенді қалай елестесіздер?

3.Бақытты отбасы болу үшін отбасы мүшелері бойында қандай қасиеттер болу керек?Дәйексөзді хормен оқу, жанында отырған балаға айту, жүрекпен айту, жаттап алу.Ең танымал үш шығармасы – "Соғыс және Бейбітшілік" ("Война и Мир"), "Анна Каренина", "Жексенбі" ("Воскресенье").

Түйін: Адам бақытты болу үшін адамдарды риясыз сүйіспеншілікпен құрметтеп, жақсылық жасап, қарым-қатынасты нығайту керек. Отбасымызға адал, шынайы беріліп қызмет етуіміз арқылы бүкіл адамзаттыңсүйіспеншілігіне бөленуге мүмкіндік бар. Отбасы мен әлем біртұтас, кез келген отбасы әлемнің бір бөлігі.



Әңгiмелеу Мұғалім сыйыОтбасы татулығыАңыз әңгімеБаяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдарсаны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Олар отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толы, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.Қарт үнсіз ғана жүз рет «кешірім», жүз рет«бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.Үш сөзді оқыған патша таң қалады.-Иә,- деді ақсақал.- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қояды.

Сұрақтар.

1.Сендердің отбасыларыңда осындай тату-тәтті қарым-қатынас жасалады ма?

2. Балалар неге бұл отбасында қарияларды төрге отырғызды?

3. Отбасындағы татулық пен бірлік болу үшін қандай қасиеттер қажет?

Қорытынды: Біз осы аңызды оқи отырып үлкендерді сыйлауға,құрметтеуге үйрендік. Қарияларымызды сыйлап, төрге отырғызу біздің міндетіміз екенінін білеміз және соны әрдайым ұстануымыз керек. Біздің бойымызда кешірім, бірлік, шыдамдылық қасиеттері болса біз бақытты өмір сүреміз.



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Балаларды екі топқа, екі шеңберге бөлемін«Мақал-мәтел жалғасын табу»Қазір біз ойын ойнаймыз, мен бір мақалды бастап, қолымдағы допты бір оқушыға лақтырамын, доп кімнің қолына тисе сол оқушы мақалды аяқтауы тиіс. Мысалы:

Ата көрген оқ жонар,...

Гул өссе жердің көркі,...

Балапан ұяда не көрсе,

...Атан-ананың қадірін ,

... Інісі бардың тынысы бар

,...Қарға баласын аппағым дер,...

Ананың көңілі балада,...



Топпен ән айту. «Жанұям» Сөзі: Қуаныш Жаманқұлов Әні: Ғазизхан Шекербеков



Үй тапсырмасы.Дәптермен жұмыс Өздері оқыған кітаптары, көрген фильмдері бойынша ата-аналарының, туыстарының арасында берік байланыс орнатудағы жауапкершілігі туралы эссе жазу.



Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен, көзімізді жұмамыз.Көзді жұма отырып бүгінгі өткен сабағымызды елестетуарқылы тұжырым жасаймыз. Нұрлы күн аясында бақытқа бөленген жақсылық жасауға ұмтылуды үйреніңіздер. Әрқашан бойларыңызда  үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, мейірімге бөленіп ата-аналарыңызды аялау қасиеттері қалыптассын. Жүректеріңіз мейірімге толы, дұрыс әрекет жасап, ешкімге жамандық жасамай, өзгелерді ренжітпей, қамқоршы, жақсылық нұрын шаша біліңіздер. Сонымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, қош сау болыңыздар.














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
2345
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі