400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

отчет АБАЙТАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
отчет о проделанной работе факультатив
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абайтану »курсы мұғалімі

Мусина Аслия Иранқызының

9-шы «А,Б»сыныптарында

2018-2019 жылдық жоспары

бойынша жүргізілген 1,2,3тоқсан

бойынша есебі



ҚР Білім ғылым министірінің 2013 жылғы сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген «Абайтану »курсы күнтізбелік жоспарға сәйкес аптасына 1 сағат жалпы жылдық 34 сағат жүргізілуде.«Абайтану»курсының мақсаты Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман-мұратын поэзиясы арқылы таныту. Асқақ шабыттың қуатымен жүрегін жарып шыққан өлеңдерін, сөздерін оқушы бойына сіңіру.


Жалпы, курстың мақсаты – Абай Құнанбайұлының қазақ жазба әдебиетінің көшбасшысы ретінде құбылыстық сипатын, бүкіл ақындық әлемін, өлең өнеріндегі өзгешілігін, шеберлігін танытуға бағытталған. Бұл курс өзіне төмендегідей міндеттерді жүктеп, содан қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндіктер береді.


- Абай Құнанбайұлының шығармашылығының зерттелу жайына тоқталып, абайтану ғылымының тарихынан мәліметтер беру;


- Ұлы ақынның ғұмырнамасына байланысты тың деректерге иек сүйеп, ақынның жазба әдебиеттің көшбасшы ретіндегі орынын айқындау;
- Абайдың қазақ поэзиясына әкелген жаңалығын айтып, өлең өрнектерін дамытудағы рөліне тоқталу;


- Ғұлама ойшылдың философиялық нақыл сөздерінің мән – мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымы жайында сөз ету;


- Ақынның аудармадағы еңбегіне тоқталу, басқа ел шығармаларын қазақ тіліне аударудағы шеберлігін айқындау.

«Абайтану »курсы бойынша 1-ші тоқсанда қазақ тілі пәні мұғалімі Батыргалиева Клара Ерсайынқызы жұмыстанып әр аптаның жұма күні сабағын өткізіп отырды .2-ші тоқсаннан бастап мен жоспарға сәйкес әр аптаның жұма күні жалғастырып келемін. 9«Б» сынып жетекшісі Бижанова Мария Маратовнаның оқушылары өте белсенді қатысады тапсырмаларға нақты дайындалып келеді . «Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы»таұырыбыда қткізілген пікірталаста оқушылар өздерінің ойларын еркін жеткізді .Абулхайрова Айдана ,Бақытов Бексултан, Бақытова Гүлжазира ,Муратов Дияс Меңдіғали Диас осы оқушылар белсене қатысады .9 «А»сыныбынан санаулы оқушылар қатысады .Сынып жетекшісі Асия Сергалиевна . 9 «А»сынып оқушылары да курстан қалмауға тырысады әсіресе Асқар Әділ ,Нұрболат Гүлсезім ,Сағынғали Исатай ,Серік Әсет қызығушылықпен қатысады .

Абай қарасөздеріндегі тәлім –тәрбие мәселесі тарауында «Баланың жақсысы қызық –жаманы күйік »тақырыбының мақсатын ашуда 5 бөлімге бөлінген .
Абайдың қара сөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына деуге болады. Бұл қарасөздердің құндылығы сол замандағы жағдайды, тарихтың шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып беруінде. Әрине, қазіргі заман үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы және Абайдың сол кездегі күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныстары - ескірген. Қазіргі тұрғыдан қарасақ қарасөздердің мазмұны мен мұраттары тек тарихи жағынан бағалы болмақ. Ал, Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес. «Сегізінші» қарасөзінде ақыл, насихат туралы пікірі, ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы беріледі.

«Он жетінші» қарасөзінде адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ойы түйінделген.

«Жиырма бесінші» қарасөзінде озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеп, «Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтады.

«Екінші» қарасөзіндегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары, халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі, ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызын назарға салуы, еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы болып табылмақ.

«Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі т.с.с.

Сондай ақ Абайдың қара сөздері жалпы тақырып мазмұны жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріндегі ойлар, пікірлер өлеңдерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап, пысықтап, әрі қарай жалғастыра дамытып отырады.

Ақынның қарасөздері мен нақылдары- ақын творчествосының елеулі саласы, өлеңдерімен мұңдас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалары. Бұл қара сөздер жанрлық, стильдік жағынан әр алуан. Мұнда терең публицистикалық тебіреністер де, жүйелі философиялық толғаулар да, ойға оралымды нақыл сөздер де, ғибрат ретінде жазылған аңыз-хикая да, тарихи эссе-очерк те табылады. Қара сөздерді алғаш жазуға кіріскенде ақын: «...Ойыма келген нәрселерді жаза берейін... кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым» - деп қарапайымдылық білдірсе де, бұл жазбалар ғылыми-танымдық және әдеби көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл-ой өрісін, дүниеге көзқарасын танытуға баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына болып табылатынын оқушыларға жеткізу.

Абай шығармаларынан туған халқының жан дүниесі мен салт-санасы, әдет-ғұрпы дәстүрінің лебі аңқып тұрады. Соның ішінде заманына қарай жаңадан енген халқының санасына, әдет пен ғұрпына жат қылықтармен бірге ғасырлардан бері келе жатқан кертартпалық, керенаулықты да өлтіре сынайды. Сөйтіп, халқын ілгері дамыған жұрттардың қатарына жетуге, өнер, білім, ғылымды меңгеруге шақырады.

Ақын мұрасының өміршеңдігін, замана озған сайын маңызы, әсері қаншалықты күшейе түскенін зер салып байыптап қарасақ, оның өз заманының озық тілек-қасиеттерін айқынырақ танимыз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының ой-сана, ұғым-түсініктерінің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры арыда жатқанын ескерсек, Абайдың өнегелі өсиет сөздері қай заманда да мәнін жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт жағдай өзгерді дегенмен халықтық ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып жаңаша сипат алып, жалғасын тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай мұралары кейінгі дәуірдің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір-шындығын танып-білуге үлкен себеп болатындығын мойындауымыз қажет екендігін оқушыларға жеткізу .

Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми-теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қара сөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі -өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады.

Бұл жөнінде педагогика, философия, психология, әдебиет, тарих тұрғысынан зерттеуші белгілі Қазақстандық ғалымдар С.Қирабаев, Х.Сүйіншәлиев, Г.Есімов, З.Ахметов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев т.б. тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің бар екендігін жан-жақты көрсетсе, Ш.Әлжанұлы, А.Көбесов, А.Дайрабаева, Т.Төретаева ақын мұрасындағы оқыту, оқу, яғни дидактика мәселелері де орын алғанын атап көрсеткен.

Абай шығармаларындағы оқу, оқыту, ғылым, білім мәселелерін бүгінгі дидактиканың талаптарымен сабақтастыруға келерлік.

Абайдың «толық адам» ілімі.

Абай – адамзат ақыл -ойы, ақындығының ірі тұлғасы. Оның тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. Тағы да «Әуелі бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боларсың елден бөлек»- деп, ой тастайды. Ары қарай ақын: «Үш -ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. «Толық адам» ұғымын талдай келіп, оның мәні үш сипатты (ғылым, рақым, әділет) болуға талаптану деп көрсеткен. Абай көтерген «Толық адам» қағидаты – ұлттық педагогикада «Сегіз қырлы, бір сырлы» ұрпақ тәрбиесінің қағидатымен үндестігін байқамау мүмкін емес. Ұлы гуманист адамды сүю туралы айта отырып, «Адамзаттың бәрін сүй» деп ақыл айта отырып, «Адамзатты сүю – хақтың жолы, ғаділеттің жолы» деген анықтама береді. Қазіргі білім берудегі басты ұстаным болып отырған гуманистік педагогиканың негізі «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірімен ұштасады. Ақын адамды әкенің емес, адамның баласы болуға үгіттейді. «Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» - деп, ғибрат тастайды. Абай адамдықтың басты қасиеті – адамгершілік екенін баса жырлайды. Адамшылқытың алды – «махаббат, ғаділет, сезім» дейді. Адамшылықтың тәрбие арқылы келетініне көз жеткізеді. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен адамды сүюге баулудан басталуы керек. Абай мұрасы, тағылымының өміршеңдігін бүгінгі тәрбие үрдісінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер арқылы дәлелдеуге болады. Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мәселесін жүзеге асыруда Абай шығармалары маңызды орын алады. Абай адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым -білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп түсіндірді. Елін еңбекке шақырып, өнерге үндеді, ескіше көзқарасқа, қазақ ортасының жағдайлары тудырған мінезқұлықтағы ұнамсыз көріністерге қарсы күресті. Абай өзі мұрат тұтқан толық адамдыққа жеткізетін ең басты қасиетке әділеттілікті жатқызады. Ақынның тікелей басшылығымен жазылған «Қарамола Ережесінің» заңдық, әділеттілік бағасымен қоса, жас жеткіншекке азаматтық-құқықтық тәрбие беру ісінде тәлімі зор шығарма болып табылады. Абай шығармасындағы рухани -тағылымдық тәрбие идеяларын жас жеткіншектердің өз бойларына біршама сіңіргеніне қарамастан, оның әдеби шығармашылығына қажеттілікті арттыруда мұның өзі, біріншіден, Абай шығармаларын тұтас алғанда толыққанды оқыту мен пайымдауды қоғамдық тұрғыдан қажет етсе, екіншіден, бүгінгі күнгі Абайдың тәрбие мен оқыту саласындағы көзқарастары мен пікірлерінің жас ұрпақты оқыту мәселесінде әлі де жеткіліксіз екендігі сезіледі.

Абайтанушы М.Мырзахметұлы: «Абайдың «толық адам» ілімі бізді аласапыран дүниеде адастырмай, тура жолға бастайды» деген.Сондай ақ ,«Су басынан тұнады, ал біз көбінесе судың лайланған тұсын тұндыруға тырысып жатамыз. Біздің қазақ тілінің кеңге қанат жаюы үшін күресіп жүрген әрекетіміз де сол секілді. Сондықтан мен суды басынан тұндыру үшін мектепке келдім. Өйткені мектеп – «судың басы». Мектеп оқушылары, жастар жаппай қазақша сөйлеп кетсе, бәрі біртіндеп өзінен-өзі сол көшке ілеседі», – Мекемтас Мырзахметов. «Абайдың ашылмаған тұстары көп. Неге көп? Себебі Кеңес дәуірінде Абайдың шығысын айтқызбай тастаған. «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» дейді. Сонда Абайдың жұмбағы қайда жатыр? Жазушылар өзінше тауып жатты. Ал Абайдың жұмбағы шын мәнінде шығыста, шығыстың ішінде өзі жасаған «Толық адам ілімінде» жатыр. Мынаны ойлау керек. Орыстың классик ақындары бар, бірақ оларды біз хакім дей алмаймыз. Біздің Абай – ақын, бірақ оны хакім дейміз. Хакім деп Аристотельмен, Әбу Насыр әл-Фарабимен тең тұратын деңгейдегі адамдарды айтады. Неліктен кеңестік жүйе Мұхтар Әуезовтің абайтану концепциясын бұзды? Себебі бізді рухани тамырымыздан ажырату керек болды». Осылай деп ой толғаған Мекемтас Мырзахметов біздің қолымызда қазақ баласын рухани кемелдікке жетелейтін үлкен құрал тұрғанын айтады. «Ол – Абайдың толық адам туралы ілімі. Кімде-кім Абайдың осы толық адам ілімін меңгерсе, ол өзінің жан дүниесін, жүрегін тазалайды. Жүрек таза болғанда, Алланы тануға, басқа нәрселерді тануға жол ашылады. ХХІ ғасыр көгіндегі абайтануды біз осы тұрғыдан қарауымыз керек. Ендігі зерттеу осылай қарай бұрылады», – дейді ғалым.

Біз Абайдың өлеңдерін жаттап өскенімізбенен, оның түп мағынасын түсіне бермейміз. Жылда "Абай оқуларын" өткізгенде, оның мәнін терең ашып барып түсіну орынды болмақ.Менің өз ойымша ,оқушылардын қанша өлең жаттағаны емес , сондағы айтылған ойдың түйінін білгені керек сияқты. Оқушылар «Абай және орыс әдебиеті» «Абай және Пушкин » «Абай және әдебиеті» тақырыбын оқушыларға пікірталас ретінде өтті.

Абайтану курсын оқытудағы мәселе.

Мектепте Абайтану курсын оқытудағы қиындық тудыратын мәселе, алдымен мектеп оқушыларына арналған оқулықтың қолымызда жоқтығы.

Мектептің білім беру мазмұнында Абай шығармаларын төл өлеңдері, қарасөздері, аударма өлеңдері деп үш жүйеде қарастырамыз. Абай өлеңдері мен қарасөздерінің тәрбиелік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары. Абай көтерген мәселелер бүгінгі күні де маңызды, өзектілігін еш жойған жоқ.

Бүгінгі жеткіншек ұрпақ арасында Батысқа еліктеп, халықтық салтдәстүріміз бен ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбиеден алыстап бара жатқандардың жиі кездесіп қалатыны өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан осындай жағымсыз құбылыстан құтылудың рухани жолы ұрпақты Абайдың әдеби мұрасы арқылы тәрбиелеу болып табылатыны сөзсіз.

Қорыта келгенде, Абай мұрасы еліміздегі білім беру жүйесіндегі өзіндік мәні бар, ағартушылық маңызы зор, педагогикалық идеяларға толы, психологиялық ой-пікірлерге бай тәлімгерлік тағылымы баға жетпес өміршеңдігімен ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ұлттық қазынамыз бола берері сөзсіз. Абайдың адам тәрбиесі хақындағы педагогикалық көзқарастары аса үлкен мәнге жетіп, әлі де болашақ ұрпақтың көкірегін оятар деп сенемін.

Күтілетін нәтижем :Санқырлы ғажайып ақынның ,ой данасының мұраларын оқып –үйренген ,саналы ой түйе білген ,өлеңді мәнерлеп оқи алатын және көркем шығармадан ләззат ала білетін шығармашыл тұлғалардың тәрбиелегім келеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
1158
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі