400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Өтілген дыбыстарды қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
ұзартылған күн тобы 1-сыныптар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сауат ашу және жазу

Тақырыбы: Өтілген дыбыстарды қайталау

Мақсаты:

Білімділік: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін, зейінін дамыту (буын,сөз құрау,сөйлем құрау)

Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа,ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Жазу дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Дыбыс, әріп, сөз, сөйлем ұғымдарын меңгеру, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу.

Көрнекіліктер: сабаққа байланысты суреттер, әріптер, текшелер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелесу,ойын, сұрақ-жауап.

Психологилық ахуал:

Армысың жер Ана,

Армысың көгілдір аспан

Армысыз апайлар,

Армысың сен және мен.

-Балалар,олай болса сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Өтілген дыбыстарды қайталау.

Бүгінгі сабақта біз «Әріптер әлеміне» саяхат жасаймыз.

- Балалар, саяхат дегеніміз не? (саяхат қыдыру, аралау, демалу).

Балалар, әріптер әлеміне саяхатқа бару үшін бірнеше кедергілерден өтуіміз керек. Олай болса әріптер әлеміндегі әріптердің тапсырмаларын орындауларың керек. (Бір оқушыға алғызу).

Балалар, қандай дыбыс? (Ә дыбысы, дауысты дыбыс, көк текшемен белгілеп қою)

1 тапсырма: Ә: «Дауысты, дауыссыз дыбыстар» ойынын ойнайық. Мен сендерге дыбыстарды айтамын, ал сендер қолдарыңдағы көк, қызыл текшемен дыбыстарды дауысты немесе дауыссыз екенін ажыратып көрсетесіңдер.

- Өте жақсы балалар. Олай болса дауысты дыбыстар қалай айтылады және оларды қандай түспен белгілейміз?

-Ал дауыссыз дыбыстар қалай айтылады және қандай түспен белгілейміз?

-Дыбыстар дегенімізне?( естимиз,айтамыз)

-Әріптер дегеніміз не?(жазамыз, оқимыз, көреміз)

2 тапсырма: Л: «Кім жылдам» ойыны арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардың атауларын атату. Ара, өзен, гүл.Оларды буынға бөлгізу. Сөйлем құрату.(3 қатарға 3 сөз,сөйлем, буынға бөлу)

Ара,өзен,гүл туралы сұрау, мағлұмат беру

Сергіту сәті: Орманға біз барамыз,

Жан-жағымызға қараймыз

Аю келеді қорбаңдап,

Қасқыр шықты ырылдап

Түлкі шықты майысып,

Қоян шықты секіріп

Қорықпандар балалар,

Өз орындарыңды табыңдар

3 тапсырма: І: Берілген дыбыстардың ішінен дауыссыз дыбыстарды көк түспен боя: А. Н. Л. Р. О. Т. У. Ш. С. Д. Ы. М. Қ. Ұ. І. Е. К. Ү

4 тапсырма: П: Берілген дыбыстардың ішінен дауысты дыбыстарды қызыл түспен боя: А. Н. Л. Р. О. Т. У. Ш. С. Д. Ы. М. Қ. Ұ. І. Е. К. Ү

5 тапсырма: П: Сөздерге дыбыстық талдау жаса:






6 тапсырма: Е: Келесі тапсырма «қай дыбыстан басталады?» деп аталады. Суреттегі заттар қай дыбыстан басталатынын тауып, сол дыбысты жанына жапсыру керек.

Ғ А Ө

К Ә Ш

Т С О



7 тапсырма: Шашылған әріптерден сөздер құрау. (Тау, лақ, нан, көл)

Балалар,біз әріптер әлемінің барлық тапсырмаларын орындадық. Әріптер әлеміне келдік. Қандай сөз шықты? ӘЛІППЕ. Жарайсыңдар.

Әліппе дегеніміз не?

Әліппе туралы кім тақпақ біледі? Өте жақсы,керемет, жарайсыңдар.

Қорытынды:

Балалар, бүгін біз сабақта не істедік? Не үйрендік?

Сабақ ұнадыма?

Рефлексия:

Егер сабақ сендерге ұнаса, толықтай түсінсеңдер білім ағашына қызыл алманы, ал, сабақты түсінбесеңдер, әлі де білгілерің келсе жасыл алманы жабыстырасыңдар.

Бағалау:









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
1243
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі