400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өтілген материалды қайталау, қорытындылау. Дифференциалды сынақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен қорытынды сабаққа Сингапурлық Апгрейд әдісі арқылы сабақ өткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы


"Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі" МҚКҚ

(білім беру ұйымының атауы)


Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары

№31-32 практикалық сабақ. Өтілген материалды қайталау, қорытындылау. Дифференциалды сынақ

(сабақ тақырыбы)

Модуль /пән атауы Қазақ тілі

Дайындаған педагог

1. Жалпы мәліметтер

Курс, тобы: І,

Сабақ түрі, типі: қорытындылау

2. Мақсаты: Өтілген тілдік теориялық материалдарды қайталау, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып білімдерін бекіту. Ойлау, сөйлеу тілін жетілдіру

3. Күтілетін нәтижелер:

1. Қазақ тілі салаларын меңгереді, практика кезінде теориялық білімдерін жүзеге асырады.

4. Қажетті ресурстар:

4.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

4.2 Техникалық құралдар, материалдар: интерактивті тақта, слайд-презентация.

5.Оқыту әдістері, тәсілдері, педагогикалық техникалар: "Тайм раунд робин" әдісі,

6. Қолданылған әдебиеттер тізімі (негізгі және қосымша әдебиеттер:

1. Қазақ тілі оқулығы

7. САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ КОНСПЕКТІСІ

Сабақтың барысы

Уақыты (минут)

Жоспарланған іс-әрекеттер


1

2

3


1.Ұйымдастырушы, ынталандырушы кезең


Білім алушылармен амандасу, сабаққа қатысымын тексеру;

Білім алушыларды топтарға бөлу


2. Іс- әрекет кезеңі


3

Қайталау

І. «Ұшу-қону» әдісі бойынша сұрақтар. Студенттер орындықтарын артқа жылжытып, еркін отырады. Бірнеше сұрақтар жауабымен оқылады, жауап дұрыс болса орнынан тұрады, жауап бұрыс болса орындарында отыра береді. Шатысқан студенттер болса әрекеттері бойынша ойларын дәлелдейді.


-Монография, энциклопедия, диссертация, реферат, баяндама, тезис ғылыми стиль еңбектері боп есептеледі. +

-Астана қаласында орналасқан «Қазақ елі» монументінің биіктігі 95 метр – (91 метр)

-Шешендік толғау халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді+

-Телевизия тілі публицистикалық стильдің ауызша түрі +

- Фонетика -сөйлемнің құрылысын зерттейді –(тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуын, ерекшеліктерін, сипатын зерттейді


ІІ. Кітап –білім бұлағы. "Тайм раунд робин" әдісі. Әр топқа тапсырма беріледі. Орындарында отырып қарама-қарсы достарымен өзара талқылап, уақыт аяқталған соң әр қатардан бәр студент сұраққа жауап береді.

1 топ: Сіз кітап оқисыз ба? Кітаптың қандай түрін көп пайдаланасыз: қағазға басылған кітапты ма әлде электронды түрдегі кітапты ма? Не себепті?

2 топ: «Буккросинг», «Букленд» жобалары туралы не білесіз, сіздің көзқарасыңыз қандай?

3 топ: Жастардың ауызекі сөйлеу тілі көңіліңізден шығады ма?

4 топ: Жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалайша ұйымдастыруға болады?


ІІІ. «Үстел үстіндегі» ой әдісімен аяқталмаған тезисті аяқтау. Тезистер беріледі, қағаздар беріледі, бірін бірі қайталамай тапсырма шартын төрт сөзбен орындау.

1.Жақсы өмір дегеніміз...

2.Өмірдегі ең басты нәрсе...

3.Досың көп болу үшін...

4. Адам болу дегеніміз...













3.Сабақты қорытындылау мен рефлексия


"Өзіме хат" - кері байланысқа бағытталған әдіс. Студенттер бүгінгі сабақ туралы ойларын толық жазады. Мәселен, сабақта нені үйренді, нені жаңа деп қабылдады, нені білуге қызықты, сабақты меңгеруде немесе тапсырма орындауда қиналған кездері болды ма? Яғни, сабақ үдерісіндегі өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін жазады. Сабақ соңында оқиды.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
300
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі