жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Өтінемін" ашық сабақ 4-"А" сынып
Ибрагимова Санабар Пайзирахмановна,
Сайрам көмекші мектеп интернаты кмм, Тәртіп мәдениетінің мұғалімі
Шымкент қаласы
Сынып: 4 – «А» сыныпқа арналған бір сағаттық ашық сабақ.
Тақырыбы: «Өтінемін» сыпайы сөзі.
Сабақтың мақсаты: оқушылаға жақсы сөз, жақсы ой ойлаудың өзі дұрыс әрекет екендігін ұғындыру.
Сабақтың міндеті:
Жақсы сөз, мейірімділік, сыпайылық, қайырымдылық дұрыс әрекет екендігін түсіндіру;
Жақсы сөз айтуға, мейірімділікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту.
Құндылығы: дұрыс әрекет.
Қасиеттер: жақсы сөз, бақыт, мейірімділік.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезең.
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңдар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды үстелге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызбен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшее түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін таратуда.олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз. Құлақтарыңыз тек қана жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын алып, шұғылана бастайды. Сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз : «Мен нұрлымын, нұр менің ішімде, мен нұрмын...» . Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыздар... енді осы нұрды жүрегізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің – Жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру.
Талқылау сұрақтары:
Өткен сабақта қандай сыпайы сөзді өттік?
Қандай сыпайы сөздерін білесіздер?
Сүретпен жұмыс.
Дәйексөз
«Жүректен шыққан сөз – жүрекке жол табады» (Ә.Науаи)
- жақсы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір-біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.
5. Әңгімелеу
«Сиқырлы сөз».
(Орыс балалар жазушысы В.Осивадан аударылған)
Орындықтан отырған ақ сақалды үлкен қарт құмда қолшатырмен бірдеңелер сызып отырған.
Кішкене ығысасызба: - деп Павлик шетке қарай отырады.
Қарт бұның қып-қызыл реңішті жүзіне қарап отырды.
Саған не болды?
Оның сізге қажеті қанша? Павлик оған ала көзімен қарады.
Маған ештеңе қажет емес. Бірақ сен біреумен ренжіскен сияқтысың.
Көп ұзамай мен үйден кетемін, - деп күңк етті Павлик.
Үйден қашамысың?
Ия . Бірғана Ленка үшін кетемін.
Тек сол үшін үйден кетуге бола ма?
Тек сол үшін емес. Бір сәбіз үшін әжем мені асханадан еден сүртетін шүберекпен қуып шықты. Бәрі бос нәрсе. Біреуі ұрысады, екіншісі алдайды. Мені ешкім аямайды.ағам қайықпен қыдырады. Мені ертпейді. Мен оған: «Одан да бірге алып кет, бәрібір қалмаймін, қайыққа өзім мінемін, ескегіңді алып қашамын,» - дедім.
Павлик ашуланғандан жұдырығын бір түйді. Бір үақыт үнсіз қалды.
Ағаң неге сені ертпейді деп ойлайсың?
Неге сіз бұның бәрін сұрап отырсыз?
Қарт сақалын сипады.
Мен саған көмектескім келеді. Бір сиқырлы сөз бар... есіңде болсын: қөзіне тіке қарап, жай дауыспен айту керек.
Павлик аузын ашып қалды.
Ол қандай сөз ?
Қарт баланың құлағына сыбырлады.
Бұл сиқырлы сөз, бірақ оны қалай айту керектігін ұмытпа.
Мен қазір барып байқап көремін.
Павлик атып тұрып, үйіне қарай жүгірді.
(Қыдырыс жасап, сұрақ қою арқылы пікір білу.)
Балалар , қарт Павликке қандай сөз айтты екен ?
Балалар ойларын айтады.
Лена үстел үстінде сүрет салып отыр. Жаыл, көк, қызыл бояулар алдында жатыр. Павлик көріп бояуларын жинап, қолымен баса қойды.
«Қарт мені алдаған екен? Бұл қыз сиқырлы сөзді қандй ұқсын?» деп ойлады Павлик.
Павлик оның жанына келіп , жаймен жеңінен ұстады. Қарындасы жалт ете қарады. Павлик оның қөзіне тіке қарап , жай дауыспен :
Лена маған бір бояу берші, өтінемін. Лена аузын ашып қалды. Қысылғанынан жай күбірледі:
Саған қайсысын?
Жасылын. Павлик батылсыздау айтты. Оған бояу қажет емес еді. Ол енді тек сиқырлы сөз ойлап тұрған.
«Әжеме барайын. Бірдеңе пісіріп жатқан. Қуып жібере ме екен?» . Ол асханаға жақындады. Әжесі табадан ыстық бәліштерді алып жатыр екен. Немересі оны екі қолымен өзіне тартып, сыбырлады:
Әже маған бір баліш берші, өтінемін. Әжесі таң қала қарады. Сиқырлы сөз оның жүзін де , көзін де , күлкісін бәрін-бәрін жаулап алғандай.
Стық бәліш керек екенғой ботама, - деп, әжесі қуанғаннан ең жақсы піскен бәлішті таңдап берді.
Талқылау сұрақтары:
Қарт Павликтің қадай жүзін көрді?
Қарт Пвликке қандай сұрақ қойды?
Қарт сиқырлы сөді қалай айту керек деді?
Павлик бұдан кейін қандай бала болады деп ойлайсыңдар?
Жақсы сөз естігенде адамдар қандай сезімде болады?
Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтсақ, өмір мейіріммен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін лебіздерді жиі айтып жүрейік.
Шығармащылық жұмысы, топтық жұмыс.
Жақсы сөздерді пайдала отырып, диолог құрастыру. Оқушыларды төрт топқа бөлемін.
1 – топ: сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.
2 – топ: тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым – қатынасы.
3 – топ: емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диолог.
4 – топ: әжесі мен немересінің бір – біріне айтқан жылы сөздері.
Тыныштық сәті: «Орманға ойша серуендеу».
Топпен ән айту: «Мейірімді болайықшы ағайын».
Үй тапсырмасы.
Сыпайыгершілік сөздерін жатқа алу.
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, қөзін жұмып отырады. Мұғалім дауыспен:
Әр қайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық. Бүгінгі с абақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңізді ашуға болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген