400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

өткен оқу жылы бойынша атқарылған іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға үлгі есебінде ұсынып отырмын (көмек ретінде )
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№112 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2016-2017 оқу жылындағы экология саласы бойынша атқарылған жұмыстары мен жетістіктері

«№ 112 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2016-2017 оқу жылында экология бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ биология пәні мұғалімі А.Серманизованың жетекшілігімен 2015 жылдан бері «Асықата кентінің қансоргыш масаларының биореттеушілері – су кандалалары » тақырыбында шәкірті Каримов Азамат ғылыми жұмыспен айналасып келеді. 2016 жылы мектеп оқушылар арасында биология секциясы бойынша өткен аудандық «Ғылыми жобалар» байқауында танытқан терең ізденістері мен тиянақты ойлары үшін 10 сынып оқушысы Карим Азамат және оның ғылыми жетекшісі Серманизова Айжан марапатталды.

2017 жылы «Экология және балалар » атты аудандық оқушылардың зерттеу жұмыстары мен жобалар байқауында тиянақты білім мен шеберлігін танытып жүлделі 1 орын иеленгені үшін № 112 ЖОМ 10 сынып оқушысы Карим Азамат , жетекшісі А. Серманизова марапатталып, облыстық байқауға жолдама алды. 2017 жылдың наурыз айында «Экология және балалар» атты байқаудың облыстық кезеңіне 10 сынып оқушысы Карим Азамат қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

Мектепте экология саласы бойынша «Жасыл Ел» клубы нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. «Жасыл Ел» клубының жетекшісі химия және биология пәні мұғалімі Д.Адиханованың жетекшілігімен клуб мүшелері үнемі жаңа технологиялық әдістер бойынша ізденісте. 2016 жылдың қараша айында Бауыржан Момышұлы мектеп-гимназиясында өткізілген «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ , табиғаттың оны айтрға тілі жоқ » атты аудандық экологиялық фестивальге «№112 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен «Жасыл Ел» экологиялық командасы қатысып ІІ- дәрежелі дипломмен марапатталып, байқаудың аймақтық кезеңіне жолдаманы жеңіп алды. 2017 жылдың ақпан айында мектептің «Жасыл Ел» командасы Шардара қаласында өткен «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ , табиғаттың оны айтрға тілі жоқ » атты фестивальдің аймақтық кезеңіне қатысып бас жүлдені иеленіп, фестивальдің облыстық кезеңіне жолдама алды.

2017 жылы наурыз айының 28 жұлдызында Шымкент қаласында өткен «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтрға тілі жоқ» атты экологиялық байқаудың облыстық кезеңіне мектептің «Жасыл Ел» командасы қатысып, жүлделі ІІІ дәрежелі дипломды иеленді. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтрға тілі жоқ» атты мектеп экоклубтарының облыстық фестивалінің жеңімпаз командасын дайындағаны үшін Адиханова Динара Жумабековна алғыс хатпен марапатталды.

2017 жылы мамыр айында Шымкент қаласындағы Экология орталығының ұйымдастыруымен «Экологиялық білім мен тәрбие» тақырыбында өткен облыстық семинарға «№ 112 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Г.Каримова қатысып, «Жаңартылған білім мазмұны аясында экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері» тақырыбында коучинг сабағын өткізді. Семинарда үздік коучинг сабағын өткізгені үшін Г.Каримова Экологиялық орталықтың мадақтама қағазымен марапатталды. Бұл семинарға обылыстың барлық аудандарынан әдіскерлер мен мұғалімдер қатысты. Семинарға қатысушылардың барлығына сертификат берілді.






Дайындаған: Химия ,биология бірлестігінің жетекшісі Адиханова Д.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.06.2018
713
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі