Қазақ тілі 5. 02. 2018ж.
Сабақтың
тақырыбы: Өткен
шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға етістік шақтары,
өткен шақ етістігі туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен етістіктің
шақтарын тауып, оны ажырата білуге
дағдыландыру.
Дамытушылық: Сауатты көркем жазуға
төселдіру, танымдық белсенділігін арттыру.
Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын
молайту.
Тәрбиелік: Ұйымщылдыққа, достыққа,
бір-бірін құрметеугет, топпен жұмыс жасай білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Сабақтың
әдісі: топпен, шығармашылық жұмыс,
сұрақ - жауап.
Сабақтың
көрнекілігі: семантикалық карта, суреттер,
тест.
Пәнаралық
байланыс: математика, әдебиеттік
оқу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар топпен жұмыс істеуге дағдыланады,
тырысады.
Етістік түрлерін ажырата
біледі.
Қазақ тіліне деген құрметі
артады.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Сәлеметсіңдер ме,
балалар?
- Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы
көңіл-күй сыйлайық.
Психологиялық
дайындық
Күліп тұрып қолымды,
Алақай –деп соғайын
Қарап тұрып көршіме,
Қолымды мен бұлғайын
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер қысайын.
Қазақ тілім - өз тілім, ана
тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана
тілім,
II.Үй тапсырмасын
тексеру.
1. Құраған сөйлемдерін оқыту.
2. Дәптерлерін жинау.
III. Өткенді пысықтау
-
Қазақ тілінде неше сөз табын
білесіңдер?
- Қандай?
- Етістік дегеніміз не?
Сұрақтары.
- Дара және күрделі етістік
дегеніміз не?
-
Етістіктің жіктелуі деген
не?
- Етістіктің шақтарын атаңдар?
- Осы шақ етістіктері нені
білдіреді?
- Сұрақтарын атаңдар.
- Өткен шақ етістіктері нені
білдіреді?
- Сұрақтарын атаңдар.
- Келер шақ етістіктері нені
білдіреді?
- Сұрақтарын атаңдар.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмыс.
Күнің жадын жазу.
Көркем жазу сәті.
Ээ Ээ Экспо
- Балалар, біздің елімізде
жазда экспо өтті.
- Осы сөйлемдегі етістікті
табыңдаршы?
-
Өтті.
-Қай шақта тұр?
Өткен шақ іс-әрекеттің бұрын
болып кеткенін білдіреді. Өткен шақ
етістіктері не істедім? не істедің? не
істеді? деген сұрақтарға жауап
береді.
Оқулықпен жұмыс.
3-жаттығу.
Үш сөз берілген. Сол сөздерді үш топ бір-бірден
өткен шақта жазып, сөйлемдер құрастырамыз.
Осы шақ Өткен шақ Келер
шақ
Киінді Жазды Тербетті
Жанар жылы киінді. Айдар бүгін
диктантты беске жазды. Анам түнімен бесік
тербетті.
Әр топтан бір оқушыдан тақтаға шығып
жазады.
Тапсырма: Мен сіздерге түбір
етістіктерді айтамын. Сіздер оларды өз аттарыңызға сәйкес шақтық
мағынада айтасыздар.
Бар, кел, жаз, айт, сыз, күре.
Сергіту сәті.
Экраннан көрсетілген би қимылдарын
қайталау.
4-жаттығу.
Жаңылтпашты көшіріп жазып, етістіктердің
астынсыз.
Тіреуішке түйреген түйреуішті,
Күлдіреуішке тіреген тіреуішті.
Күлдіреуішке тірегім
тірелмепті,
Түйреуішім тіреуішке
түйрелмепті.
Осы
шақ осындағы етістіктерді табады.
Жаңылтпашты жай айтады.
Өткен
шақ қай жақта тұрғанын айтады.
Жылдамырақ айтады.
Келер
шақ қай шақта тұрғанын айтады.
Жылдам айтады.
Қарсылас топтар бір-біріне қол соғып қошемет
көрсетіп отырады.
Тапсырма: Слайд арқылы экранда суреттер
көрсетіледі. Әр топ ақылдаса отырып, өз тақырыптарына байланысты
әңгіме құрастырады.
Осы шақ Өткен шақ Келер
шақ
Қыс Күз Көктем
IV. Сабақты бекіту.
Қорытынды.
Семантикалық картамен жұмыс
|
Сөздер
|
Осы шақ
|
Өткен шақ
|
Келер шақ
|
|
Айтыпты
|
|
|
|
|
Оқиды
|
|
|
|
|
Жуып отыр
|
|
|
|
|
Ұшып келеді
|
|
|
|
|
Сүртіп жүр
|
|
|
|
Тест.
V. Бағалау, мадақтау.
Топ басшылары бағалайды.
VI. Үйге тапсырма.
6-жаттығу.36-бет