400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өткенді қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Өткен материалды пысықтауға арналған жаттығу жұмыстарын жүргізу Сабақтың міндеті: 1. Мысалдарды тез есептеуді, кері есептер шығаруды ұқтыру 2. Есептер шығара алу дағдыларын дамыту, логикалық ой өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру; 3. Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: 1 - ден 5ке - дейін тура және кері санау. Жұмбақ, мақал, логикалық есептер бере отырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ой өрісін дамыту. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

Көрнекілік: геометриялық пішіндер, суреттер. 
Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, жұмбақ логикалық есеп, сергіту жаттығу. 

Ұйымдастыру бөлімі: 
Шаттық шеңбер Дөңгелекке тұрамыз, 
Шеңберді біз құрамыз 
Қол ұстасып бәріміз. 
Ақ тілекті жолдайық 
Әлемде нұр тыныштық, 
Әрбір үйде күн ыстық. 
Қайырлы таң бала бақша 
Қайырлы таң достарым. 
Достарымды көргенде, 
Қуана қарсы аламыз 
Салем, салем, салем 
Жарайсыңдар балалар! 

Ал енді жыл мезгіліне тоқтайық. 
Қазір жылдың қай мезгілі ( қыс мезгілі ) 
Қыс мезгілінде, неше ай бар ( 3 ай бар ) 
Қазір қыс мезгілінің қай айы ( қаңтар айы ) 
Ал енді қыс туралы тақпақ айтып беріңдерші. 

Балалар бүгінгі ҰОІС әрекетіміздің 
Тақырыбы: « Қызықты математика» 

Тосын сәт: Түлкі кіріп келеді. Балалармен амандасады. 
Апай аң патшасы арыстан орман мектебін ашпақшы. 
Кімде кім менің берген тапсырмаларымды орындай алса, 
мектепке қабылдаймын депті. Бірақ мен мына тапсырмаларды 
орындай алмай сіздерден көмек сұрап келіп тұрмын. 
Тәрбиеші; Балалар түлкіге көмектесеміз бе? 
Балалар: Ия көмектесеміз 
Тәрбиеші: Қане қандай тапсырмалар 
1 - тапсырма: 1 - ден 5 - ке дейін тура ж/е кері санау санамақ айту. 
2 - Тапсырма: Логикалық есептеу: 
Табақта 5 алма 
Алды біреуін Алима 
Алды біреуін Салима 
Табақта қалды неше алма?[3] 

Екі қоянның неше құлағы бар?[4] 
Неше құйрығы бар?[2] 

Қорада тұр 2 балапан 
Далада жүр 3 балапан 
Барлығы неше балапан?[5] 

3 - тапсырма: Сандарға байланысты мақал - мәтел айту. 
1 тал кессең 10 тал ек. 
Ер кезегі 3 - ке дейін 
7 - рет өлшеп 1 - рет ки 

4 - тапсырма: Сандарға байланысты жұмбақтар айту. 
1) Кезікті бір жануар 
Үстінде 2 тауы бар 
2) Оң жағында 5 сарбаз 
Сол жағында 5 сарбаз 
Болады барлығы неше сарбаз? (10) 

5 - тапсырма: Геометриялық пішіндермен зымыран ойып құрастырыңдар. 
Осы зымыран мен таңғажайып табиғат планетасына ұшып барайық. 
Көзімізді жұмып 1 - 5 ке дейін тура ж/е кері санайық. 
Жарайсыңдар балалар. 
Ал енді көзімізді жұмып зымыранға мініп бала бақшаға қайтайық. 
Сергітуімізді аяқтайық. 
1, 2, 3 ал қанекей ұш. 
4, 5, 6, 7 анау ауыл шеті 
8, 9, 10 ал қанекей қон. 
Міне түлкі сенің тапсырмаларды толық орындап болдық. Аң патшасы Арыстан сені мектепке қабылдайды. Оң жол тілейміз. 

Түлкі: Рахмет балалар. Сіздерден көп нәрсе үйрендім. 
Сау болыңдар балалар. шығып кетті. 
Қорытындылау:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.03.2019
682
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі