жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өткенді қайталау 2 сынып
|
Пән: Математика Сынып: 2 |
Мектеп: Бірік ОЖББМ |
||||
|
Күні: |
Мұғалімніңаты-жөні: Ғиззатова А.Б. |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: Өткенді бекіту |
Қатысқандар: |
||||
|
Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты |
2.1.2.8. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану. 2.5.1.1 Екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу 2.5.1.7 Екі амалмен шешілетін есептерді модельдеу жəне шығару 2.5.1.8 Құрама есептердің шешуін санды өрнектер жəне жекелеген амалдар түрінде модельдеу жəне шығару. |
||||
|
Сабақмақсаттары |
Барлық оқушылар үшін: екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту үшін жазбаша тəсілдерді қолданады, саннан қосындыны азайтуға жəне қосындыдан санды азайтуға арналған есептерді шығарады. Бірқатар оқушылар үшін: екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолданады, саннан қосындыны азайтуға жəне қосындыдан санды азайтуға арналған есептерді шығарады. Кейбір оқушылар үшін: саннан қосындыны азайтуға жəне қосындыдан санды азайтуға арналған есептердің мысалдарын келтіреді. |
||||
|
Бағалау критерилері |
Екі таңбалы сандармен ондықтан аттап қосу және азайтуда ауызша, жазбаша түрдегі орындау алгоритмін қолданады |
||||
|
Тілдік мақсат
|
Пəндік лексика жəне терминология. екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдері, саннан қосындыны азайтуға жəне қосындыдан санды азайтуға арналған есептер. Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдерТалқылау. Екі таңбалы санды қалай қосуға болады? Берілген есепке кері есепті қалай құруға болады? Жазу Екі таңбалы жəне үш таңбалы сандар, екі таңбалы сандарды бағанмен қосу жəне азайту, есеп шартын қысқаша жазу нысаны. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. «Мәңгілік ел» |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
сурет, қазақ тілі |
||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Саннан қосындыны азайтуға арналған есептер. |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы |
І .Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Есептеуге жүйрік
болсаң жасыңнан, |
|
|||
|
Сабақтың ортасы |
Жаңаны ашу.
-Қане,балалар орнымызға
отырайық.Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Себебі,
біздер бүгін 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайтудың жазбаша
тәсілдерін еске түсіре отырып "Сандар еліне" саяхатқа шығамыз!Біз
саяхаттай отырып өз білімімізді көрсетуіміз керек. Және
де балалар, сендерге аналарың бүгінгі сабаққа өте жақсы
қатыссын деп көтеріңкі көңіл - күй сыйлап кетті. (балаларға
көтеріңкі көңіл - күйдегі қасықтар тарату). 1 - аялдама: "Күн шуақ" - Балалар бірінші аялдамаға да жеттік. Бұл аялдаманы көптен бері қараңғылық басқан екен. Күннің бетін айлар бойы бұлттар торлап алған. Күннің көзін ашайық, ол үшін бұлттарды күннің көзінен тазарту керек. (Тақтада күнді жапқан бұлттардың суреті ілінеді, әр бұлтта №2 есеп жазулы, есепті дұрыс шешсе бір - бірден бұлттарды алып тастаймын, балалардың есепті дұрыс шешулерін талап ету). №2 есеп Қатесін тауып түзе. 66+18= 84 80-46 = 34 100 – 82 = 18 49 + 27 = 76 - Дұрыс, балалар, сендердің тапқырлықтарыңның арқасында біз екінші аялдамаға өтеміз. 2 - аялдама: "Жасыл әлем!"
-Балалар, екінші аялдамамыз
орман екен. Қараңдаршы мына орманның ағаштары көңілсіз, жабырқау
сияқты. Неге? Ағаштарға не жетпей тұр? (Шашылып жатқан жапырақтарды теріп,артында жазылған №3 есепті дұрыс шешсе жапырақтарды ағашқа жапсырады). №3-есеп. 25+26= 51 74-48 = 26 71-53= 18
Дұрыс ақ. Келесі аялдамаға
барайық. -Балалар,үшінші аялдамамыз "Асыл су" өзені екен. Ал өзен- көлдерде нелер тіршілік етеді? - Түрлі балықтар, сегізаяқтар. - Дұрыс, неше түрлі балықтар болады. Өзеннің жағасына қараңдаршы, балалар! Балықтар жағаға шығып қалыпты.Қане,балалар,балықтарға көмектесейік! Тапсырмасын орындасақ өзеннің арғы жағасына тез - ақ өтеміз.Ол үшін әр балық артындағы №4-есепті шығаруымыз керек.(4 оқушы балыққа көмектеседі,қалғандары орындарында отырып орындайды) №4-есеп. 300+400=700 35+65=100 35+42=77 900-500=400 4 - аялдама: "Көңілді алаң" -Балалар,төртінші аялдама "Көңілді алаң" екен.Қане балалар,шаршаған шығармыз!Бойымызды сергітіп алайық! Сергіту сәті: Апам үшін күнде мен,күнде мен, Отын,ағаш жарамын,жарамын. Су құямын гүлге де,гүлге де, Дүкенге де барамын,барамын. Сыпырамын үй ішін,үй ішін, Жуам ыдыс-табақты,табақты. Жылай қалса бөпемді,бөпемді, Жұбатамын ойнатып,ойнатып. 5 - аялдама: "Сандар елі"
-Міне, біз "Сандар еліне"де
жеттік. Қамалдың қақпасын түртіп ішке кірейік. (Балалар
партаның бетін 3 рет түртеді. Қақпа ашылмайды) -" Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Менің еліме жеткенше сендер көп қызықты аялдамалардан мұқалмай өттіңдер. Мен сендердің тапсырмаларды орындағандар-ыңды мына сиқырлы айнамнан қарап отырдым. Ерінбей еңбектенгендеріңе рахмет! Енді Сандар еліне кіру үшін мына қақпаны ашу керек.Ол үшін мен сендерге екі тапсырма беремін: Біріншісі: Сөз есепті шығарып,қақпаны ашу.Егерде есепті дұрыс шешсеңдер қақпа ашылады. Екіншісі: Қақпаны ашсаңдар алдарыңнан сандық шығады.Бұл сандық жай сандық емес.Ішінде менің сендерге дайындаған сыйлығым бар.Ол сыйлықты алу үшін сендерге тағы бір тапсырма беремін. Соны дұрыс орындасаңдар сандық ашылып,сыйлықтарыңды аласыңдар. Сендердің үйге баратын жолды тез табатындарыңа сенімдімін, сау болыңдар!" Сәлемнен Сандар елінің Патшайымы! №5-6-есеп. -Қане балалар,олай болса қақпаны ашу үшін 137-беттегі,№4 есепті шығарайық. Есептің құрылымын еске түсірейік: -Есептің шарты. -Есептің сұрағы. -Есептің шешуі. -Есептің жауабы болады. Сұрақ-жауап арқылы талдау: -Есеп не туралы? -Не белгілі? -Не белгісіз? -Қалай табамыз? №4-есеп: а)Шарты: ІІІ күн – 30 ағаш І күн – 15 ағаш ІІ – 7 ағаш ІІІ күні - ? ағаш Шешуі: 30-(15+7)= 8 Жауабы: үшінші күні 8 ағаш отырғызды. Мұғалім: Ал,балалар!Біз есепті дұрыс шығардық,сондықтан бізге қақпа ашылды.Міне,бізге Патшайым айтқан сандық шықты.Ішінде бізге арналған Патшайымның сыйлығы бар.Сандықты ашып сыйлықты алу үшін мына тапсырманы орындайық. №1-есеп. "Кім жылдам?" (үлестірме арқылы)" 100 - 53 = 47-35= 12 + 49= 61 -19= 42 +8= 50 Өздік жұмыс 1,2,3, тапсырманы өздігінен орындайды. Бағалау критерийі: Екі таңбалы сандарды бағанмен дұрыс жаза аламын. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмін таңдап, қолдана аламын. Жауапты оқимын. Тексеру жүргіземін. |
ламинатталған дәптер бұлт, ай орман, ағаш өзен, көл, балықтар сергіту сәті сандар елінің патшайымы |
|||
|
Сабақтың соңы |
-Міне,балалар сандық ашылды.Ішінде жұмыртқа бар екен.Жұмыртқаның ішінде не бар екен?Бірақ жұмыртқаны жармас бұрын мен сендерге сұрақ қоямын.Сендер сол сұрақтарға жауап беріңдерші. - Сабақ ұнады ма? -Бүгін біз сабақта не істедік? -Бүгінгі сабақта қиындықтар кезікті ма? -Бүгінгі сабақтан не алдыңдар? -Бүгінгі сабаққа айтар ойларың бар ма? Уйге тапсырма: 7 есеп 33 бет Мұғалім:-Ал енді,балалар,жұмыртқаны жарып көрейік.Не шықты?Хат.Онда не жазылған екен? -Сыйлық. -Дұрыс айтасыңдар.Сендерге патшайымның сыйлығы бар.Ол-шар.Бүгін сендер саяхат сабақта адаспай барлық тапсырмаларды орындадыңдар.Сол үшін мен сендерге мына әдемі шарларды сыйлаймын.Бұл шарлардың ішіне Патшайым сендерге үйге тапсырма жазып жіберіпті.Онда 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін еске түсіру үшін баған түрінде жазып,есептеуге тапсырма беріпті. |
|
|||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген