Өткенді қайталау математика пәні 1-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өткенді қайталау математика пәні 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1-ден 20-ға дейінгі сандарды,ондықтар олардың таңбалауын,сан құрамын анықтау,заттарды салыстыру,ауызша есептердің мәнін табу,білімдерін бекіту,бақылау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: "Өткенді қайталау"
Сабақтың мақсаты: 1-ден 20-ға дейінгі сандарды,ондықтар олардың таңбалауын,сан құрамын анықтау,заттарды салыстыру,ауызша есептердің мәнін табу,білімдерін бекіту,бақылау.Геометриялық фигураларды еске түсіріп атап шығу.Оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Аю және оның қонжықтарының бейнесі, 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар, дидактикалық ойындар, тапсырма кедергілер.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші:Балалар,бүгін бізде ерекше күн,өйткні біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.Бүгін сәуірдің 24-ті,математика пәнінен ашық сабақтың тақырыбы: «Өткенді қайталау».Қане бәріміз бірге амандасайық!

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық
Сәлемдесу: Сәлеметсізбе көк аспан,
Сәлеметсізбе алтын күн.

Сәлеметсізбе мұғалім,
Сәлеметсізбе құрметті қонақтар!
Тәрбиеші:Қонақтардан басқа,бізге кім келіп тұр!?Әрине Аю,жанында қонжықтары бар екен.Сендер оқуға келген кезде,қысқа дайындалып үйқыға батып кетіпті.Ал енді оянып бәрін білгілері келеді.Олар неге оянып кетті екен?Кім оятты,не себеп болды олардың оянғанына!?

Балалардың жауаптары:Көктем келді.

Тәрбиеші:

-Көктем келгенін қалай біліп қалдыңдар?(Күннің көзі жылына бастады,қар ери бастады,жылы жақтан құстар ұшып келді,ағаштардың бұршақтары жарыла бастады,күн бұлтты және жамбырлы)
-Көктем мезгіліне қандай айлар жатады?(наурыз,сәуір,мамыр)

-Өтіп кеткен айды атап шық?(наурыз)

-Кележатқан айды ата?(мамыр )

-Болып жатқан ай,қандай ай?(сәуір айы)

Тәрбиеші:

Сонымен Сәуңрдің 24-ті,аптаның қай күні?

-Бір аптада неше күн бар?

-Неше күнін оқыймыз?

-Қандай күдер,атап кетсеңдер?

-Демалғанда неше күн демаласыңдар?

-Қандай күндер?

Сұрақтар арқылы ойымыз да,бойымыз да дайын.Сондықтан іске сәт теп айтуға тура келіп тұр.

1-тапсырма(ауызша)

-1-ден 20-ға дейін сандарды атап шығу?

-Сандарды қалай атап шықтық?

-Сандарды тура және тағыда қалай атап шығуға болады?

-Ендеше 10-нан кері санап көріңдер?

-Балалар 10,20-не деген сандар?Дұрыс,ондықтар,тағы ондықтар бар ма?

2 – тапсырма(тақтада)

Салыстыру.Сандарды салыстырғанда қандай белгілерді қолданамыз? - Дұрыс, артық , кем

3 – тапсырма(партада сандар жатады)

Ойын: «Үнсіз-түнсіз»деп аталады.Мен сендерге сандарды көрсетем ал сендер көршілерін тауып-алап қолдарыңды көтеріп көрсетесіңдер

*1* *2* *3* *4* *5* *6* *7* *8* *9*

4-тапсырма:(тақтада)



9

+ 1


- 2


- 5


+2


+ 3


- 1


+ 3

10

Сергіту сәті: Балалар, кішкене шаршаған боларсыңдар, сергіту сәтін орындайық: Тербелейді ағаштар,
Алдымна жел есейді.

Кіпкішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

5-тапсырма(тақтада)Келесі ойын

«Алманы керекті себетке салу»деп аталады.Ағашта өсіп тұрған алманы алып себетке салу керек,бірақ салар алдында есептін мәнін тауып керекті себетке саламыз: 1+2,3+0,7-4,4+4,10-2,9-1,3+3,4+2,10-9,2-1,4-3,4+3,8-1,6+1

Сегіту сәті: (Балалар қолдың қймылымен жаттығу жасайды)

Оң қолымда,бес саусақ.

Сол қолымда,бес саусақ.

Беске бесті қосқанда,

Болыпқалды он саусақ.

6-тапсырма: Ауызша есептер құрастыру. Балалар, есептің құрамды бөліктерін еске түсірейік. - Есептің төрт бөлігі бар: 1-Шарты 2-Сұрағы 3-Шешуі 4-Жауабы
* Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
* Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығын
Болады қанша алма?
7-тапсырма: Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?Үшбүрышты қызыл, ал дөңгелекті көк түстермен бояу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2021
659
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі