400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғау 8 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Өткізгіштерді неше түрмен жалғанатыны және зертханалық жұмыс ретінде қарастырылып түсіндіріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

№61 орта мектеп









Ашық сабақ



Тақырыбы: Өткізгіштері тізбектей және параллель жалғау

8 Ә класс



Өткізген физика пәнінің мұғалімі: Б.У.Тореева



























2017-2018 оқу жылы

Сыныбы: 8б

Пәні: физика және астрономия

Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Сабақтың мақсаты: Өткізгіштерді тізбектей жалғай алу мақсатында ой қрісін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың білім дәрежесін байқап, алған білімдерін одан әрі тиянақтау.

Дамытушылық: Дәстүрлі емес сабақ түрлерінде оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктері сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға қызығушылығын туғызу.

Тәрбиелік: Осы үш топтың жарысқа түсуі арқылы оқушыларды тез ойлауға, есептеуге, тың шешім табуға, шапшаңдылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, схемелар, вольтметр, кілт, амперметр, шам, өткізгіш сымдар, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасу

- Класты түгендеу

- Класс оқушыларын 3 топқа бөлу

- Сабақтың барысын баяндау, таныстыру

- Әр топ өз аттарын анықтау

- Топ басшыларын анықтау

* Ампер тобы

* Вольт тобы

* Ом тобы

ІІ Өткен тақырып бойынша шолу жасау:

  • Меншікті кедергі дегеніміз не? Формуласы қандай? (Өткізгіштін материалын сипаттайтын шаманы меншікті кедергі дейміз)

  • РShape1 еостаттың схемалық белгісі? ( )

  • Кернеу дегеніміз не? (Кернеу- 1Кл –ға тең заряды орын ауыстырғандағы жұмысы)

  • ЭShape2 лектр шамының схемалық белгісі? ( )

  • Электр тогын қай жерде пайдаланылады? (Заводта, үйде, т.б.)

  • Ток күші дегеніміз не? (Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 с ішінде өтетін электр заряды)

  • Электр кедергісі дегеніміз не?

  • Ток көздерінде неше полюс болады және олар қалай аталады? (екі, оң және теріс)

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру

Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б. қолданылады.

1-жағдай. Егер І-ші өткізгіштің соңы ІІ – өткізгіштің басымен, ІІ өткізгіштің соңы мен ІІІ –ші өткізгіштің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атаймыз. Өткізгіштерді тізбектей жалғанғанда тек күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:

I=I1=I2=…..=In

U=U1+U2+…+Un

R=R1+R2+…..+Rn

Өткізгіштерді тізбектей жалғаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Тізбектегі өткізгіштердің ең болмағанда біреуі жұмыс істемесе, онда бүкіл тізбек бойында ток жүрмейді.

2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп аталады. Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін деп атайды. Тізбекті параллель жалғағанда, екі параллель арнаға тармақталған су ағына тәрізді, ток өткізгіштер бойымен тармақталады. І1 және І2 тармақталған ток күштерінің қосындысы тармақталған бөлігіндегі І токтың шамасына тең, яғни І=I1+I2. Ом заңының негізінде бірінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: U1= I1 * R1, ал екінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: U2= I2 * R2 болады.

U1жәнеU2 бір – біріне тең себебі, олар А және В бір ғана нүктелердің (түйіндерінің) арасында болып табылады, осыдан U=U1=U2 екендігі шығады. Жоғарыдағыны ескеріп және жалпы кедергіні R арқылы белгілей отырып, формулаларын аламыз.

Бұл формулалардың оң және сол жақ бөліктерін қосамыз, содан

+ немесе +

Демек, немесе

Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісімен кем болады.

I=I1+I2+…+In

U=U1=U2=....=Un

Тізбекті параллель жалғанғанда, өткізгіштің саны ртізбектегі жалпы кедергі кемиді, оның себебі параллель жалғанған өлтізгіштердің көлденең қимасының ауданы артқан сайын оның кедергісі кеми түседі.

Тізбектегі кернеу 220В екенін сендер білесіндер. Сондықтан тұрмысқа қажетті электр энергиясын тұтыну (тоңазытқыш, теледидар, электржылытқыш аспаптар, музықалық центр және т.б.) құралдары 220В – қа есептелінген және бір құралды іске қосқанда құралдары тізбекте бұрынғысынша жұмыс жасай береді.

Shape3 Shape4








а) тізбектей жалғау

ә) параллель жалғау


1-сурет

Сабақты бекіту:

Үш топқа бүгінгі тақырып бойынша өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың сұзбасын беріп, өздері сызба бойынша прибормен жинайды және түсіндіреді.


Қорытындылау

Бағалау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
613
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі