400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар істей алады: Өткізгіштерді параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектерін құрап, есептеулер жүргізед тізбек бөлігі үшін Көптеген оқушылар істей алады: Өткізгіштерді параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізеді Кейбір оқушылар істей алады: Өткізгіштерді тізбектей және параллель схема бойынша құрап тәжірибе жүргізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар, бөлімі: 8.3А Тұрақты электр тогы

Мектеп: «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп - гимназиясы » ММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кыстаубаева Ж.К

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.11 – өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады:

Өткізгіштерді параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектерін құрап, есептеулер жүргізед тізбек бөлігі үшін

Көптеген оқушылар істей алады:

Өткізгіштерді параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізеді

Кейбір оқушылар істей алады: Өткізгіштерді тізбектей және параллель схема бойынша құрап тәжірибе жүргізеді.

Бағалау критерийі

• Өткізгіштерді тізбектей жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізеді
• Өткізгіштерді параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізед

Тілдік мақсаттар


Пәндік сипаттағы лексика мен терминдер:

Ом заңы, Ток күші, Кернеу, Кедергі, амперметр, вольтметр, резистор, шам, кілт, өткізгіш сымдар.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер:

Резисторларды ең қарапайым қосу тәсілі - тізбектей жалғау.

Өткізгіштер тізбектей жалғанса, олардың ток күші бірдей.

Өткізгішті параллель жалғағанда барлық резисторлардағы кернеу бірдей болады.

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық және құрмет-жұптық жұмыс. Жолдастарын тыңдай білу, ой-пікірлерімен санасу

Пәнаралық байланыс

Математика,

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Тізбек бөлігіндегі Ом заңы.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы



8-9мин












 Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

“Ыстық лебіз” оқушыларға жағымды көңіл-күй туғызу.  Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілек білдрейік!

Топқа бөлу:

І топ ІІ топ ІІІ топ

«ток күші » «кернеу » «кедергі»

" Ашық хат " әдісі үй тапсырмасына байланысты сұрақ-жауап.

1. Ток үші дегеніміз не?

2. Кернеу дегеніміз не?

3. Кедергі дегеніміз не?

4. I= q/t

5. U= A/q0

6. R=ρ∙ ι ̸ S

7. Ток күшінің өлшем бірлігі – ампер - [А]

8. Кернеудің өлшем бірлігі- вольт - [ В]

9.Кедергінің өлшем бірлігі- ом - [ Ом]

10.Электр кедергісі

11. Меншікті кедергі

12. Ом заңы

13. Ом заңы қандай шамаларға байланысты

Сұрақтар және жауаптар беріледі.

Қалыптпстырушы бағалау: " Шапалақ" әдісі бойынша

Суреттер.

Сабақтың ортасы



25 мин










































Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғағандағы тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбегін есептеу.

Сурет бойынша тізбек құрап оны қалай жалғанғанын анықтау.

Топтарға тапсырма


І топ ІІ топ

«ток күші » «кернеу »


ІІІ топ «кедергі»

Тапсырма бойынша өткізгіштер тізбектей және параллель жалғанғаны топтар анықтап айты.

Өткізгіштер тізбектей жалғанса, олардың ток күші бірдей.

Параллель жалғанғанда барлық резистордағы кернеу бірдей болады.

«Бірлесіп, жұптасып орындайық » әдісі қалыптастырушы бағалау тапсырмалары бойынша есеп шығару.

Тапсырма 1. Кедергілері 5 Ом, 10 Ом және 25 Ом үш резистор тізбектей жалғастырылып, кернеуі тұрақты 120 В желіге жалғанған. Әрбір резистордағы ток күші мен кернеудің түсуін анықтаңыз.

Дескриптор Білім алушы

- желінің жалпы кедергісін анықтайды;

- Ом заңын қолданып жалпы ток күшін есептейді;

- тізбектей жалғанған өткізгіштерге арналған заңдылықтарды ескеріп, әр резистордан өтетін ток күшін анықтайды;

- Ом заңын пайдаланып әрбір резистордағы кернеудің түсуін есептейді.

Тапсырма 2 Кедергілері 10 Ом, 20 Ом және 30 Ом үш резистор параллель жалғастырылып, кернеуі тұрақты 30 В желіге жалғанған. Тізбектегі жалпы кедергіні, жалпы ток күшін және әрбір резистордан өтетін ток күшін анықтаңыз.

Дескриптор Білім алушы

- желінің жалпы кедергісін анықтайды ;

- Ом заңын қолданып жалпы ток күшін есептейді;

- параллель жалғанған өткізгіштерге арналған заңдылықтарды ескеріп, әр резистордағы кернеудің түсуін анықтайды;

- Ом заңын пайдаланып әрбір резистордан өтетін ток күшін есептейді.

Қалыптастырушы бағалау :

« Шапалақ » әдісі


Салыстырып көрейік

DrawObject1 DrawObject2






















Өткізгішті тізбектей және параллель жалғанғанын анықтау





















оқулық, жұмыс дәптері, суреттер.


Сабақтың соңы

(4 мин)




(2 мин)


Кері байланыс: «Кәрзеңке» әдісі.

Сабақ бойынша түсініктерін анықтау.

Үй тапсырмасы: § 26.17- жаттығу №1,2

 125-130 беттер

Оқушылар тақтада көрсетілген кәрзеңкеге өздерінің тақырып бойынша алған түсініктерін стикерге жазып жапсырады.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушылармен жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасалды оқушылар бір бірімен ой бөлісті ,схема бойынша жалғау тапсырма беріледі, сабақ барысында топтық жұмыста көшбасшылық қабілетінің дамуына ықпал жасалады, үйге шығармашылық тапсырма ұсынылады.

Критерий бағалаудың қалыптастырушы бағалауы бойынша келесі бағалаулар жүзеге асады: «Шапалақ»әдісі, Рефлексия "«Кәрзеңке» әдісі " өзіндік бағалау, жұптық, топтық өзара бағалаулар критерий мен дескрипторлар арқылы іске асады.


Кабинет қауіпсіздігі, өткізгіш жалғағанда қауіпсіздік ережесін сақтау, дене сымбатының қалыптасуындағы дұрыс отырудың маңызы айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Оқушылар белсенді. Оқыту тәсілін түрлендіреді.

2. презентацияны пайдалану, Білім ленд сабақтың сапасын арттырады

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Жетектеуші сұрақтар беру қажет.

2.Топтық,жұптық жұмыстар жүргізуде оқушылар бір-біріне көмектеседі.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Сынып оқушыларының ерекшелігіне назар аудардым.

Үндемей өзімен –өзі отырған оқушыны тарту.

























І топ ІІ топ ІІІ топ

«ток күші » «кернеу » «кедергі»



Салыстырып көрейік

DrawObject3 DrawObject4











Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

оқу мақсаттары : 8.4.2.11 – өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу.

Бағалау критерийі

• Өткізгіштерді тізбектей жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізеді
• Өткізгіштерді параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізед

•Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда Берілген сурет бойынша жалғай алады.

Бүгінгі сабақта өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда үш топқа сурет берілді, сол сурет бойынша схеманы жалғап анықтап өздері қорытындылады. Оқушылар өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда өмірден мысалдар келтірді. Тұрмыстық жағдайда ток өзіне параллель жалғанады. Нәтижесінде сынып оқушылары өздерін сабақта емін-еркін ұстап, кез келген мәселе мен жұмысты өздігімен жасап, шеше алатындығының дағдыларын көрсетті  
Сабақтағы оқушылар ынтымақтастығын жоғары деңгейде. Балалар топ

Ішін де бірлесіп жұмыс жасады.

Физика пәнінің ҚР «Білім туралы » Заңын орындау мақсатында білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін орындау жолында ізденіспен еңбек етемін.. Әр оқушының тақырыптарды толыққанды меңгеруге нақты көңіл бөлемін. Жаңа әдіс-тәсілдердің көмегімен өз бетінше білім алу қабілеттерін дамытуға үйрету болып табылады.































 









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
1674
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі