400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім:

Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:

8

Сабақтың тақырыбы:

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.11 – өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу

Сабақтың мақсаты

өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданады, электр тізбектеріне есептеулер жүргізеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин





















Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.





Өткенге шолу

LearningApps платформасы арқылы

1.Электр тогы өту үшін арналған элементтердің, құрылғылардың жиыны (электр тізбегі)

2.Электр тогы ағып өтетін электр тізбегі (тұйықталған тізбек)

3.Электр тізбегіне енетін және онда анықталған қызметті атқаратын жеке құрылғы (электр тізбегінің элементі)

4.Электр тізбегінің графикалық кескіні (электр тізбектерінің сызбасы)

5.Электр тізбегінің негізгі бөліктері: (ток көзі, ток тұтынушылары,

жалғағыш сымдар, кілт)




Амандасады, сабаққа қатыспаған оқушыларды анықтап айтады.

Сабаққа дайындығын көрсетеді.



Оқушылар үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтардың жауабын тауып, сәйкестендіреді.












ҚБ: мадақтау


бағалау парақтарын таратып беру




ҚБ: мадақтау


















бағалау парақтары







https://learningapps.org/
















Сабақтың ортасы


35 мин.

Жаңа сабаққа дайындық

Қызығушылығын ояту.

«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша ой қозғауға сурет беріледі. Үйдегі, мектеп кабинеттеріндегі жарық шамдары қалай жалғанған?


Өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау. 


Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын хабарлау


Мұғалім түсіндірмесі (2-3 минут)


Оқушылар үйдегі, мектеп кабинеттеріндегі жарық шамдары қалай жалғанғанын болжай алады. Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.











Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысып, дәптерлеріне жазады.

ҚБ: мадақтау


Суреттер
















жұмыс дәптері

Жеке жұмыс “Ұшқыр ой” әдісі

(сараланған тапсырмалар)

А деңгей

Тізбектей және параллель қосылымдардың айырмашылықтарын түсіндіріп, қолданылу жағдайларын сипаттаңыз. (1)

В деңгей

Екі шамды параллель қосқан кезде әрқайсысының кедергісі 5 Ом, ток көзі 10 В. Жалпы кедергі мен токты есептеңіз. (1)

С деңгей

Үш шамды тізбектей қосу. Әр шамның кедергісі 10 Ом. Ток 2 А. Жалпы кедергіні және әр шамдағы кернеуді есептеңіз. (2)


Тапсрыманы жеке жазбаша/ауызша орындайды.

Дескриптор:

-тізбектей және параллель жалғауға салыстырмалы талдау жасайды-1 б.

-жалпы кедергі мен ток күшін есептейді-1 б.

-жалпы кедергіні есептейді-1б.

-әр шамдағы кернеуді есептейді-1б.

Тапсырма бар парақша

Жұптық жұмыс “Сенімді серіктес” әдісі

PhET платформасында суретте берілген тізбек түрін құрастырады.

Тапсырманы жұбымен бірге орындайды.

Дескриптор:

-суреттегі тізбектің түрін анықтайды-1б.

-схемаға қарап тізбек құрастырады-1б.


ҚБ: мадақтау

ұялы телефон

суреттер

https://phet.colorado.edu/sims/html/circuit-construction-kit-ac-virtual-lab/latest/circuit-construction-kit-ac-virtual-lab_all.html

Жеке жұмыс

“Кім жылдам” әдісі арқылы есептер шығару
1.
Үйдегі ас бөлмеде 2 шам параллель жалғанған. Әр шамның қуаты 60 Вт, ал кернеу 220 В. *Әр шам арқылы өтетін ток күшін табыңыз. *Барлық жүйенің тұтынатын қуатын есептеңіз. (Жауабы: 0.27 А; 120 Вт)

2. Электр плитасының қыздыру элементтері тізбектей жалғанған. Әр элементтің кедергісі 25 Ом, ал жалпы кернеу 220 В. *Әр элемент арқылы өтетін ток күшін анықтаңыз. (Жауабы: 4.4 А)

Оқушылар берілген есептерді жеке орындайды.

Дескриптор:

-ток күшін есептейді-1б.

-қуатты табады-1б.

Тапсырма бар парақша

Жеке жұмыс.

Функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырма

Автокөліктің электр жүйесі

Әсет көлігінің жарық шамдарын жөндеп жатқан механиктің жұмысын бақылап тұрды. Ол механиктен: "Неліктен көліктегі фаралар параллель жалғанады?" – деп сұрады. Механик жауап берді:"Егер шамдар тізбектей жалғанса, бір шам күйіп кеткенде, екіншісі де сөнеді. Бірақ параллель жалғау арқылы әр шам өз алдына жұмыс істейді, бұл жүргізуші үшін қауіпсіздік тұрғысынан өте маңызды."

✅ Сұрақ: Автокөлік шамдарының параллель жалғануының басқа қандай артықшылықтары бар? Бұл тәсілдің басқа құрылғыларда да қолданылатынын мысалдар арқылы түсіндіріңіз.

Мәтінмен оқып, танысады. Берілген сұраққа жауап береді.

Дескриптор:

-параллель жалғаудың артықшылықтарын атайды-1 б.

–мысал келтіреді-1 б.

тапсырма бар парақша

слайд

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия

“Білім шамы” әдісі арқылы

Түсінікті

Түсініксіз

Мүлдем түсінбедім



Үйге тапсырма: Тізбектей және параллель жалғау бойынша қосымша есептер шығару;


Бағалау

Сабақ бойынша

Түсінікті...

Түсініксіз...

Қиын...болған жерлерін айтады



Үй жұмысын алады














Дескриптор бойынша 10 баллдық жүйе

Слайд

Қағаз шамдар


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 сәуір
141
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі