|
-Бүгінгі сабақты
меңгерген соң, потенциалдар айырымының физикалық мағынасын
түсініп, оны есептер шығаруда қолдана алатын
боласыздар.
Теориялық
материал
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең,
ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің
қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің
кедергілерінің қосындысынан
тұрады:
I =
I1 =
I2 = … =
In;
U =
U1 +
U2 + … +
Un ;
R =
R 1 +
R2 + … +
Rn.
Егер бірінші өткізгіштің
соңы екінші өткізгіштің
басымен, екіншінің соңы
үшіншінің басымен жалғанса, онда
мұндай қосуды тізбектей
қосу деп
атайды.
Өткізгіштерді паралель жалғағанда,
тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей,
ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
U = U 1 =
U 2 = … =
Un
I =
I 1 +
I 2 + … +
In
= + + …
+ Егер
өткізгіштердің басын бір
ғана А
нүктесінде, ал ұштарын
екінші бір В нүктесінде жалғаса, онда
мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау
деп атайды.

2 тапсырма
Физикалық
диктант.
-
Пайдаланған мені
жұрт
Отын менен
жарыққа
Қызмет етем
әрқашан
Түсіне білген
халыққа
Жауабы: (Электр
тогы)
-
Бойындағы зарядты
Ұзақ уақыт
сақтайды
Реленің күшімен
Бүлдірместен
баптайды.
Жауабы:
(Аккумулятор)
-
Ток бар жерде, біреу
бар
Өлшемі вольт,
киловольт
Ұмытып кетпе тағы
да,
Гектавольт пен
мегавольт
Жауабы:
(Кернеу)
-
Аса қажет өмірге халық
үшін
Пайдаланам күн сайын жарық
үшін
Жауабы: (Электр
шамдары)
-
Мұз жарғыш жүзіп
келеді
Бауыры қызып
келеді
Абайла ойып түсер
Ондайлар бұзық
келеді
Жауабы:
(Үтік)
-
Шам, плита жұмысын жасай
қалды
Ал, оның есептен - ақ басы
айналды
Жауабы: (Электр
есептегіш)
Есепті шығар. (3
тапсырма)
-
Электр тізбегіне
қосылған амперметр 2 А – ді көрсетсе, 1 минут ішінде тізбек арқылы
өтетін зарядтың шамасы
қандай?
-
Электр тізбегі арқылы
1,5 Кл заряд өтеді. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6В. Электр
зарядының атқаратын жұмысы
қандай?
Бастарыңдағы физикалық
шамалар мен олардың өлшем бірліктері бойынша жұптарын
табу
Жаңа тақырып
бойынша есептер
-
Кедергілері 5Ом, 6 Ом,
12 Ом үш өткізгіш тізбектей жалғанған. Егер тізбектегі кернеудің
түсуі 4,6 В болса, амперметр қанша ток күшін көрсетеді және үшінші
өткізгіштегі кернеудің түсуі неге
тең?
-
Тізбек кедергілері 1,5
Ом және 10 Ом болатын параллель жалғанған өткізгіштерден тұрады.
Оның жалпы кедергісін
табыңдар?
Тізбек
құру:
|