жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өткізгіштің электр кедергісі, өткізгіштің меншікті кедергісі. Реостат.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.4 |
Мектеп: №4 ЖОББМ |
||||||
Күні: 17.01.2019 ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Танабаева Г.С. |
||||||
Сынып: 8 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||
Сабақтың тақырыбы |
Өткізгіштің электр кедергісі, өткізгіштің меншікті кедергісі, реостат. Resistance of electrical conductor, specific resistance, rheostat |
||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.4.2.7 – кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру; 8.4.2.8 – есеп шығарғанда өткізгіштің меншікті кедергісінің формуласын қолдану. |
||||||
Сабақтың мақсаты
|
Кедергінің физикалық мағынасын, өлшем бірлігін білу. Электр кедергісі және меншікті кедергінің формуласын есептер шығаруда қолдану. Өткізгіштің меншікті кедергісінің формуласын түрлендіріп, басқа да параметрлерін есептеу. |
||||||
Бағалау критерийі
|
Кедергінің физикалық мағынасын, өлшем бірлігін түсінеді. Электр кедергісі және меншікті кедергінің формуласын қолданып есептер шығарады. Өткізгіштің меншікті кедергісінің формуласын түрлендіре отырып басқа параметрлерін есептейді. |
||||||
Тілдік мақсаттар |
реостат
– реостат – rheostat |
||||||
Құндылықтарға баулу
|
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығын дарытуда оқушының бойында шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін арттыру арқылы бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу. |
||||||
Пәнаралық байланыс |
Есептер шығаруда математика және химия пәндерімен байланыстырамын. |
||||||
Алдыңғы білім
|
Біледі: Тізбек бөлігі үшін Ом заңын біледі. Білуі керек: Есептер шығаруда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданады. |
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы 3 мин
Айтылым Тыңдалым Жазылым
2 мин
Білу, түсіну, айтылым, жазылым тыңдалым 5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару. «Ыстық алақан» әдісі бойынша оқушылар бір - бірінің қолын ұстап, тілек айтады. Оқушыларды «Атом – молекула » әдісін пайдалана отырып топқа бөлемін. Сабақта қарастырылатын мәселелер:
Үй тапсырмасын тексеру. «БББ кестесі» тәсілі. Оқушылар өткен сабақтардан білетіндерін кестенің Білемін бағанына жазады.Мұғалім сыныптан диалог арқылы оқушылардың не білетіндерін дауыстап айтқызып, тағы не білгілері келетіндерін Білгім келеді кестесіне жазуларына уақыт береді. Ж
Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шаманы кедергі деп атайды. SI жүйесінде кедергіні Оммен өрнектейді. R = U/I 1 Ом = 1 В/ 1 А Тізбектегі кедергіні өзгертіп отыру үшін реостаттар қолданылады. Олар реттегіш және іске қосқыш болып бөлінеді.
Реостаттың
шартты белгісі:
Кедергі өзгергенде, тізбектегі ток күшін біртіндеп өзгерту үшін реостат қолданылады. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы меншікті кедергі деп атайды. Меншікті кедергіні ρ әріпімен белгілейді:
Халықаралық жүйеде (SI) меншікті кедергінің өлшем бірлігі 1 Ом*м |
Жазулар жазылған стикерлер
|
|||||
Сабақтың ортасы
білу, түсіну айтылым, тыңдалым 8 мин
білу, түсіну қолдану
15 мин
есеп шығару
жазылым |
«Джигсо» әдісі – әр топқа тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірмелі материалдар түрінде таратылады.Әр топ берілген тапсырманы топ ішінде талқылап, сосын түсінгенін қарсы топқа түсіндіреді. 1-топ Тізбектегі кедергіні қалай өзгертуге болады? 2-топ Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді? Дескриптор:
G. Топпен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар. «Сый табақ» әдісі.
А деңгейі Өткізгіштен 0,5 А ток өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 10 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең? График бойынша өткізгіштің кедергісін анықта.
В деңгейі Кедергісі 84 Ом – ға тең реостаттың орамасының көлденең қимасының ауданы 1 мм2 болатын никель сымнан жасалған.Сымның ұзындығы қандай?
С деңгейі Мыстан жасалған сым орамының кедергісі 0,83 Ом және массасы 0,21кг. Сымның ұзындығын және көлденең қимасының ауданын табыңыз.Мыстың тығыздығы 8900 кг/м3, меншікті кедергісі 1,7*10-8 Ом*м.
Дескриптор:
|
Үлестірмелі материалдар
б Деңгейлік Тапсырмалар
|
|||||
Сабақтың соңы
айтылым тыңдалым сыни ойлау 5 мин
Рефлексия
Үй тапсырмасы |
I.Жеке жұмыс «Ыстық орындық» әдісі – өтілген тақырыпты қорытындылау үшін оған қатысты қандай-да бір ұғымды, заңды, формуланы және т.с.с. сипаттайтын оқушыны таңдаймыз. Сыныптың қалған бөлігі бұл «кейіпкерге» кезек бойынша сұрақ қояды, ал ол сол кейіпкер сияқты сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, себебі, орындық ыстық. Рефлексия. «Бас бармақ» әдісі
Бұл – оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің тағы бір жылдам тəсілдерінің бірі. Осы тəсілді бағдаршам қолданылған сияқты жағдайларда пайдалануға болады. Оқушылар: толықтай түсінсе, сенімді болса көрсетіп, бас бармағын жоғары көтереді;
түсінуге
жақын болса, аздап білсе,
«Кедергі мен меншікті кедергінің айырмашылығы» тақырыбында эссе жазу. |
Стикерлер |
|||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||
Оқушыларға жеке қолдау көрсету. Оқушыларға тапсырмалар мен дереккөздерді бергенде оқушылардың оқу қабілеттерін ескеру. «Мұғалімнің шолуы» тәсілі арқылы барлық оқушылардың тақырып бойынша білімдерін қалыптастырып, танымдық қабілеттерін ашамын. «Джигсо» тәсілі арқылы бірін-бірі оқытуға мүмкіндік беремін. Бұл тәсілде озық ойлы оқушылар жада аймағын ұйымдастырады. «Сый табақ» тәсілінде берілген есептерді оқушылардың басым бөлігі шығарады. Кейбірі С деңгейіне берілген тапсырмаларды орындай алады. |
Сабақ барысында бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Бағалау критерийлеріне сай тапсырмалар беріледі. Әр тапсырманы орындау барысында оқушыларға дескрипторлар ұсынылады. Дескрипторларға қарап тапсырманы орындай отырып оқушылардың білімі қалыптасады. Тапсырманы орындау барысында оқушыларға кері байланыс ұсынылып, оқуының қай деңгейде екені туралы хабар беруде мынадай кері байланыс сөз тіркестерін қолданамын: "Сен жетістіктерге жетудесің!" "Сенің тəжірибені сипаттауың нақты жəне логикалық түрде. " " Келесі жолы саған өз көзқарасыңа қатысты қателіктерің туралы ойлану қажет.
|
Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіру және сақтау
|
|||||
I,
А

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген