Открытое занятие Алпамыс Батыр

Тақырып бойынша 19 материал табылды

Открытое занятие Алпамыс Батыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Открытое занятие Алпамыс Батыр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы: Ересек

Білім саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Алпамыс батырда қонақта»

Мақсаты: 1)білімділік: Ұлттық ойындардың түрлері өте көп, ата- бабаларымыздың әр түрлі той жиындардың ұлттық ойындарсыз өтпегенін балаларға түсіндіру. 2)дамытушылық: Балаларды ұлттық ойындар арқылы шапшаңдыққа, ептілікке, жылдамдыққа үйрету. Асықты оң және сол қолмен себетке лақтыруға, арқанның үстімен алға қарай жүруды үйрету.

3)тәрбиелік: Балалардың ұлттық ойындарға деген қызуғушылықтарын арттыру, ұйымшылдықпен ойнауға баулу.

Құрал- жабдықтар: бала санына қарай қамшы,арқан, асықтар, екі ыдыс.

Билингвальды компонент: асық- альчик, ойын- игра, ұлттық-народный.

Қызмет саласы

Педагогтың іс- әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қызықтырушылық




I-бөлім Кіріспе

Жалпы сапқа тұру, түзелу, сәлемдесу. Балалар, бұрынғы өткен заманда Қазақстан жерінде күшті батырлар өмір сүріпті.Олар бір – бірімен әр түрлі жарыстар, ойындар ұйымдастырған екен. Ал енді, балалар, біз де бүгін Алпамыс батырға қонаққа барайық. Алпамыс батыр алыста тұрады, оған жету үшін біздер атпен баруымыз керек. Кәне бәріміз атқа мінейік.

«Батырлардың аттарының» жүрісі (тізені жоғары көтеріп).

Батырлар аттарына отырып шауып кетті: аяқтарын артқа лақтырып жүгіру.

«Батырлардың аттарының» жүрісі (тізені жоғары көтеріп).

Батырлар аттарына отырып шауып кетті: аяқтарын артқа лақтырып жүгіру.


Оқытушы : Алпамыс батыр, біздің балалар сіздің мықты, епті екеніңізді естіп, сізге қонаққа келді.

Алпамыс батыр : Қош келдіңіздер балалар. Енді мен сендердің күштеріңді, ептіліктеріңді, жүйріктіктеріңді байқағым келеді. Сендердің күштерің жоқ сияқты ғой. Кәне маған көрсетіндерші.

Оқытушы : Қателесесіз, Алпамыс батыр. Біздің балалар мықты және епті. Қазыр, біздер соны дәлелдейміз. Кәне, балалар батырға күшімізді көрсетейік. Оңға қарай бұрыламыз.

Балалар қазақтың ұлттық әуенімен залға кіреді.


Келген қонақтармен амандасады.







Балаларды Алпамыс батыр қарсы алады. Барлығы батырмен амандасады.



Ұйымдастырушылық ізденушілік

















Қамшымен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

1. «Біз күштіміз». Бастапқы қалып : екі аяқ иық кеңдігінде. Қамшының екі ұшынан ұстап, қолды төмен түсіріп тұрады. 1. Қамшыны кеуде тұсына әкелу. 2. Б.қ .-қа келу.

2. «Біз штангашымыз». Б.қ .: екі аяқ иық кеңдігінде. Қамшының екі ұшынан ұстап, қолды төмен түсіріп тұрады. 1. Қамшыны жоғары көтеру. 2. Шынтақ-қа түсіру. 3. Жоғары көтеру. 4. Б.қ .-қа келу. 5-6 рет.

3. «Бұрылыстар». Б.қ .: екі аяқ иық кеңдігінде. Қамшының екі ұшынан ұстап, қолды төмен түсіріп тұрады. 1. Оң (сол) жаққа бұрылу. 2. Б.қ .-қа келу. Әр жаққа 4 реттен қайталау.

4. «Отыру». Б.қ .: негізгі тұрыс. 1. Қолдағы қамшыны алға созып, отыру.

2. Б.қ .-қа келу. 6 рет.

5. «Алға иілу». Б.қ .: еденде отырып, аяқты алшақ ұстау, қолда қамшы.

1. Алға иіліп, қамшыны аяқ ұшына тигізу. 2. Б.қ .-қа келу. 6 рет.

6. «Секіру». Б.қ .: екі аяқ бірге, қол төменде, қамшы баланың алдында жатады. Қамшыдан секіру. 5 рет қайталау. Бір орында тұрып жүру, қайтадан. 5 рет қайталау.

II- бөлім Негізгі

Жалпы дамытушы жаттығулары (өрілген жіппен)

1) «Жіпті соз» жаттығуы. Б.қ.: аяқ сәл алшақ, жіптің екі шетінен керіп ұстап, төмен түсіріп тұру. 1-2- жіпті жоғары көтеру, оған қарау.

3-4- б.қ. келу. 5-6 рет.

2) «Бұрылу» жаттығуы.Б.қ.: аяқ ияқ деңгейінде, жіпті екі шетінен керіп , иық бойында ұстап тұру. 1- оңға бұрылу, қолды оң жаққа созу. 2-б.қ.оралу 3-сол жаққа орындау, 4-б.қ.оралу. Әр жаққа 5-6 реттен.

3) «Сәл отыру» жаттығуы. Б.қ.: жіптің екі шетінен ұстап тұру. 1-2- сәл отыру, арқаны түзу ұстап, өкшені көтеру, жіпті екі жағынан ұстаған күйде қолды алға созу, басты тік ұстау. 3-4- б.қ. оралу 6 рет.

4) «Еңкею» жаттығуы. Б.қ.: аяқ ияқ деңгейінде, қолды жіппен желке тұсында ұстау. 1- жіпті ұстаған күйде жоғары созу. 2- оңға еңкею. 3-б.қ. оралу 4- сол жаққа орындау. 5-б.қ. оралу

4 реттен қайталау.

5) «Бүгілу, майысу» жаттығуы. Б.қ.: етпетінен жату, жіп алға созылған қолда. 1-3-артқа қарай майысу, жіпті жоғары көтеру. 4- б.қ.оралу 5-6-рет.

6) «Жіпті бойлай секіру»жаттығуы. Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол төмен, жіп жерде, шетте. Жіп бойы алға, артқа секіре жылжу. Секіруді жүрумен алмастыра 3-4 рет қайталау.


Алпамыс батыр : Жарайсыңдар балалар, бірақ мен сендердің күштеріңді тағы да сынағым келіп тұр. Өткен заманда біздің ата-бабаларымыз асықты қастерлеп, жинаған, арқан тартыс арқылы күштерін сынаған.

Оқытушы :Олай болса Алпамыс батыр келесі жаттығуымызды арқан және асықпен жасайық.


Негізгі қимыл- қозғалыс жаттығулары.

1) «Арқанның үсімен алға қарай жүру».

2) «Дәлдеп ату» асықты оң және сол қолмен ыдысқа лақтыру (3-4 м арақашықтықта).


Алпамыс батыр :Балалар, менің алтын теңгелерімді бар еді, соны көрген жоқсындар ма ?

Оқытушы : Алпамыс батыр мынау емес пе?


«Теңге алу» ойыны ұйымдастырылады.


Алпамыс батыр : Жарайсыңдар,балалар өздеріңнің күштерінді көрсеттіндер. Менің теңгелерімді тауып бергендеріңе мен алғыс ретінде мына асықтарды сыйға тартамын.


«Батырлардың аттарының» жүрісі

(тізені жоғары көтеріп).

Батырлар аттарына отырып шауып кетті:

аяқтарын артқа лақтырып жүгіру.

Жәй жүріс.


Жәй жүріп, үстел үстінен қамшыны алады.










Жалпы жаттығуларды

педагогтің көрсетуімен орындайды.





































Балалар екі топқа бөлінеді.


Оқытушы асықты қалай лақтыруды көрсетеді.








Балалар ойынға белсенді қатысады.



Балалар аттарына отырып, балабақшаға оралады.


Рефлексивті зтүетушілік







III бөлім.


Бір тізбекпен жүру. Тыныс алу жаттығулары.

Балалар, күшіміз көп болу үшін сорпа ішу керек. Қолымыздағы сорпа ыссы, кәне оны суытайықшы.

Балалар жаттығуды орындайды. Залдан шығады.


Мұрынмен дем алып, аузынан дем шығарады.

Қонақтармен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Ұлттық ойындардың түрлерін білуі.

Жаттығуды дұрыс орындауды болуы.

Асықты оң және сол қолмен себетке лақтыруға, арқанның үстімен алға қарай жүруды білуге тиіс.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2023
213
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі