15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
открытый урок 4 класс числительный
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Оқу мақсаты
1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру ,тәуелдік жалғауларының қолданысын білу; жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу,мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: Тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі. Жаңа білімді меңгереді. Сауатты, көркем жазады. Көптеген оқушылар: Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Кейбір оқушылар: Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады.
Пәнаралық
байланыс Әдебиеттік оқу
Бағалау критерийі Жеке, жұптық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Үй тапсырмасы
Амандасу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Жүректен жүрекке Даламдай кең пейілім (құшақтарын ашады), Жүрегім толы мейірім (жүрек тұсын қолдарымен ұстайды). Мен үшін жоқ уағың (қолдарымен кіші дегенді көрсетеді), Бәріңе ортақ шуағым (екі қолын көтереді). «Бастауышын тап» ойын-жаттығудың шарты: мұғалім «соғылды, тұсалды, семірді, күлімсіреді, келді» сөздерін айтады, ал оқушылар қимыл, ісәрекет иесі – бастауышты табады. Мысалы: Қайрат келді. -Жақсы, орындарыңа жайғаса қойыңдар. Енді кім айтады, үйге қандай тапсырма берілді? (оқушылардан сұрау) Кері байланыс: -Жарайсыңдар! Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер. Шаттық шеңбері
Сабақтың ортасы Дәптермен жұмыс Оқылым 3.2.3.1 (Ұ; Т; Қ) Өлеңді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру. 56-жаттығу. «Үйрену». Өлеңді түсініп оқып,оқулықта берілген сұрақтарға жауап береміз. Сұрақтар: 1. Ғарышқа ұшу қалай пайда болды? 2. Адам қайықты қалай ойлап тапты? 3. Бу мәшинесі қалай дүниеге келді? -Оқушылардың жауабын тыңдап, топта талқылау. Жеке жұмыс -Өлеңнен тәуелді сөзді тап. Сол сөзді үш жақа жекеше, көпше түрді тәуелдеп жаз. Кері байланыс: -Тәуелді сөздерді табады. -Оны үш жақа жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаза алады. Бағалау: жұппен бір-бірінің дәптерін тексеріп, бағалайды. Топтық жұмыс Адам табиғат құбылыстарынан тағы нені үйренуі мүмкін? Деген сұраққа әр топ өздерінше ойланып, жауап беріңдер. Кері байланыс: -Қойылған сұрақты топта талқылайды; -Топта өз ойын еркін білдіреді. Сергіту сәті! (балалар жұдырықтарын түйеді) Бір үйде біз нешеуміз? Кел, ойнайық екеуміз: Бас бармағым – атам, Балаң үйрек – апам, Ортан терек – әкем, Шылдыр шүмек – анам, Титтей бөбек – мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып, жұмады) 57-жаттығу. Оқушылар сөзжұмбақтың тапсырмаларын оқып, шешуін табады. Шешуі: шатыр. 1. Қарлығаш 2. Аю 3. Кітап 4. Шырша 5. Кемпірқосақ Сөзжұмбақтың шешуіндегі сөзді тәуелдеп айтады. «Шатыр» неге ұқсатудан шықты деп ойлайсың? сұрағына өз ойларын білдіріп, дәлелдеп жауап береді. Кері байланыс: -Сұрақтарға жауап беру арқылы, сөзжұмбақты Оқулық Жұмыс дәптері А 4 қағаздар Сергіту сәтіне арналған жинақ Оқулық
шешеді. -Шыққан жауапты тәуелдеп айтады. 58-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден «Адырна» мәтінін құрастыр. -Балалар, «Адырна» не екенін білеміз бе? Белмесек, бейнебаянға назар аударайық. -Сонымен адырна дегеніміз не екен? Жақсы, енді оқулықта берілген сөйлемдерді пайдаланып, мәтін құастырамыз. -Алдымен, сонан кейін, сонан соң, ақырында сөздерін пайдаланып, «Зат есімді талдау үшін не істейсің?» тақырыбында 7-8 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады. Кері байланыс: -Мәтін құрайды, оған ат қояды. -Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрай алады. Бейнебаян Жұмыс дәптері
Сабақ соңы Үй тапсырмасы: 59-жаттығу. Оқушылар қалауы бойынша берілген тақырыптардың біреуімен хабарлама жаз. 1. Зат есім туралы не білесің? 2. Сөйлеуімізде зат есім қандай рөл атқарады? Рефлексия Рефлексия Микрофон Күлегештер тарату
Дифференциация: Балаларға қалай
көмектесесіз? Қабілетті балаларға
қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау: Оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?? Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Бақылау: Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы болды ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша ісәрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?
Қорытынды бағалау:
Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.
1.
2.
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт.
1.
2.
Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы және жеке
оқушылар жайлы не білдім?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген