Материалдар / Открытый урок 7-класс Экологические проблемы почв, их охрана

Открытый урок 7-класс Экологические проблемы почв, их охрана

Материал туралы қысқаша түсінік
7.3.4.5. Классифицирует экологические проблемы почв и предлагает пути их решения
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақ тақырыбы:  Ғабит Мүсірепов. Ана құшағында ( «Қазақ солдаты» романынан үзінді) 


Мақсаты: Оқушылар  Ғ. Мүсіреповтың « Қазақ солдаты » романынан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесін түсініп оқуға және түсінгенін әңгімелеп айтуға үйренеді.  Міндеттері: Әңгіменің мазмұнын ашу, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, оқу талдау, бекіту.Өз ойларын ортаға салып, топпен жұмыс істеуге, ананың бала өміріндегі орнын білуге үйрету, романдағы басты кейіпкер туралы білім беру.Өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастырып, әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.Ананы құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Батырдың да, алыптың да анадан туатындығын, сондықтан ана - өмір бастауы екендігін ұғындыру. Алдарына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылу.

Көрнекілігі: Кітап, слайд, суреттер, бағалау парақтары , гүлдер
Әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, , көрнекілік, топтық жұмыс, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау элементтері
Сабақтың түрі: аралас Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық . ІІ.Үй тапсырмасы. Слайд «Ана» Баубек Бұлқышев. «Ана» жатқа мәнерлеп айту. «Ана» тақырыбына  ассосация құру ІІІ. Жаңа сабақ 1. «Ой қозғау» . «Ойна да ойла!» тақырыпты табу. 2.Ғабит Мүсірепов туралы мағлұмат. Слайд 3.Қазақ солдаты Қайырғали Смағұлов туралы мағлұмат Слайд 4.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу, талдау 5.Дәптермен жұмыс .Кейіпкерлерді жазу., ІҮ. Бекіту. «Иә немесе жоқ» Ү.Қорытындылау. « Менің анам» шағын әңгіме жазу Қанатты сөздер , мақал –мәтелдер айту. Семантикалық картаны толтыру ҮІ.Үйге тапсырма: 184-185 бет мәтінді оқып, мазмұндау.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді .Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. 
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. 
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,  Болып кетер сонда дереу жан-жағым. 
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

  ІІ . Үй тапсырмасы    Б.Бұлқышев . «Ана» шығармасын жатқа айту. Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған - Ана. «Бала-ананың бауыр еті»-дейді. Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені, ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсылығын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды. Сондықтан да, әр бір бала өз анасын ренжітпеуі тиіс. Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан. Сенің барлық қылығыңды кешіреді, аяйды.

«Ана» тақырыбында постер қорғайды.

  ІII.  Жаңа сабаққа әзірлік

Сендердің мектепке келгендеріңе де 4 жыл болды. Жыл өткен сайын білімдерің ұштала түсті. Ондай болса қазір біз «Ойна да, ойла! » деген ойын ойнайық. Ол үшін берілген сандарды өсу ретімен орналастырсаңдар, жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

А

н

а

қ

ұ

ш

а

ғ

ы

н

д

а




Қызығушылықты ояту «Ой қозғау» «Ана құшағы» дегенде ойларыңа не келеді? Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.
Осы ана құшағын сезіндіріп, сол сәтті баян ететін «Қазақ солдаты»романының үзіндісімен танысамыз. Слайд « Ғ.Мүсірепов өмірбаяны; шығармалары; Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы  (22 наурыз 1902 – 31 желтоқсан 1985) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында дүниеге келген.  Оның «Тұтқын қыз», «Қазақ солдаты», « Ұлпан » т. б. атты еңбектері бар. Алматы қаласында ол кісіге арналған ескерткіш бар. Қазақ батыры 1945ж. –Қазақ солдаты 1950

IV.Мағынаны тану Кемеңгер жазушының Қазақ солдаты деп отырғаны кім екен? Қайырғали Смағұлов 1919-1990 жж жылы Гурьев облысы, Қайыршақты ауылында туған. «Қазақ солдаты» романы «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай - қарай зытам… Зытып келе жатқаным, қашып келемін. Артыма қарай беретінім, қорқып келемін» - деген сөздерімен басталады  Бұл әңгімеде Қайырғали Смағұлов деген баланы бәрі Қайрош деп атайды. 10 жастағы Қайрошқа ауылдың сиыр, бұзау, торпағын бақтырып қояды. Оның алдына 87 бас мал салып беріп, егер бір бас малды жоғалтсаң, 10 жыл қораға қамаймын дейді қара мұртты. Мен қашан оқимын деп жүргенде бір қасқа торпақ жоғалып кетеді. Ары санайды  86, бері санайды 86. Жер жұтты ма? Ізі де жоқ. Қорқып кеткен Қайрош қалаға қарай қаша жөнеледі.Зытып келем, зытып келем.
Артыма қарай - қарай зытып келем.
Қайрош сол зытқаннан Гурьев қаласындағы балалар үйіне орналасады.
- Балалар үйі кімдерге арналған?
- Панасыз, әке - шешесіз балаларға арналған. «Сәби бақыты» тыңдау
Слайд «Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің? » -деген әлсіз дауыс естіледі - Кімнің даусы деп ойлайсыңдар?
Әрине, анасының даусы.
Ана неліктен бұлай деді екен ? Біз мұны әңгімені оқу барысында анықтайық.

Ү .  Жаңа сабақ «Ана құшағында » Әңгімені 4 – 5 балаға жалғастыра оқыту. Сұрақтар қою арқылы мазмұнын аша түсу.
Мәтін мазмұнымен жұмыс.
1. Анамен баланың бір - біріне деген сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?
2. Қайрош анасымен неге ауылға кетіп қалмады?
3. Егер мен Қайроштың орнында болсам не істер едім?
Жазба жұмысы. Қайроштың анасына сипаттама берейік.
Қайроштың анасы - ауыл анасы. Басында үлкен жаулығы, Көк шұбар кең көйлегі бар. Мейірімді, ақылды.
Мәтіннің әр бөлігі әр топқа беріледі, сол бойынша жұмыс жасаймыз 1топ .   «Ана» портретін салу 1-топ. Ананың сырт келбеті

2-топ. Ананың мінезі 3-топ. Ананың сөйлеген сөзі

2 топ   Бес жолды өлең  «Ана » 3 топ    Ана туралы  мақал – мәтелдер айт   

4. Дәптермен жұмыс.

Карточкалар таратылып жекелеген жұмыс түрі жасалынып, дәптерге жазады

Сергіту сәті: Ән: ҮІ  Ой толғаныс

1 Анасы Қайрошты қайда іздеп келді? ( балалар үйіне )

2 Қайроштың досының аты кім? (Шеген)

3 Оның атын әңгіменің қай жерінде кездестіресің? (Әңгіменің басында … тізесіне сорпа шашырағанда; Анасы кеткенде Қайроштың көзінен жас шыққанда.)

4 Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?

5 Мариям апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың?

6 Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады?

7 Қайроштың анасының портретін жаса 

ҮІІ    Топпен жұмыс Қайроштың анасына сипаттама бер: Киімі Сөйлеген сөзі мінезі «Бес жол өлең» стратегиясы.5 жолды өлең стратегиясы: 1 зат есім, 2 сын есім, 3 етістік, 1 сөйлем, 1 синоним құра. Зат есіміміз «Ана» сөзі болсын.
- «Ана» -мейірімді, сезімтал – тәрбиелейді, жұбатады, үйретеді – Ана мейірімділікке үйретеді –шеше. Бізді барлық жақсылыққа жетелейтін ол біздің анамыз . ҮІІІ .Топтастыру. Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Жердің өзіне де жер ана деп теңеу айтып жүрміз.Аналардың қоғамда алатын орны да ерекше. Себебі, ана тек баласының тәрбиелеушісі ғана емес, ол – қызметкер.(Оқушылар аналарының қызметтері жайлы ). 
- Ана бізге жарық дүние сыйлады. - Барлық жақсыны бізге арнады. 
- Барлық жақсы сөздерді айтады.  -Аналарың сендерді қалай еркелетеді? 
-Құлыншағым, айым, күнім, ботақаным, жаным. т.б. 
5. Интерактивті тақтамен жұмыс. 
-Ана күн секілді айналаға мейірімін, жылуын шашып тұрады. Олай болса мына күннің айналасына аналарыңның сендерге айтатын жылы сөздерін жаза қойыңдар. 

«Дұрыс жауабын тап» немесе Иә ,жоқ ойыны.
Шарты: ойын барысында бірнеше сөйлемдер оқылады,егер оқылған сөйлем дұрыс болса,қол шапалақтаймыз;

Дұрыс емес болса, сөйлемді дұрыстаймыз.
1.Анамның даусын айырмай тұрып ақ жүрегім қақ айырылып қоя берді.Қайроштың ішкі сезімі (қол шапалақтау)

2.«Қазақ солдаты »романының авторы- Ғ.Мүсірепов (қол шапалақтау)

3.Қайроштың досының есімі- Баубек (Шеген)

4.Мариям апай- Қайроштың анасының есімі (тәрбиеші апайы)

5.Қайрош- Атырау облысында туған. (қол шапалақтау) IX.Қорытынды І. Топтық жұмыс.
І топ: Қайроштың анасына сипаттама жаз. Қайроштың анасы қандай? Киімі, мінезі, сөйлеген сөзі.
ІІ топ: Ата-ана туралы мақал - мәтел ойлау.
ІІІ топ: "Әке - шешем және мен" тақырыбына мәтін жазу.
ІҮ топ: Ана туралы өлең жазу.
Топтың жұмысы талданады.         
Топтық жұмыс
1. Менің анамның ішкі дүниесі
2. Менің анамның портреті.
3. Ананың қоғамдағы ролі.           
5. Ана кім? Қанатты сөздер айту

- Ана құдыретті жан - Ана жер әлемнің анасы - Ана өмір сыйлаушы

Ана туралы 1 шумақ ән орындап беріңдер.
2. Семантикалық картаны толтыру.
Әңгіменің аты    Авторы    Кейіпкерлер    Оқиға орны    Әңгіме несімен ұнады 
?
X.Үйге тапсырма
Мәтінді оқу,түсінгенін айту, «Менің анам»шығарма жазу

XI.Бағалау

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі