жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өтпелі тақырып «Дені саудың жаны сау» Тақырыпша
Қараша айы, 2017жыл
Өтпелі тақырып «Дені саудың жаны сау»
Мақсаты: Денсаулық сақтау технологиялары негізінде балалардың спортпен шұғылдануға деген қызығушылықтарын арттыру. Балалар әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде олардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту. Шығармашылықтары мен ойлау, қиялдау сезімдерін жетілдіру.
Міндеттері:
-
Спорттық ойындар мен жаттығу қимылдарын үйрету барысында балалардың белсенді қатысуы мен ынталануын қадағалау;
-
Құрдастары және ересектермен қарым-қатынас жасауда сөздік қорларын және сөйлеу мәдениетін дамыту;
3. Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, ой-өрістерін кеңейту;
4. Балаларды құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
ЦИКЛОГРАММА
І апта (30-3 қараша) 2017 ж Ортаңғы «Балауса » тобы
Өтпелі тақырып «Дені саудың жаны сау» Тақырыпша «Өзім туралы»
|
Күн тәртібі |
Уақыты |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма |
|
Балаларды қабылдау |
|
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы. Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс. |
||||
|
Ата – аналармен әңгімелесу |
Қабылдау ережелері, демелыс күндерін өткізу дәстүрлері т.б. бойынша ата-аналармен пікірлесу; Баланың өміріндегі екінші әлеуметтік орта - балабақша туралы, ондағы тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу; Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу; Балаларды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу мәселелері, озық іс-тәжірибелер бойынша әңгімелесу; Өзін – өзі күтуге және жақындарына көмек беруге үйрету тақырыптары бойынша сөйлесу, пікірлесу |
|||||
|
Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. ) |
«отбасы мүшелерін орын-орнына орналастыр |
Саусақ ойыны: Саусағымда сақина Санап көрші кәнеки 1,2,3 Бір, екі үш Демалайық жинап күш |
Құрылыс ойындары: Ұжымда жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. |
Дид-қ ойын:
«Сәлемдесу» |
Отбасы жайлы әңгімелеу |
|
|
Таңертеңгі гимнастика (5 мин) |
|
Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын айту. |
||||
|
Таңғы ас |
|
Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау |
||||
|
Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық |
|
«Сезім мүшелерін ата» |
«Менің отбасы м» суретін үлгі бойынша құрастырып ,әңгіме айтып беру |
Отбасы суреттерінен көрме |
Өлеңді жаттау: |
Үстел үсті ойыны: Асхана |
|
Ұйымдастырылған оқу қызметтері |
|
1.Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Мен қандаймын?» Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыру, айтып беруге үйрету дағдыларын қалыптастыру. Дид-қ ойын: «Сезім мүшелерін ата» Көрнекіліктер: Әдіс –тәсілі: Күтілетін нәтиже: Түсінеді : Қолдана алады:
2.Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Сапқа тұру, құрылымын өзгертіп, қайта тұру. 4-5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіру. (сызықтардың ара қаш-ғы 40-50см). Қапшықты оң және сол қолымен көлдененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтыру. Қимылды ойын: «Кім мықты?». 3. Сурет: Тақырыбы: «Мақта қыздың мысығы» Мақсаты: Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, жануарларды бейнелеу дағдыларын қалыптастыру. Дид-қ ойын: «Өзің жақсы көретін үй жануары»
|
1. Жаратылыстану Тақырыбы: «Мен табиғатты бақылай аламын ба?»Мақсаты: «Бақылау» ұғымын түсіндіру. Жанды табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру. Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дид-қ ойын: «Жанды-жансыз» Дид-қ ойын: «Әкем егін жинады» технологиясы Күтілетін нәтиже: Түсінеді : Қолдана алады: 3. Музыка Тақырыбы: «Мен-өмірдің гүлімін» Мақсаты: Балаларды елжандылыққа, тұлғалық сенімділікке тәрбиелеу. Ән айта отырып, мәтініне сай қимылдар жасауға үйрету. Әуенді ырғақты қимыл: «Күзгі вальс» Қ.Шілдебаев Музыка тыңдау: «Атамекен өрені» Б.Бүрісұлы Ән айту: «Мен бір ерке баламын» Б.Жұмабекова Ойын ойнау: «Өз жұбыңды тап!» Қимылды ойын |
1. Құрастыру: Тақырыбы: «Менің қорам» (Құрылыс материалдарынан) Мақсаты: Үлгі бойынша әртүрлі текшелермен қора құрастыруды үйрету. Ұжымда жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Құрылысты биіктетіп жасау, бір бөлшекті екінші бөлшекпен ауыстыру (биік және аласа), өзгерту іскерліктерін дамыту. Дид-қ ойын: «Сен қандайсын?» Күтілетін нәтиже: Түсінеді : Қолдана алады:. 2.Дене шынықтыру 2. 4-5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіру.(сызықтардың ара қаш-ғы 40-50см). Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру. Табан мен алақанға сүйеніп, төрттағандап еңбектеу. Қимылды ойын: «Маған қарай жүгір». |
1.Көркем әдебиет Тақырыбы: «Мен кіммін?» Мақсаты: Оқиғаларды ойдан құрастырып, кейіпкерлердің мінезін сипаттауға үйрету. Балалардың зейінін, бақылағыштығын, қиялын дамыту. Дид-қ ойын: «Дауысынан таны» Әдіс тәсілі: ақпараттық технология Күтілетін нәтиже: Түсінеді : Қолдана алады: 2. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Менің күн тәртібім» (Уақытты бағдарлау) Мақсаты: 2 санымен таныстыру. Таңертең, күндіз, кеш, түн тәулік бөліктерін ажырату және атай білу дағдыларын қалыптастыру. Дид-қ ойын: «Кім үйіне тез жетеді?» Әдіс тәсілі: ойын технологиясы. Күтілетін нәтиже: Түсінеді: Тақырып жайлы Қолдана алады: 5 көлемінде санап, ретімен атай алады. 2.Музыка Тақырыбы: «Мен-өмірдің гүлімін» Мақсаты: Балаларды елжандылыққа, тұлғалық сенімділікке тәрбиелеу. Ән айта отырып, мәтініне сай қимылдар жасауға үйрету. Әуенді ырғақты қимыл: «Күзгі вальс» Қ.Шілдебаев Музыка тыңдау: «Атамекен өрені» Б.Бүрісұлы Ән айту: «Мен бір ерке баламын» Б.Жұмабекова Ойын ойнау: «Өз жұбыңды тап!» Қимылды ойын |
1.Мүсіндеу Тақырыбы: «Билеп тұрған қыз» Мақсаты: Адам пішінін (дене бөліктерін:бас, кеуде, қолдары, аяқтары) мүсіндейді. Кескішпен түрлі безендірулер жасайды. Дид-қ ойын: «Мен қандаймын?» 2.Дене шынықтыру 3. 4-5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіру.(сызықтардың ара қаш-ғы 40-50см). Оң және сол қолымен көлдененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтыру.Басқа қап киіп, заттарды аттап өту, бұрылу. Қимылды ойын: «Менің соңымнан жүр» |
|
Серуенге дайындық |
|
Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау. |
||||
|
Серуендеу |
|
Бақылау:Бұлтты
бақылау |
Бақылау: Жәндіктерді
бақылау |
Бақылау:Күз мезгілінде желді
бақылау |
Бақылау: Ағаштардан желмен
ұшып түсіп жатқан жапырақтарды
бақылау |
Бақылау: Құмдағы іздерді
бақылау. |
|
Серуеннен оралу |
|
Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау |
||||
|
Түскі ас |
|
Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру. Тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң ауыздарын шаюды қадағалау. |
||||
|
Түскі ұйқы |
|
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. |
||||
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары |
|
Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру. «Қайық» - Төсекте ішпен жатып , қолды иекке таяп қою, жартылай тұрып оңға- солға тербелу. «Кемпірқосақ» - Төсекте арқамен жатып аяғымен ауада шеңбер жасау. «Созылу» - Төсекте аяқтары бірге, қолды денесінің қалпымен жоғарыға созып, арқасымен жатып керілу. «Тышқандар» - Массажды кілемшеде аяқ ұшымен және өкшемен айналу |
||||
|
Бесін ас |
|
Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң аузын шаюды қадағалау. |
||||
|
Ойындар, дербес әрекет
|
|
Балалармен жеке жұмыс : «Бұлт»
Қ. Әлімқұлов
|
«Мамандықтың бәрі жақсы» Мақсаты:Балаларды әр түрлі мамандықпен таныстыру,еңбекті құрметтеуге дағдыландыру,өз еліне пайдалы бола білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:әр түрлі мамандықтар суреттері Ойын барысы: суреттер тақтаға іленеді. Бала өзі қалаған мамандығын қарап алады да,сол мамандық туралы әңгімелейді. Неге ұнататынын,қандай жақсылығы барлығын әңгімелейді. |
«Сиқыр» Ауызды ашып,еріндерін жымиту.Тілімізді ауыздан шығармаймыз.Тіл бүйірлері мен ұшын жоғары көтеріп, мұрын ұшындағы мақтаны үрлеу. |
«Телефон» мақсаты:Естіген сөзді екінші балаға бұлжытпай жеткізуге дағдыландыру,диалогты сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту. Көрнекілік:Телефон. Ойын барысы:Телефон арқылы естіген сөзді басқа балаға жеткізесіндер. Айтылған сөзді құлаққа ешкім естімейтіндей етіп айтуымыз керек, егер телефон үзіліп қалса,телефонды үзген бала айыбын төлейді.(мақал,тақпақ т.б. айтады) |
«Санамақ
айту» |
|
Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс |
|
Жеке баламен жұмыс: Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыру, айтып беруге үйрету дағдыларын қалыптастыру. |
Жеке баламен жұмыс: Мақсаты: Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
|
Жеке баламен жұмыс: Мақсаты:балалар бір бөлшекті екінші бөлшекпен ауыстыру (биік және аласа), өзгерту іскерліктерін дамыту. |
Вариативті компонент Я чудо
|
Вариативті компонент : Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту
|
|
Серуенге дайындық |
|
Балаларды киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау. |
||||
|
Серуен Кешкілік |
|
Балабақша ауласына серуен. Балалармен қоштасу үйлеріне қайтару |
||||
Тәрбиешілер: Альжанова Ү. Елеева Г. Бозғұлбаева Қ

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген