400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өтпелі тақырып «Менің отбасым»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы «Балауса» тобы Тақырыпша «Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік» ІIІ апта ( 16-20 қазан, 2017 ж.)

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау



Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы. Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.


Ата – аналармен әңгімелесу

Қабылдау ережелері, демелыс күндерін өткізу дәстүрлері т.б. бойынша ата-аналармен пікірлесу;

Баланың өміріндегі екінші әлеуметтік орта - балабақша туралы, ондағы тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу; Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу;

Балаларды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу мәселелері, озық іс-тәжірибелер бойынша әңгімелесу;

Өзін – өзі күтуге және жақындарына көмек беруге үйрету тақырыптары бойынша сөйлесу, пікірлесу

Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. )

Саусақ ойыны:

Саусағымда сақина

Санап көрші кәнеки

1,2,3 Бір, екі үш

Демалайық жинап күш.


Үстел-үсті ойыны: «Бағдаршам қандай?»

«Сөйлемей көрейікші» ойыны (үндемес)


Құрылыс ойындары: «үй» құрастырып ойнау, тату ойнауға үйрету.


Дид-қ ойын: «Сәлемдесу»
Балалар екі - үш жұптан бір - біріне қарап, әр түрлі елдің, адамдардың сәлемдесу рәсімін көрсетеді.

Таңертеңгі гимнастика (5 мин)


Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын айту.

Таңғы ас


Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау

Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық


Дидактикалық ойын:

«Артық затты тап»

Мақсаты: асхана құралдарын ажырата білу

Үстел-үсті ойыны:

«Асханадағы қауіпсіздік ережесі»


Компьютерден бейнеүзік көрсету: «Жол ережесін білесің бе?»


Дидактикалық ойын :

«Жолдағы қауіпсіздік»




Үстел-үсті ойыны:

«Бағдаршам қандай?»

Ұйымдастырылған оқу қызметтері


1.Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Әйгерім дастарханды әзірлеп жатыр»

Мақсаты: Заттарды және олардың тұрған орнын аңықтау дағдыларын жетілдіру. Сөздік қорларын дамыту.

Дид-қ ойын: «Асханадағы қауіпсіздік ережесі»

(Воскобовичтің дамытушы ойындары)

Көрнекілік: Асхана құралдары. Слайд Қуыршақ

Әдіс –тәсілі: ақпараттық технологиясы

Күтілетін нәтиже: Қайталай алады: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды атайды

Түсінеді: Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Қолдана алады: Заттарды және олардың тұрған орнын аңықтау дағдыларын жетілдіру.

2. Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1.1-1,5минут ішінде баяу қарқынмен үздіксіз жүгіру. Көлбеу тақтаймен(ені2см,биіктігі30-35см) жоғары және төмен жүру мен жүгіру. Қапшықты нысанаға көздеп лақтыру (3м қаш.).

Қимылды ойын: «Өртті сөндіру»

2. Көлбеу тақтаймен(ені2см,биіктігі30-35см) жоғары және төмен жүру мен жүгіру. Кегльдердің арасымен еңбектеп жүру. Гимнастикалық қабырғаға кез келген тәсілмен өрмелеу.


3. Сурет

Тақырыбы: «Бағдаршам» (Заттық сурет салу)

Мақсаты: Дөңгелек пішінді заттарды сала отырып, дәстүрлі сурет салудың техникасын жетілдіру. Баланың ойлау, көру, қабілеттерін және ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Дид-қ ойын: «Бағдаршам қандай?»

Көрнекілік:Үлгі сурет. Слайд .Мультфильм

Әдіс –тәсілі: ақпараттық технологиясы

Күтілетін нәтиже:.

Түсінеді: сурет салу техникасын.

Қолдана алады: Дөңгелек пішінді заттарды салуды ,бояу түстерін үйлесімді қолданады.

1 .Жаратылыстану

Тақырыбы: «Табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері»

Мақсаты: Табиғат аясындағы тәртіп ережелері туралы түсінік беру. Балаларға әр – түрлі жағдайдан шығу жолдарын таба білуге ықпал жасау.Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, қорғауға, табиғат әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу.

Дид-қ ойын: «Қауіпті және қауіпсіз заттар»

Көрнекілік: бағдаршам суреті . слайд. Әдіс –тәсілі: ақпараттық технологиясы


Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: бөлме өсімдіктерінің атауын

және достық қарым- қатынасты түсінеді.

Қолдана алады:

Тәжірибелерді қолданады.


2.Музыка

Тақырыбы: «Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік»

Мақсаты: Үйдегі және көшедегі қпуіпсіздікке үйрету. Музыкалық ырғақты қимылдарды орындауда жеңіл секірулер, жұптаса билеу дағдыларын қалыптастыру.

Әуенді ырғақты қимыл:

«Полька Янка» Беларус халық әуені

Музыка тыңдау: «Бағдаршам» Қ.Қайым

Ән айту: «Күз тамаша!» С.Шынымов

Ойын ойнау: ««Светофор-айрықшам» Ю.Чичков


1. Қоршаған ортамен таныстыру


Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтайық»

Мақсаты: Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргінші өтетін жол және жер асты өту), бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру


Дид-қ ойын: «Жолдағы қауіпсіздік»

Көрнекілік:жол сақшысы суреті. »бағдаршам»мультфильм.

Әдіс –тәсілі: ақпараттық технологиясы

Күтілетін нәтиже: Қайталай алады: бағдаршам-светофор

Түсінеді: бағдаршам жұмысының маңыздылығын. Қолдана алады:

жолда жүру ережелері туралы білімдерін

2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1.1-1,5минут ішінде баяу қарқынмен үздіксіз жүгіру. Көлбеу тақтаймен(ені2см,биіктігі30-35см) жоғары және төмен жүру мен жүгіру. Қапшықты нысанаға көздеп лақтыру (3м қаш.).

Қимылды ойын: «Бағдаршам»

Негізгі қимылдар:

3. Көлбеу тақтаймен(ені2см,биіктігі30-35см) жоғары және төмен жүру мен жүгіру. Қапшықты нысанаға көздеп лақтыру (3м қаш.). Гимнастикалық орындық үстінде еңбектеп жүру.


1.Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бағдаршам» өлеңі. С.Дүкенбай.

Мақсаты: Өлеңді түсініп, есте сақтауға жүйелілігін сақтауға үйрету.

Дид-қ ойын: «Бағдаршамның түстері»

Көрнекілік: бағдаршам суреті,

Әдіс –тәсілі: ақпараттық технологиясы

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады:

Өлеңнің мазмұнын қайталайды.

Түсінеді: Бағдаршам түстерінің маңызыдылығын түсінеді.

Қолдана алады:Өлеңді эмоционалды қабылдайды.


2.. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Саңырауқұлақтарды жинау»

Мақсаты: 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, «Нешінші?», «Саны бойынша қайсысы?» сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту.

Дид-қ ойын: «Ормандағы қауіпсіздік»

(Воскобовичтің дамытушы ойындары) Көрнекілік:саңырауқұлақ суреті. «санамақтар»бейнеүзік.

Әдіс –тәсілі: ақпараттық технологиясы

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту

Қолдана алады:

реттік сан есімдерді атау, «Нешінші?», «Саны бойынша қайсысы?» сұрақтарына жауап беру дағдыларын .

3.Музыка

Тақырыбы: «Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік»

Мақсаты: Үйдегі және көшедегі қпуіпсіздікке үйрету. Музыкалық ырғақты қимылдарды орындауда жеңіл секірулер, жұптаса билеу дағдыларын қалыптастыру.

Әуенді ырғақты қимыл:

«Полька Янка» Беларус халық әуені

Музыка тыңдау: «Бағдаршам» Қ.Қайым

Ән айту: «Күзгі жапырақтар» П.Шайжанова

Ойын ойнау: «Күн суытты далада» А.Айтуова


1. Мүсіндеу

Тақырыбы: «Бағдаршам»

Мақсаты:Қамыр кесектерінен мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Пропорцияларын сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып, бағдаршамды мүсіндеуді үйрету.

Дид-қ ойын: «Бағдаршам қандай?» Көрнекілік:Үлгі сурет. Слайд Мультфильм

Әдіс –тәсілі: ақпараттық технологиясы

Күтілетін нәтиже:.

Түсінеді: Дөңгелек пішінді заттарды мүсіндеуді

Қолдана алады: Қамыр кесектерінен саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып, бағдаршамды мүсіндеуді қолданады.

2. Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1.1-1,5минут ішінде баяу қарқынмен үздіксіз жүгіру. Көлбеу тақтаймен(ені2см,биіктігі30-35см) жоғары және төмен жүру мен жүгіру. Қапшықты нысанаға көздеп лақтыру (3м қаш.).

Қимылды ойын:

«Абайлап көзде!»


II Таңғы ас


Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау; Сөздік материалдарды қолданып, тамақ ішу ережелерін сақтауға баулу.

Серуенге дайындық


Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау.

Серуендеу


Бақылау: «Күзгі желдің бағытын бақылау»
Мақсаты: Балаларға желдің қай бағытта соғып тұрғанын,қандай леп арқылы соғып тұрғаны жөнінде жалпы түсінік беру.Балалардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін арттыру.
Еңбек: Балаларға желдің бағытымен ұшқан күзгі жапырақтарды жинату..
Қимылды ойындар: «Жел көбік».
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері


Бақылау: «Қоңыр күзді бақылау,

салыстыру»
Мақсаты: Қоңыр күзгі табиғатты бақылау,алғашқы күзбен салыстыру, ерекшеліктерін сұрау,қоңыр күзде күннің суық болатынын, жапырақтар түсіп бітіп, тек қоңыр түсті болатынын айту.Ағаштар жапырақтарынан ажырап , жапырақтардың да күз айларында түстерін өзгертіп тұратынын айтып түсіндіру.
Еңбек: Құмсалғыштағы құмды күрекшелермен көтеру.
Қимылды ойындар: «Үрпек төбет», «Жасырынбақ»
Мақсаты:Шапшаңдық-қа баулу.
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау: «Күзгі құстардың тіршілігін бақылау»
Мақсаты: Балаларға құстардың күзгі тіршілігін бақылату. Олардың іс-әрекеттері туралы әңгімелеу.Күзгі құстардың дауысын тыңдау.

Құстардың атын атап, еске сақтау қабілеттерін, тілдерін дамыту.
Еңбек: Құстарға жем беру.
Қимылды ойындар: «Сұр қоян жуынады»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау: «Солып қалған гүлдерді бақылау»
Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, балабақша ауласындағы күзгі гүлдерге назар аударту.Жазғы гүлдер мен күзгі гүлдердің ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы әңгімелеу.
Еңбек: Қурап қалған гүлдердің тұқымдарын жинау.
Қимылды ойындар: «Абай бол»,
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау: «Алтын күзді бақылау»
Мақсаты: Күз туралы білімдерін тиянақтау.Байла-ныстырып сөйлеу тілін,көркемдік талғамын,күз мезгілінің сұлулығын бағалап көре білуге тәрбиелеу.
Еңбек: Жапырақтар жинау.
Қимылды ойындар: «Жалаушаға қарай жүгір»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Серуеннен оралу


Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау

Түскі ас


Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру. Тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң ауыздарын шаюды қадағалау.

Түскі ұйқы


Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары


1. Табанды шынықтыру массажы
Таяқтарды жылжытып,
Массаж жасау білеміз.
Он аяққа 1-2-3,
Сол аяққа 1-2-3.

Бесін ас


Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң аузын шаюды қадағалау.

Ойындар, дербес әрекет



Балалармен жеке жұмыс:

«Жұмбақтар» жасыру


Балабақшадағы ойыншықтармен ойнату, балалардың бір- бірімен ауызша қарым - қатынас жасауына ықпал ету

«Мақал мәтелдер»

Мақсаты: Айтылған мақал- мәтелді қайталап айтып беруге дағдыландыру.

Өлеңді жаттау:

Балабақша есігін,

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Бағдаршам

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба

Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс


Жеке баламен жұмыс:

Психологтың жұмысы:

Айзеремен « Қ», «К» «дыбысын дұрыс дыбыстауды қалыптастыруға жұмыс жасау.

Жеке баламен жұмыс: Мақсаты: Омармен , Расулмен сурет салудан өз еркімен орындай білуге жаттықтыру.

Жеке баламен жұмыс:

Мақсаты:. Айару мен Инабатпен ермексазбен

саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып, бағдаршамды мүсіндеуді үйрету.

Вариативтік компонент


Вариативтік компонент


Серуенге дайындық


Балаларды киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.

Серуен



Балабақша ауласына серуен.


Кешкі ас


Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң аузын шаюды қадағалау.

Үйлеріне қайтару.Өз бетінше ойындар


Ата аналарына тапсырып үйлеріне қайтару



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
760
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі