400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өтпелі тақырып «Менің отбасым»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЦИКЛОГРАММА (ҮЛГІ)

ІV апта ( 23-27 қазан, 2017 ж.)

Ортаңғы «Балауса» тобы

Өтпелі тақырып «Менің отбасым»

Тақырыпша «алтын күз»

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау




Ата – аналармен әңгімелесу


Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы. Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.


Ата-аналармен жұмыс:

«Балалардың демалыс күндерін қалай, қайда өткізгендері жайлы» әңгімелесу.

Ата-аналармен жұмыс:

«Балаларды өздерінің достарымен ойын барысында тату ойнау керектігі жөнінде» әңгімелесу.



Ата-аналармен жұмыс:

Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу;


Ата-аналармен жұмыс:

Балаларды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу мәселелері, озық іс-тәжірибелер бойынша әңгімелесу;


Ата-аналармен жұмыс:

Өзін – өзі күтуге және жақындарына көмек беруге үйрету тақырыптары бойынша сөйлесу, пікірлесу

Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. )


Сергіту сәті
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады.

Достар бірге жүреміз, (қол ұстасып, айнала жүру) Бірге ойнаймыз, күлеміз. (бір-біріне қарап, күлу) Бірге балық аулаймыз, (қолдарын алға созу) Міне, біздер қандаймыз! (қолдарын жоғары созу) Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз.

Тіл ұстарту

жаттығуы

Өс- өс- өс,

Тігіп алдым қос,

Екіге екіні қос.

Көңілде жоқ қос.

Өс-өс-өс.

Өнегелі болып өс.

Ұқыпты боп өс.

Ағаш тез- тез өс.


Музыка әуенін тыңдап, музыка сай жаттығу жасау.

ТҮЛКІШЕК (қызықтама)

Tүлкi, түлкі, түлкішек, - Түнде қайда барасың? - Апам үйіне барамын, - Апаң саған не берер? - Eшкі сауып сүт берер, - Оны қайда қоясың? - Жалпақ тасқа қоямын. - Ит ішіп кетсе қайтесің? - Бақан ала қуамын. - Былғанып қалса қайтесің? - Ағын суға жуамын. - Ағып кетсе қайтесің? - Қайықпенен қуамын. - Жеткізбесе қайтесің? –

Жылай, жылай қаламын.

Дидактикалық ойын:

«Үй құстары – менің достарым»

Мақсаты:

Жасырын тұрған суреттерді тауып, ағылшынша аттарын айтады.

Тауық- a hen

Қаз-a goose

Үйрек- a duck

Күркетауық- a turkey

Дид-қ ойын: «Менің айтуым бойынша».
Мақсаты:
Суреттеп айтқан баланы табу қажет


Таңертеңгі гимнастика (5мин)

Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын айту.

Таңғы ас

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау

Ойын, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық


Дидактикалық ойын:

«Бұл қай кезде болады?»


Дид-қ ойын: «Күзгі ерекшеліктерді ата»


Дид-қ ойын: «Мен айтамын, досым жасайды»

Мақсаты: балалардың ептілігін, аңғарымпаздығын жетілдіру.

«Күз қандай»

Мақсаты:Күз мезгіліне байланысты айтылса қол шапалақтап білдіру.Қатысы жоқ сөз айтылса үнсіз отыру.

Дид-қ ойын: «Сәлемдесу»
Балалар екі - үш жұптан бір - біріне қарап, әр түрлі елдің, адамдардың сәлемдесу рәсімін көрсетеді.

Ұйымдастырылған оқу қызметтері


1. Сөйлеуді дамыту


Тақырыбы: «Жыл мезгілі. Күзгі табиғат» (сурет бойынша әңгімелеу).

Мақсаты: сурет мазмұнына сәйкес әңгіменің басы мен соңын құрастыруға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Дид-қ ойын: «Бұл қай кезде болады?»

Көрнекілік: күз мезгілі суреттер. слайд

Әдіс –тәсілі: ақпарат технологиясы

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Байланыстырып сөйлеуді

Қолдана алады: сурет мазмұнына сәйкес әңгіменің басы мен соңын құрастыруды 2. Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1.Орта жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40-50метрге жүгіру. Екі аяқпен бір орында тұрып, ұзындыққа секіру.Гимнастикалық

орындық үстінен етпетінен жатып, шаян сияқты ішпен тартылып, орындықтың екінші басына шығу.

Қимылды ойын:

«Жапырақтарды жинаймыз»

3. Сурет

Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»

(Сюжетті сурет салу)

Мақсаты:Қылқаламды дұрыс ұстауды, қағаздың үстінен жүргізуді үйрету.Қоршаған ортаның әсемдігін, эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру.

Дид-қ ойын: «Жыл мезгілін ата»


Көрнекіліктер: күз мезгілі суреттері. слайд

Әдіс тәсілі: ақпараттық

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: күз мезгілінде болатын құбылыстарды Түсінеді: сурет салудың техникасын түсінеді.

Қолдана алады:

өзінің және басқа балалардың салған суреттерін

бағалай алады.

1. Жаратылыстану

Тақырыбы: «Алтын күз келді!»

Мақсаты: Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы, жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Табиғаттағы ауа райының жайын бақылауды жəне бақылау

нəтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілей білуді үйрету.

Дид-қ ойын: «Күзгі ерекшеліктерді ата Көрнекілік: күз мезгілі суреттер. слайд

Әдіс –тәсілі: ақпарат технологиясы

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы,

Қолдана алады: Табиғаттағы ауа райының жайын бақылауды

2. Орыс тілі


Тема: «Осень»

Цель: Показать детям - что осень прекрасное время года. Закрепить знания о некоторых характерных особенностях времени года путём применения игровой формы обучения. Воспитывать бережное отношение к природе, заботиться о ней.

Дид-я игра: «Танец листочков»


Көрнекіліктер: күз мезгілі суреттері. слайд

Әдіс тәсілі: ақпараттық

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: күз мезгілінде болатын құбылыстарды орыс тілінде атауды

Түсінеді: күз өзгерістері мен ерекшелігін

1. Экология негіздері


Тақырыбы:

«Күзгі табиғат құбылыстары»

Мақсаты: Балалардың табиғат құбылыстары: жел, жаңбыр, тұман туралы түсініктерін кеңейту.Күзгі табиғаттағы өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту.

Дид-қ ойын: «Күзгі құпиялар»

Көрнекілік: күз мезгілі суреттер. слайд

Әдіс –тәсілі: ақпарат технологиясы

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы: тұман, жаңбыр, жел т.б

Қолдана алады: Табиғаттағы ауа райының жайын бақылауды


2.Дене шынықтыру


. 2. Екі аяқпен бір орында тұрып, ұзындыққа секіру. 5-6м.қаш.доғаның

астынан еңбектеп өту.

Гимнастикалық орындық үстінде кедергілерден аттап жүру.

Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»




1. Драма


Тақырыбы: «Қияр мен капуста» ертегісі

Мақсаты: Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалауға, барлық дыбыстарды анық және әртүрлі қарқында дыбыстауға жаттықтыру.

Дид-қ ойын: «Көкөністерді тез жина»

Көрнекілік: күз мезгілі суреттер. Слайд,ертегі кейіпкерлер суреті

Әдіс –тәсілі: ақпарат технологиясы

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Байланыстырып сөйлеуді

Қолдана алады: Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау, барлық дыбыстарды анық және әртүрлі қарқында дыбыстауды

2. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:

«Бақтағы жемістер мен көкөністер» (Геометриялық пішіндер)

Мақсаты: 1 санымен таныстыру. Сандық топты белгілеу. Биіктігі және жуандығы бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру.

Дид-қ ойын: «Күзгі жемістер»

Көрнекілік: көкөністер суреті.пішіндер,жемістер мен көкөністер туралы слайд

Әдіс –тәсілі: ақпарат технологиясы

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: 1 санымен таныстыру.

Қолдана алады: Сандық топты белгілеу. Биіктігі және жуандығы бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру.


3. Музыка

Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты: Күз бейнесін музыка, сюжетті бейнелер арқылы көрсете білу. Музыкаға әсерленуді байыту. Көңілді-көңілсіз музыканың интонациясын ажырата білу.

Әуенді ырғақты қимыл:

«Күзгі вальс» Қ.Шілдебаев

Музыка тыңдау: «Күз жомарт» Д.Ботбаев

Ән айту: «Күзгі жапырақтар» П.Шайжанова

Ойын ойнау: «Күн суытты далада» А.Айтуова


1. Аппликация

Тақырыбы: Күзгі жапырақтар»

(Сюжетті аппликация)

Мақсаты: Заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша ара-қатынасын ескерту.

Дид-қ ойын: «Жыл мезгілін ата» Көрнекіліктер: күз мезгілі суреттері. слайд

Әдіс тәсілі: ақпараттық

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: күз мезгілінде болатын құбылыстарды Түсінеді: жапсыру техникасын түсінеді.

Қолдана алады: Заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру.

2.Дене

шынықтыру

3. Екі аяқпен бір орында тұрып, ұзындыққа секіру.

Гимнастикалық орындық үстінен етпетінен жатып, шаян сияқты ішпен тартылып, орындықтың екінші басына шығу.Құм салған қапшықты оң және сол қолмен алысқа лақтыру.

Қимылды ойын: «Асқабақты домалатып жеткізейік»

Спорттық ойын: «Мен және менің отбасым»


II Таңғы ас


Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау; Сөздік материалдарды қолданып, тамақ ішу ережелерін сақтауға баулу.

Серуенге дайындық


Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау.

Серуендеу


Бақылау:Күзгі ауа-райындағы өзгерістерді бақылау.
Мақсаты:Балаларға күз мезгілі туралы әңгімелеу. Күзгі ауа-райын жазғы ауа-райымен салыстыру,күздегі өзгерістерді айтқызу.
Еңбек: Құм салғыштың айналасындағы құмдарды күрекшемен жинату.
Қимылды ойындар: «Ұшты — ұшты»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау: Күзгі ағаштардың жапырақтарының түстерін бақылау
Мақсаты: Күзгі жапырақтар туралы әңгімелер айту, түстерін айтқызу.
Еңбек: Учаскедегі күзгі жапырақтарды бір жерге жинау.
Қимылды ойындар: «Жапырақ жинау»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау: «Күзгі саябаққа серуен»
Мақсаты: Адамдардың саябаққа не себепті келетіні жайында әңгімелесу. Саябақ ішіндегі күзгі өзгерістерге көңіл бөлдіріп бақылау,әңгімелеу.
Еңбек: саябақтағы әр түрлі ағаштардың жапырақтарын жинау. Әр ағаштың жапырағын ажыратып үйрету.
Қимылды ойындар: «Құстар мен мысық», «Аққу-қаздар»
Мақсаты:Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау: «Тұманды бақылау»
Мақсаты: Табиғат құбылыстарын атату.Соның ішінде бүгінгі ауа-райының өзгерісі тұманды бақылату.Ашық және тұманды күннің ерекшеліктерін салыстыру.
Еңбек: Жапырақтардан әртүрлі бейнелер құрастырту.
Қимылды ойындар: «Кетіп қалған кім?», «Қояндар мен қасқырлар»
Мақсаты: Рөлдерде ойнай білуге үйрету.Байқампаздыққа, кеңістікті бағдарлауға үйрету.
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау: «Қайтқан құстарды бақылау»
Мақсаты:Балалар-мен қайтқан құстарды бақылау.Олардың атын ататқызып,

дауыстарын тыңдату. Олардың топ болып ұшуына назар аударту.
Еңбек: Құстарға жем салатын тақтай жасау.

Қимылды ойындар: «Қайтқан құстар» «Құстар мен мысық»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Серуеннен оралу


Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау

Түскі ас


Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру. Тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң ауыздарын шаюды қадағалау.

Түскі ұйқы


Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары


1.«Көңілді қоңыздар» массаж түрлері
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтуға, дене бітімін жақсы қалыптастыруға, қан айналымын жақсартуға, көздерін демалтуға, балалардың арқасындағы, қолындағы, табандағы нүктелерді оятуға арналған. Ағзаның көптеген қызметтерін жақсартады.

2.Ояну жаттығуы.
Қайырлы таң, көздерім! (балалар қастарын, көздер сипайды)
Қайырлы таң, құлақтарым!(құлақтарын сипау)
Қайырлы таң, беттеріміз! (беттерін сипау)
Қайырлы таң, қолдарымыз! (қолдарын сипау)
Қайырлы таң, аяқтарымыз!
(аяқтарын сипау)

Бесін ас


Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң аузын шаюды қадағалау.

Ойындар, дербес әрекет




Үстел үсті театры:

Мақсаты: «Менің достарым тақырыбы бойынша сюжетті картиналар қарастыру.


Проблемалық сұрақ: «Тыңдайық та, ойлайық» 

(Осы мәтінді тыңдап, кім туралы екенін табыңдар).

Әңгімелеу
В. Осееваның «Екі дос» әңгімесі.


«Дос достыққа» сергіту ойыны

Шарты: Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:

Оң қол оң қолмен!

Мұрын мұрынмен!

«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.

Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз.

Дидактикалық ойын: «Менің досым»
Барысы: Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?
Балалар: Менің досым ренжітпейді
Менің досым алдамайды.
Мен досыммен бірге ойнаймын.

Ой шақыру. ДОС — деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді. Қане балалар ассоциация жасайық.

ДОС → Адал, мейірімді, шыншыл, қайырымды, көмектеседі, ұқыпты, жанашыр, қамқор


Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс


Жеке баламен жұмыс: Сөйлеуді дамытудан Алпамыс, Адиямен

Мақсаты: тілдің грамматикалық құрылымы бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Дидактикалық ойын жаттығуы: «Дұрыс, бұрыс»

Мақсаты: Тәрбиеші . сөйлемдер айтады. Балалар дұрыс болса

«дұрыс» деп, дұрыс емес болса «дұрыс емес» деп жауап береді.


Музыкалық -ырғақтық жаттығулар.

Әсем, Раянамен музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқынды таныс дене жаттығуларын орындату.

Вариативтік компонент


Моя семья

Вариативтік компонент



Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту

Серуенге дайындық


Балаларды киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.


Серуен


«Бұлар кім?Жеке тұлғалар командасы».

Екі топқа әйгілі мультфильмнің кейіпкерлері ұсынылады. Топтар оларды көрсетеді, екінші топ кім екенін анықтау керек, кейіпкерлердің мінез-құлықн сипаттау керек.

«Мақал-мәтелдер»

Мақсаты: достық туралы мақал-мәтелдер үйрету.

Дидактикалық ойын: «Иә немесе жоқ»

Шарты: педагог сөйлемдерді айтады, балалар келісетініндерін немесе келіспейтіндерін «иә», «жоқ» деген жауаптарымен білдіреді.

Саусаққа арналған жаттығу:

Достық

Қыздар менен ұлдар

Дос қой біздің топта.

Ұсынса біреу қолын,

Ешқашан бас тартпа.

«Досың туралы айт» жаттығуы

Сенің досың ұл ма, әлде қыз бала ма?

Досың ызақор ма, әлде мейірімді ме?

«Ну орманға серуен» жаттығу.

1/ Ұсынылған кейіпкерлердің қайсысымен кездескің келмейді?

2\ Өзіңді қай кейіпкермен сәйкестейсің?


Үйлеріне қайтару




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі