жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ОТТЕГІ ЖӘНЕ ОЗОН. ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: СУТЕГІ. ОТТЕГІ. ОЗОН |
Мұғалімнің аты-жөні: химия пәнінің мұғалімі О.К.Налибекова |
|||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 «А» |
Күні: 22.01.2020ж |
|||||||||||||||||||||||||
Пән: Химия |
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: ОТТЕГІ ЖӘНЕ ОЗОН. ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ |
||||||||||||||||||||||||||
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
8.4.2.4 оттектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру; 8.4.2.5 Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру. |
|||||||||||||||||||||||||
Мақсаты |
|
|||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері:
|
|
|||||||||||||||||||||||||
Ойлаудың деңгейі |
Қолдану (В деңгейі) Ойлаудың жоғары деңгейі (С деңгейі) |
|||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
1. Тілдік дағдылар: бейнеролик көреді (тыңдалым); Өз ойларымен бөліседі (айтылым); Қасиеттеріне мысал келтіреді және есептер құрастырады (жазылым). 2.Терминдер: Аллотропия, фотосинтез, ковалентті полюссіз байланыс, жану реакциясы. 3.Фразалар: Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуына ... элементінің екі түрлі әсері бар.
... - О3 газы өсімдіктерді, тірі организмді ультракүлгін сәуленің күйдіруінен сақтайды. 4.Қойылатын сұрақтар: 1. Проблемалық сұрақ? Нақты химиялық элементтер көп, бірақ «Неліктен оттегі топшасынан бастаймыз?» Себеп꞉ Оттегі химиялық белсенді және жерде ең көп таралған элемент. Дәлел꞉Жер қыртысындағы оттегінің қосылыс түріндегі массалық үлесі 49,13%-ға, ауаның құрамында бос күйінде 21% болады. Себеп꞉Атмосфералық ауада оттегі жай зат түрінде болады. Дәлел꞉Оттек молекуласы екі атомды O2жай зат болып саналады. Себеп꞉Табиғатта бос күйдегі оттекті бөліп шығаратын бір ғана реакция бар, ол-.... Дәлел꞉Ол күн сәулесі әсерінен жүретін -фотосинтез процесі. Себеп꞉Оттексіз тіршілік жоқ дегенді қалай түсінесіздер? Дәлел꞉Оттегі жану мен тыныс алуды қолдайды,(мысалдар келтіріледі.) Дәлел꞉Оттегіні алудың жолдары көп.
|
|||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: |
Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, алшығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады. Жұппен, топпен жұмыс жасайды. |
|||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: |
Ноутбуктан бейнеролик, слайд көреді. |
|||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Математика (есеп шығарады), ағылшын және орыс тілі (өз ойларын айтады), Биология (қызметін айтады). |
|||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Ауаның құрамы. Жану үдерісі. Тынысалу үдерісі
|
|||||||||||||||||||||||||
Саралау |
Оқушылардың деңгейіне сәйкес деңгейлік тапсырмалар беріледі. Қолдау көрсетіледі. |
|||||||||||||||||||||||||
Бағалау |
Сұрақ-жауапқа мадақтау, кері байланыс, бірін-бірі бағалау |
|||||||||||||||||||||||||
Ресурстар |
Тапсырма №1. А4 парағы Тапсырма №2. http://www.youtube.com Тапсырма №3. Дәптер, оқулық |
|||||||||||||||||||||||||
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ |
||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы :
|
|||||||||||||||||||||||||
Басталуы
5минут
7 минут
7 минут |
Раппорт (сенім) орнату. Жағымды ахуал қалыптастыру Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін сыныппен талқылау. Тапсырма №1. Оттек және озон туралы еске түсіріп, Венн диаграмманы толтырады. Берілген қызықты әңгіме бойынша оқушылар химиялық реакцияларды жазады. Ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде. Менделеев деген үлкен қалада Оттек деген бір тентек бала болыпты. Ол көп қабатты үйдің екінші қабатында тұрады екен. Оттек басқа көршілерімен жақындасса, жана бастайды. Бір күні ерігіп отырып «мен күштімін бе, әлде әлсізбін бе» деп өзін сынамақ болып, төменгі қабаттан бастап, жоғарғы қабатқа дейін көтеріліп, аралап шықпақшы болады.Ол бірінші қабаттағы үйдің есігін қағып үйге енеді. Үйдегі элементпен қосылып айдын көлге айналады. 2Н2 +О2 →2Н2 О
С +О2 →СО2
N2 +О2 →2NО
4Р +5О2 →2Р2 О5
Si +О2 → SiО2
4Ғе + 3О2 →2 Ғе2 О3
Оттек тек жай заттармен емес, күрделі заттар менде әрекеттесе алады. СН4+2О2 →СО2 +2Н 2О Оттек өзінің белсенді элемент екенін осылай дәлелдеді.
Дескрипторлар:
ҚБ: жетістік, қиындық, түзету
Тапсырма №2. Оқушылар интернет желісінен тақырыпқа байланысты бейнеролик көреді. Дескриптор:
оқушылар көрген мәліметі туралы дәлел
келтіре отырып, өз ойларын үш тілде (
қазақ, орыс, ағылшын) жеткізеді.
|
|||||||||||||||||||||||||
Ортасы
10 минут |
Сабақтың мақсатын тағы бір пысықтау. Тапсырма №3. Оттек пен озонға арналған кемінде 2 есеп құрастыру. Дескрипторлар:
ҚБ: жетістік, қиындық, түзету
|
|||||||||||||||||||||||||
Аяқталуы
5-6 минут |
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі «Адасқан сөздерді»ретімен қойғанда мағыналы сөйлем шығады.
2KCI+3O2(тәуелсіздік)3K+3O2(егемендік)3KCIO3+3О2(бостандық) KCIO2+3О2(мемлекеттік)
0,2 моль (іргесі)0,35 моль (тұғыры)3 моль (байрағы)0,1 моль (туы)
6,2% (өшпес)4,5% (күшті)7,3% (берік)8% (мықты)
H2SO4 (жансын)NaOH (тұрсын)CuO (болсын)Ca3(PO4)2(болу) Дескриптор: «Тәуелсіздік тұғыры берік болсын» деген сөйлем дұрыс шығу үшін есептің жауабы сәйкес келуі керек. ҚБ: жетістік, қиындық, түзету
Үйге тапсырма: Жаңа тақырыпты оқып келу. Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы |
|||||||||||||||||||||||||
Рефлексия 3 минут
|
Бағалау парақшасы, ең жоғарысы 5 балл.
|
|||||||||||||||||||||||||
Қорытынды Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген