|
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
5 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып
реттілігін қадағалау.
2.Топ ережесін еске
түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыруда шаттық шеңбері
жүзеге асырылады.
|
Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға
тапсырма:Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет
шапалақтаймыз!
3.Оқушыларды топтарға
біріктіру.
Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді.Оқушыларға 2
түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып
топтасады.
|
Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау
дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың
қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
|

|
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл»
әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты
байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері
беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
|
1.Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуына озон
қабатының ролі қандай ?
2.Озон қабаты қалай пайда болады
?
3.Неге озон жоғалады ?
4. Озон қалпына келе ме, оның қандай жолдары бар
?
Кесте. Оттегі мен озонның салыстырмалы
сипаттамасы
|
Дескриптор:
Сұрақтарға жауап береді-1 балл
Оттектің озонға айналуын зерттейді-1
балл
Оттектің физикалық қасиеттерін айтады-1
балл
Озонның физикалық қасиеттерін айтады-1
балл
Оттектің химиялық қасиеттерін айтады-1
балл
Озонның химиялық қасиеттерін айтады-1
балл
|
Өз ойын дұрыс мағынада
білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан
оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
15 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма
береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен
танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
Дескриптор:
Оттек пен озон арасындағы байланысты зерттейді-1
балл
|
Презентация
|
|
Жеке жұмыс
5 мин
|
Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады,
бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1.О2→О3→О2 айналымды жүзеге асыр
2.Реакция теңдеуін
теңестіру
Ca
+ O3 = CaO
S +
O3 = SO2
NO2 + O3 = N2O5
3.96г озонның зат мөлшерін
есептеңдер.
|
Дескриптор:
Реакция теңдеуін теңестіреді-1
балл
Есептердің шығару жолын анықтайды-1
балл
|
ДК
экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Топтық жұмыс
10 мин
|
Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады,
бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
Венн диаграмасын құру. (Оттек пен озонды
салыстыру)

|
Дескриптор:
Деңгейлік талдау жасап айырмашылықтарын
анықтайды-1 балл
|
ДК
экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
5 мин.
|
«Бір ауыз сөз»
әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында
оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын
тыңдайды.
.
|
Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын
түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі
сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім,
қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын.
т.б.
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан
белсеніділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне
тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды
ынталандыру үшін
«Қошеметтеу» әдісі
арқылы бағалайды.
|

|