Сабақтың
тақырыбы:
Оттек,
Оксидтер. Жану
Сыныбы:
8 «б»
Пәні:
Химия
Сабақтың
мақсаты:
Оқушылардың «Оттек, Оксидтер. Жану»
тақырыбы бойынша алған білімдерін
тереңдету, қорытындылау және бекіту.
Міндеттері:
-
оттегінің химиялық және физикалық
қасиеттерін үйретуде халықтық педагогика
элементтерін пайдалана отырып оқушылардың
білім - біліктерін қалыптастыру. Химиялық
формула жаза білуін, теңдеу құру
дағдыларын, есеп шығару дағдыларын
жетілдіру;
- реакция теңдеулерін құра
білу және үйрету, есеп шығару және
шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-
ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және
қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:
Қорытынды – қайталау,кіріктірілген
сабақ
Көрнекілігі:
Сызбалар, дидактикалық материалдар,
Менделеевтің периодтық жүйесі.
Пәнаралық
байланыс:
Биология, экология, математика.
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар
бір-бірімен өз аттарының алғашқы әрпімен
амандасады. Содан кейін конфет арқылы
топқа бөлінеді. Олар: «Оттек»,
«Ауа», «Озон» және
«Термохимиялық
теңдеулер»
Сабақты
бастамас бұрын рефлексия жүргіземін.
І
кезең. «Менен саған-сенен маған»
сұрақ-жауап кезеңі.
Әр
топқа 5 сұрақтан беріледі.
«Оттек»
тобына.
1. Оттектің қолданылуы.
2.
Ауаның құрамында неше пайыз оттек
бар?
3.Жылу бөле жүретін реакция не
деп аталады?
4.
Меншікті жану жылуы дегеніміз не?
5.
Оксидтер нешеге бөлінеді және қандай?
«Озон»
тобына
1. Негіздік оксидтерге тән
қасиет.
2. Оксидтердің қолданылуы.
3.
Оттек сөзі қандай мағына береді?
4.
Ауаның құрамын алғаш рет анықтаған
ғалым?
5. Сұйық оттек сақтауға арналған
ыдыс.
«Ауа»
тобына
1.Оксидтер дегеніміз не?
2.Жану
реакциясы дегеніміз не?
3.Оттектің
физикалық қасиеті.
4.Өнеркәсіпте
оттекті қалай алады?
5.Өршіткі
дегеніміз не?
«Термохимиялық
теңдеулер»
тобына
1.Эндотермиялық
реакция дегеніміз не?
2.Реакцияның
жылу эффекті көрсетілген химиялық
реакциялар не деп аталады?
3.Оксидтер
жіктелуіне қарай нешеге және қандай
болып бөлінеді?
4. СаО-н қайда қолданады?
5.Қай
ғалымдар оттекті бос күйінде алып, оны
ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді?
ІІ
кезең. «Химиялық диктант»
кітаппен жұмыс
1.
Оттек . . . . . , . . . . . , . . . . . газ.
2.
ХҮІІ ғасырда тәжірибе жүзінде
ағылшын
химигі . . . . . . . . мен швед ғалымы . . . . .
. оттекті бос күйінде алды.
3.
00-та
және 1 атм. қысымда (101,325 кПа) оның 1
литрінің массасы . . . . , ал ауанікі-
1,29 г тартады.
4.
Қалыпты жағыдайда судың 100 көлемінде
. . . . . көлем оттек газы ериді.
ІІІ
кезең. «Оттектің көршілерімен қатысы»
қызықты
есептер шығару
1.Оттек
көп қабатты үйдің 2 – қабатында тұрады.
Ол бірде өзін сынамақ болып «Мен
қандаймын, көршілеріме барсам, мені
қалай сыйлар екен?» деп көршілерін
араламақ болады. Ол 1-ші қабаттағы 1-ші
пәтердегі көршісіне барып, ондағы
элементпен қосылып айдын көлге айналады:
Жауабы:
2Н2
+ О2
= 2Н2О
2.Тоңып
қалған оттек жылыну үшін 2-ші қабаттағы
№ 6 пәтердің есігін қағады. Оттек осы
пәтердің иесімен қосылып жанып, жарық
бөледі:
Жауабы:
С
+ О2
= СО2
3.Көміртектің
үйінен шығып, сол жақ көршісіне соғып
кетпекші болады. Осы пәтерге кірген
бойда найзағай ойнап, аспан айналып
жерге түскендей болады:
Жауабы:
N2
+ О2
= 2NО – Q
4.
Қатты дауыстан қорқып, үшінші қабатқа
шығады. Алдында № 15 пәтердің есігі ашық
тұр екен, оттек осында кіреді. Бөлме іші
кенеттен жап - жарық болып, ашық жалынмен
жанып, бөлме іші ақ түтінге толады:
Жауабы:
4Р
+ 5О2
= 2Р2О5
5.Бұдан
соң оттек № 14 пәтерге келіп, екеуі
қосылып топырақ пен сазға айналды:
Жауабы:
Si
+ О2
= SiО2
6.Оттек
өзінің осындай қасиетіне таңдана түседі.
Ол енді металдар орналасқан қабаттарды
аралап көрмекші болады. Сырт көзге
жанбайтын, бойында мықтылық, беріктік
қасиеті бар көршісі – темірдің үйіне
ақырын тарсылдатып, кіріп еді ол жалын
және түтін шығармай шатырлап жанып,
қуанып темір қағына айналды:
Жауабы:
3Ғе
+ 2О2
= Ғе3О4
Оттек
осылай бірнеше пәтер иелерімен қосылып,
өзінің «оксидтер» деп аталатын
қосылыстарының көп екеніне қуанады.
Алайда, ол № 2, 10, 18 пәтер иелерімен
қосылыс түзе алмайтынына қатты өкінді.
Галогендермен, криптон, ксенон, алтынмен
жанама жолмен әрекеттесіп қосылыстары
болатынына риза болды. Оттек өзінің
белсенді элемент екенін осылай дәлелдеді.
Сабақ
ортасында тағы бір рефлексия жасатамын.
IV
кезең.
«Кім жылдам?»
(Капитандар сайысы)
Берілген
оксидтердің химиялық формуласын
жазыңдар.
1.
Мыс монооксиді
2.
Күкірт триоксиді
3.
Димарганец гептаоксиді
4.
Дитемір триоксиді
Сергіту.
Оқушылармен
бірге сергіту сәтін жасаймыз.
V
кезең. «Жұмбақтас»
Оттектің
массалық үлесін табыңдар.
1.
K2 MnO4
2.
MgO
3.
Ғе2 О3
4.
Р2 О5
5. SO3
VІ
кезең. «Мені тап» оттектің
сыңарын табу керек.
Берілген
тапсырмадан мүмкін болатын оксидтердің
формулаларын құрастыр және жаз.
Ca,
S,
O ,
O2,
Al2 ,
O3
,
N
,
Fe2
,
Mg
.
Бағалау.
“5”
-
23- 30 ұпай
“4”
- 15-22
ұпай
“3”
-
7-14 ұпай
Сабақ
соңында тағы бір рефлексия жасайды.
Яғни сабақ соңындағы көніл-күйлерін
білу мақсатында жасалады.
Үйге
тапсырма беру.
“Оттегі”
тарауына 10 сөзден тұратын сөзжұмбақ
“Оксидтер”
тақырыбына 10 сұрақтан тұратын тест
“Озон
қабықшасының қазіргі мәселелері”
реферат
“Ауа
құрамын зерттеген ғалымдар” реферат