Сабақтың
тақырыбы: Оттек – химиялық элемент және
жай зат. Оттектің химиялық және физикалық қасиеттері, қолданылуы
мен алынуы. Оттектің табиғатта таралуы, маңызы.
(слайд№1)
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды оттегінің
қасиеттерімен таныстыру. Оттектің химиялық және физикалық
қасиеттерімен таныстыру. Жану, баяу тотығу реакцияларымен
таныстыру. Оттегіні зертханада алу әдістерін көрсету. Химиялық
реакция түрлерін қайталау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау
қабілетін дамыту, бақылап, анализ жасау, салыстыру, себеп-салдарлы
байланыстарды табу, зертханалық жұмыстарды өз қолдарымен жасау
дағдыларын дамыту, қорытынды жасау, алгоритммен жұмыс жасау
дағдасын дамыту, пәнге қызығушылығын қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушылардың ғылыми
дүниетанымын қалыптастыру, еңбек ету дағдысын жетілдіру, оларды
логикалық ойлауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
(слайд№2)
Құрал-жабдықтар: Цилиндрлер, шыны
пластинка, заттарды жандыратын қасықша, сіріңке, шыра, кестелер:
“Газды жинау”, сутегі асқын оксиді, калий перманганаты, тұз
қышқылы, мыс сульфаты, натрий гидроксиді, оттегін алуға және
жинауға арналған құралдар, шырпы, газометр, сынауықтар, спирт шам,
шыны таяқша, тұрғылар. Электрондық оқулық
Сабақтың типі:
Дәстүрлі
сабақ. Жаңа сабақты топтастыру.
Сабақтың түрі:
Панорамалық сабақ.
Сабақты ұйымдастыру формалары:
Жеке,
топтық, жалпылама.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар,
тірек-хабарлар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: Физика,
математика.
Тірек білім мен
біліктер: Газдарды жинау әдістері,
химиялық реакциялардың типтері, катализатор.
Сабақ барысында
Ι.
Ұйымдастыру: Сыныпты 3 топқа бөліп, 1-ші
топ Протондар, 2-ші топ
Нейтрондар, 3-ші топ
Электрондар, назарларын толық сабаққа
аударту. (слайд№6)
Оқытушының сөзі: Оттегі химиялық белсенді және
жерде ең көп таралған элемент. Атмосферадғы ауада оттек
О2
жай зат
түрінде болады. Ол тыныс алу үшін қажет. Оттегі жер бетінде
көптеген қосылыстардың құрамында кездеседі.
II.
Негізгі бөлім: Жаңа сабақты оқып-үйрену
Оттегінің
қолданылуын, табиғатта таралуын қайталау мақсатында бірнеше
сұрақтарға жауап алынады:
1-кезен. Сұрақтар
эстафетасы.
Әр топқа ауызша сұрақтар
қойылады. (слайд№7)
1. Оттектің жалпы сипаттамасын
айтындар?
2. Жер қыртысында оттектің үлесі қанша пайызды
құрайды?
3.Оттегі – элемент және оттегі
жай зат деген ұғымдардың арасындағы айырмашылықты
түсіндіріндер.
4. Оттексіз тіршілік жоқ дегенді қалай
түсінесіндер?
5. Оксидтердің жалпы формуласы қандай?
6. Оттегінің валенттілігі
нешеге тең?
2-кезен. Жазбаша жұмыс.
Әр
топқа деңгейлік тапсырмалар парақшада берілген. Берілген
элементтердің оксидтік формуласын жазып, оларды
атаңдар. (слайд№8)
1-ші
топ Протондарға:
S, Na,
Ca, K, Mn, P, Zn, Mg, N, Al
2-ші
топ Нейтрондар:
S, B, Cu,
Cr, Li, Cl, Si, Be, Ba, Fe, N
3-ші
топ Электрондар: Fe, C, Cr, Cs, Cr, Cu,
Rb, Mn, Co, Zn
Оқушылардың сөзі:
Жауаптары:
1-ші топ
Протондарға:SO2, Na2O,
CaO, K2O,
MnO2, P2O5, ZnO, MgO,
N2O5, Al2O3;
2-ші топ
Нейтрондар: SO3, B2O3, CuO,
Cr2O3,
Li2O,
Cl2O7,
SiO2, BeO,
BaO,
FeO, NO2;
3-ші топ
Электрондар: Fe2O3, CO2, CrO, Cs2O,
CrO3,
Cu2O,
Rb2O,
Mn2O7, CoO, ZnO;
3-кезен. Зертханалық жұмыстар.
Әр
топқа зертханалық құралдар мен реактивтер беріледі және әр топ жеке
жеке осы зертханалық жұмыстарды орындайды және химиялық
реакциялардың белгілерін парақтарға жазады.
(слайд№9)
4-т
зертаханлық жұмыстары берілген. №1-ші «Көміртектің оттегіде жануы»,
№2-ші «Күкірт қышқылының алюминиймен реакциясы», №3-ші «Калий
перманганатынан оттегіні алу», №4-ші «Мыс сулфаты мен натрий
гидроксидінің бейтараптану реакциясы».
Оқытушының
сөзі: №1-ші «Көміртектің оттегіде
жануы», №2-ші «Күкірт қышқылының алюминиймен реакциясы», оқушылар
өздері топпен орындайды, №4-ші «Мыс сулфаты мен натрий
гидроксидінің бейтараптану реакциясы». Ал №3-ші «Калий
перманганатынан оттегіні алу» жұмысты оқытушы өзі көрсетіп,
оқушылар нәтижесін, белгілерін, химиялық реакцияларын, реакция
типін, реакцияға түскен заттардың және өнімдердің атауларын
өздерінің парақтарына жазады.
Оқушылар зертханалық жұмыстарды және олардың
орындалуын интерактивті тақтадан көреді.
Ұмытпа!!! Барлық зертханалық
жұмыстар қауіпсіздік техника ережелеріне сәйкес
орындалады.
№1-ші
«Көміртектің оттегіде жануы» - Оттектің химиялық
қасиетіне тәжірибе жасау үшін ағаш шырпыны аламыз және спиртшамның
жалынында қыздырамыз, шырпы шоқтанғаннан соң оны суға батырып
сөндіреміз. Көмірдің жануының химиялық реакциясын, реакция типін,
реакцияға түскен заттардың және өнімдердің атауларын
жаз. (слайд№10)
Оқушылар:
Осы
жұмыстың химиялық реакциясын жазады, теңестіреді, реакция типін
және реакцияға түскен заттардың және өнімдердің атауларын
жазады. (слайд№11)
C +
O2
→
CO2↑
№2-ші
«Күкірт қышқылының алюминиймен реакциясы»:
Сынауыққа
күкірт қышқылының 5% ерітіндісін құямыз, осы сынауыққа алюминий
ұнтақтарын саламыз. Қандай газ бөлінеді. Қандай химиялық реакция
жүрді, қандай химиялық және физикалық құбылыстар байқалды. Осы
жұмыстың химиялық реакциясын жаз, теңестір, реакция типін және
реакцияға түскен заттардың және өнімдердің атауларын
жаз. (слайд№12)
Оқушылар:
Осы
жұмыстың химиялық реакциясын жазады, теңестіреді, реакция типін
және реакцияға түскен заттардың және өнімдердің атауларын
жазады. (слайд№13)
3H2SO4
+ 2Al →
Al2(SO4)3
+
3H2↑
№3-ші
«Калий перманганатынан оттегіні алу» -
Сынауықтың түбіне калий перманганатының ұнтағын саламыз.
Сынауықты түтігі бар тығынмен жабамыз да, екінші ұшын оттегі
жиналатын құтының (колбаның) түбіне жетіп тұратындай етіп орнықтыр.
Сынауықты ұзына бойымен жылытып, калий пермаганаты бар жерден
қыздырамыз. Құтының оттегімен толғанын шоқтанған шырпы арқылы
тексереміз. Ыдыс оттегімен толысымен оған шоқтанған шыраны аузына
апарғанда лап етіп тұтануын байқаймыз. Осы жұмыстың химиялық
реакциясын жаз, теңестір, реакция типін және реакцияға түскен
заттардың және өнімдердің атауларын жаз. (слайд№14)
Оқушылар:
Осы
жұмыстың химиялық реакциясын жазады, теңестіреді, реакция типін
және реакцияға түскен заттардың және өнімдердің атауларын
жазады. (слайд№15)
2KMnO4
→
K2MnO4
+
MnO2
+
O2↑
№4-ші
«Мыс сулфаты мен натрий гидроксидінің бейтараптану реакциясы»
- Бірінші
сынауыққа натрий гидроксидінің
10% ерітіндісін құямыз, екінші сынауыққа мыс сульфатының 10%
ерітіндісін құямыз. Содан кейін екі ерітіндіні бір-біріне қосамыз.
Қандай химиялық реакция жүрді, қандай химиялық және физикалық
құбылыстар байқалды. Осы жұмыстың химиялық реакциясын жаз,
теңестір, реакция типін және реакцияға түскен заттардың және
өнімдердің атауларын жаз. (слайд№16)
Оқушылар:
Осы
жұмыстың химиялық реакциясын жазады, теңестіреді, реакция типін
және реакцияға түскен заттардың және өнімдердің атауларын
жазады. (слайд№17)
CuSO4
+ 2NaOH →
Cu(OH)2
+
2H2O
4-ші кезен. Білімді
бекіту.
Білім алушылар интерактивті
тақтадағы тірек кестені пайдаланып, тапсырмаларды таңдайды және
сұрақтарға жауап береді. (слайд№18,19)
Сипаттамасы
Оттектің басқа элементтермен құрамын және
құрылысын салыстыру салыстыру
Физикалық қасиеттері
Оттектің физикалық қасиеттері
Химиялық қасиеттері
Қандай химиялық реакцияларын атауға
болады?
Қолданылуы
Қандай көмірсутектер әсіресе көп
қолданылады?
Алынуы
Көмірсутектердің алынуы
Маңызы
Көмірсутектердің адам өміріндегі рөлі
5-кезен. Есептер
шығару. (слайд№20)
Білім деңгейлеріне қарай жеке оқушыларға
парақша таратылады.
№1 есеп.
1. Мыс (ΙΙ) оксидінің құрамындағы оттегінің
массалық үлесін табындар.
2. Төмендегі реакция
теңдеулерін аяқтап, коэффициенттерін қойындар:
a) Cu +
O2
→
… b) P + O2
→ … c) N +
O2
→ …
№2 есеп.
1. Күкірт (ΙV) оксидінің құрамындағы оттегінің
массалық үлесін табындар.
2. Төмендегі реакция
теңдеулерін аяқтап, коэффициенттерін қойындар:
a) Mg
+
O2
→
… b) S + O2
→ … c) K +
O2
→ …
№3 есеп.
1. Күкірт (ΙV) оксидінің құрамындағы оттегінің
массалық үлесін табындар.
2. Төмендегі реакция
теңдеулерін аяқтап, коэффициенттерін қойындар:
a) Al
+
O2
→
… b) Hg + O2
→ … c) Si +
O2
→ …
ΙΙΙ. Үйге тапсырма беру:
§ 23-24. 1-8 жаттығулар. (слайд№21)
ΙV. Бағалау