жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ө.Тұрманжанов "Шал мен бала"
Ана тілі
(3-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Т.Айбергенов. «Ақ қыс»
Сабақтың мақсаты:
1.Ақынның қыс бейнесін суреттеуіне қарап, өлеңдегі кейіпкердің көңіл-күйін сіздеуге, лириканы түсінуге, сезінуге мүмкіндік беру.
2. Бейнелі сөйлеу дағдыларын арттыру.
3.Әр маусымның ерекшелігін байқата отырып, табиғаттың сұлулығын тануға, айнала қоршаған дүние және табиғат құбылыстары арқылы шындыққа қарым-қатынасының қалыптасуына жағдай туғызу.
Көрнекіліктері: ақын портреті, слайд
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Жаңа сабақ.
1.Кіріспе.
Сөзжұмбақ шешу.
|
|
|
|
1. |
Т |
|
|
|
||
|
|
|
|
2. |
|
А |
|
|
|
|
|
3. |
|
|
|
Б |
|
|
|
|
|
|
4. |
|
|
|
|
И |
|
|
||
|
5. |
|
|
|
Ғ |
|
|
|||
|
6. |
А |
|
|
||||||
|
7. |
|
|
|
Т |
|
|
|||
1.Қап-қараңғы.
2.Табиғат қандай?
3.Жазғы табиғат құбылысы.
4.Аспан мен жердің шекарасы.
5.Қай уақыттағы шық?
6.Үскірік...
7.Жыл маусымы.
- Біз бүгін «Табиғат – менің өз үйім» атты бөлімді бастаймыз. Бұл бөлімде Табиғат-Ананың тылсым сырларымен, ақын-жазушыларымыздың табиғат жайлы жазған өлең, әңгімелерімен танысамыз.
- Табиғат құбылысының басты ерекшілігі – жыл мезгілдері. Жылдың 4 мезгілін айту. Әр маусымның өзіне тән ерекшеліктері, өзіне тән сұлулығы, қасиеті бар.
-Қазір қай мезгіл?
-Қыс. Иә, қыс табиғат құбылысын білдіреді.
-Қыс туралы қандай өлеңдер жаттадық?
-Абайдың «Қыс» өлеңін еске түсіру.
-Суық, аяғының басқан ізі сықыр-сықыр еткен қыстың жүрісі қорқынышты.
Сергіту сәті. «Қыс қызығы» әнін айту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
2.Негізгі бөлім.
Біз бүгін ақын Т.Айбергеновтың «Ақ қыс» өлеңін оқып, танысамыз.
Т.Айбергенговтың өмірі туралы тоқталу.
Т.Айбергенов 1937 жылы Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде өмірге келген. Өлең жазуды бала кезден бастаған ақынның «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Аманат», «Құмдағы мұнаралар», «Бір тойым бар» атты кітаптары бар.
Бүгін «Құмдағы мұнаралар» кітабынан «Ақ қыс» өлеңімен танысамыз.
3.Оқулықпен жұмыс.
а) мәнерлеп оқу;
ә) іштей оқу;
б) дауыстап, мәнеріне келтіріп кезекпен оқу;
в) сұрақ-жауап.
1.Алғашқы 4 жолды оқу, не айтылады?
-Жер беті түгел аппақ. Көзімізге тап-таза табиғат және қуанышты қыс құшағындағы адам елестейді. Ал қыс сақ-сақ етіп тұр. Әлде ол күледі, біресе ашулы, біресе аязды.
2.Келесі 3 жолда не айтылған?
Қардағы іздер рояльдің ақ тіліне ұқсайды.
3.Ақын неге тамсанып, таңданды?
Қыс сондай сұлу, дүние түгел аппақ.
4.Келесі 4 жол.
Қайда барсаң да қыс сенен бір елді қалмайды. Сырлассаң, сырласады.
5.Қыс қанша суық болса да, оның көзінен не көрініп қалғандай?
-Оны кім көріп қойыпты.
-Әрине, ақын.
-Сонымен, ақын қысқы қалың қарды омбылап келе жатқанда нені ойлап, нені іздеп келе жатыр?
-Көктемді.
-Ақын қандай сезімде отырып жазған?
-Қыста қандай дыбыстар естіледі?
-Қардың қандай түрлері бар? (мамық, ұлпа, сулы)
-Боранның ше? (ақ түтек, дауылды, ұлыма)
-Аяздың ше? (шымшыма, қызыл шұнақ, сақылдаған)
4.Дәптермен жұмыс.
Ақынның көзіне көрінген ақ заттарды өлеңнен теріп жаз.
Ақ қолғап, ақ қыс, аппақ сәукеле, аппақ тау, төбе, рояльдің ақ тілі, ақ әлем, аппақ әуен.
-Көрдіңдер ме, адам қуанғанда жақсы әнрсені көргенде дүниенің барлығы әдемі, таза, құлаққа естілген дыбыстар мен әуен де аппақ деп жырлаған екен.
5.Ойтолғау.
-
жолды өлең құрастыру. Өлең тақырыбы
1 ж – зат есім. Қыс.
Тақырыпқа сипаттама
2 ж – 2 сын есім. Аппақ, таңғажайып.
Әрекет
3 ж – 3 етістік. Құшақтайды, сақылдайды, омбылайды.
Білдіру
4 ж – сезім. Айнала әдемі, қызықты екен.
5 ж – 1-ші жолдың синонимі. Табиғат.
Мақал-мәтелдермен жұмыс.
Қыстағы қар-жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.
Қыстың қамын жаз ойла,
Жаздың қамын қыс ойла.
Сабақты қорытындылау
Қандай өлеңмен таныстық, авторы кім?
Қандай ерекшелігі бар?
Жаңа алған мәліметтерді пайдалана отырып, топтастыру.
Жылы киім албы қар сақ-сақ
етеді
Қыс
боран
үскірік
![]()
аяз
Бағалау.
Үйге тапсырма.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген