|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
-Балалар, бізге
бүгін Дымбілместен жеделхат келді: «Сәлеметсіздер ме, балалар!
Маған сендердің көмектерің керек. Біздің қалада көрме өтеді, сол
үшін ең әдемі қалалардың суреттері
керек»
-Біздің қаланың әдемі
екенін Дымбілмес қайдан біліп қойды екен? Дымбілмеске көмектесеміз
бе?
|
Дымбілместің жедел хатын
тыңдайды, көмектесуге
келіседі.
|
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Бейнекамерасын
балаларға қаратып:
-Мына бейнекамера
сендердің жауаптарыңды жазып отырады, сосын біз Дымбілмеске касетта
мен суреттерді пошта арқылы жібереміз, -
дейді.
Суретпен
жұмыс
Топтың ішінде
қаланың балаларға таныс жерлері мен ғимараттарының суреттері ілініп
тұрады. Балалардың назарын суреттерге аударады, сұрақтар
қояды:
-Мына суреттер
сендерге таныс па?
-Біз тұратын қала
қалай аталады?
Балалардың
жауаптарын мұқит тыңдайды,
толықтырады.
Өлең
тыңдаймыз
Ө. Тұрманжановтың
«Туған өлке» өлеңін оқиды.
Туған
өлке
Көгінде күн нұрын
төкен,
Жерінде гүл жұпар
сепкен.
Неткен сұлу, неткен
көркем,
Осы менің туған
өлкем!
Шығарманы
тыңдайды:
-балалар, өлең
ұнады ма? Не туралы
жазылған?
Мазмұнына байланысты
суреттерді көрсетіп, өлеңді қайта
оқиды.
Сөздік
жұмысы: «көгінде, жұпар» деген
сөздердің мағынасын
түсіндіреді.
«Бөлшектерді
құрастыр» дидактикалық
ойыны
Қиынды суреттерден
біртұтас сурет құрастырып, қандай сурет болып шыққанын айтып беру
керектігін түсіндіреді.
Мақал:
Туған жердің ауасы
да шипа.
Мақалдың мағынасын
түсіндіреді.
«Қала көшелерін
аралайық» сергіту сәті
Балаларға жасырған
жұмбағын шешіп, сұрақтарына жауап беру арқылы фотосуреттерден
тиісті көшені, ғимаратты тауып, жанына баруды
ұсынады.
Мысалы:
Онда барып ән
тыңдаймыз,
Спектакль көреміз.
(театр)
Таңертең ерте
тұрасың,
Тәрбиеші апайға
барасың. (балабақша)
Тәрбиеші балалармен бірге
бейнекамерадағы жазбаны теледидарға қосып қарайды, балаларды
мадақтайды.
|
Тәрбиешінің айтқандарына
қызығушылық танытады.
Суретті
тамашалайды.
Туған қаласының атын
айтып, ғимараттарды атайды.
Тәрбиешіні
тыңдайды.
Шығарманы
тыңдайды.
Сұрақтарға жауап
береді.
Шығармадағы жаңа
сөздердің мағынасын түсініп,
қайталайды.
Қиынды суреттерден
қаланың біртұтас суретін
құрастырады.
Тыңдайды, түсінеді,
қайталайды.
Тиісті көшені,
ғимаратты тауып, жанына
барады.
Бейнекамераны
қарайды.
|
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Сұрақтар қойып,
тақырыпты қорытады:
-Балалар, бүгін
біз не істедік?
-Қандай шығарма
тыңдадық?
-Шығармада не
туралы білдіңдер?
-Туған жер
дегенім не?
-Біздің қаламыз
қалай аталады?
Балаларды мадақтап,
ұйымдастырылған оқу қызыметін
аяқтайды.
|
Сұрақтарғаойланып, жауап
береді.
|