400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Отынның энергиясы. Отынның жану жылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Жылу құбылыстары

Мектеп:№7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейі

Күні: 27.09.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Э.Н.Бекенова

Сынып: 8А,В,Е

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.7 Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау. Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты

1. Отын жанғанда энергияның бөлінуі химиялық құбылыстардың есебінен болатынын түсіндіру.

2. Отын жанған кезде оның ішкі энергиясы атқарылатын жұмыс пен жылу алмасу арқылы басқа денелерге берілуін анықтау

3.Жанатын отынның түрлеріне қарай бөлінетін энергиясының шамасы да түрліше болатынын білу

4.Жанған отынның жылу мөлшерін анықтайтын формулаларды пайдалана отырып ,есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийі

1. Химиялық құбылыстардың жүруінен отынның жанатынын біледі.

2.Жанған отыннның энергиясының жылу берілу арқылы басқа денелерге берілуін анықтай алады.

3. Отынның түрлеріне қарай жанғанда бөлінетін жылу мөлшерінің мәнінің әртүрлі болатынын анықтайды

4.Отындар жанғанда бөліп шығаратын энергияны анықтау үшін формулаларды түрлендіре отырып есептеулер жүргізе алады.

5.Есептер шығаруда отынның жану жылуының формуласын қолданады.

Тілдік мақсаттар


Отынның меншікті жану жылуы-массасы 1кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама.

Құндылықтарға баулу




Жалпыға бірдей еңбек қоғамы - Қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттары, еңбек өнімділігін арттыру-өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.

Пән аралық байланыс

Дүниетану 3 сынып "Пайдалы қазбалар",

Химия 7 сынып "Пайдалы қазбалар", "Отынның энергетикасы".

География 7 сынып Кен орындарынын орналасу орны

"Алдыңғы білім


Отынның түрлерін біледі, олардың құрамында көміртек бар екенін біледі. Кен орындарының орналасу орындарын біледі.

АКТ қолдану дағдысы

Интернет желісін пайдаланамын


Ойлау дағдылары

Білу,түсіну.қолдану






Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру. Сәлемдесемін, оқушыларды түгелдеймін, сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау.

«Шаттық» шеңберін құру

2. Ынтымақтастықты қалыптастыру.

Топтарға бөлу: «Санамақ » әдісі

3.Үй жұмысын тексеру:

«Серпілген сауалдар» әдісі .

1. Жылу берілу кезіндегі денеге берілетін жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді?

2. Денені қыздыру үшін жұмсалатын немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшері қалай есептеледі?

3. Заттын жылу сыйымдылығы нені білдіреді?

Дескриптор

  • Жылу мөлшері дененің массасына және дененің температурасына тәуелді екенін білді.

  • Бұл ереженің математикалық өрнегін білді.

  • Денені емес, материалдың жылулық қасиеттерін сипаттайтынын білді.

  • Жылу мөлшерінің өлшем бірлігін білді.


Оқулық,

Сабақтың ортасы


4.Жаңа сабақ: Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы.

«Топтық тергеу» -әдісі .

1. Отын жанғанда энергияның бөлінуін қалай түсіндіруге болады?

2. Отынның меншікті жану жылуы дегеніміз не? ХБЖ өлшем бірлігі қандай?

3. Біздін еліміздің экономикасындағы отынның алатын орны?

Дескриптор:

  • Отынның түрлерінен энергияны алуға болатынын біледі.

  • Отынның меншікті жану жылуынын формуласын, өлшем бірлігін біледі.

  • Отын түрлерінің алатын орнын, экономикалық жағдайларын түсіндіреді.



1. "Ойлан жұптас-бөліс" әдісі

Көмір жанғанда астына тамызық салады және тамызық ретінде майда шөп немесе ағаш жаңқалары пайдаланады. Тамызық араларын ашып, реттеп қойғанда тез тұтанады,осыларды түсіндіріңдер?

2. Газ плитасының отын жанатын мойны, оның төменгі қақпақша қуысы жұмыс істеп тұрғанда нашар жанады, себебі неде?

3.Неге,көмір жағар алдында оны сумен шылайды?

Дескриптор:

  • Жану кезінде оттек жануды қолдайтындығын білді.

  • Жану кезіндегі ішкі энергияның өзгерісі химиялық құбылыстардың есебінен болатындығын білді

  • Нәтижесінде энергияның бөлінуін білді.

2."Жауабыңыз қандай"-әдісі

А-деңгей


Анықтамасы

Формуласы

Х.Б.Ж

Жылу мөлшері

Массасы 1кг отын толық жанғанда бөлінетін нақты жылу мөлшері.

C=

Заттың меншікті жылу сыйымдылығы

Жылу беру процесінде бір денеден екінші денеге көшкен ішкі энергияның өзгеру өлшемін айтамыз.




q=




Отынның меншікті жану жылуы.

Денені емес материалдың жылулық қасиеттерін сипаттайтын шама.

Q~m



Дж

Дескриптор
  • Жылу құбылыстарындағы физикалық шамалардың анықтамаларын білді.

  • Әрбір физикалық шамалардың формулаларын нақты жаза алды.

  • Осы физикалық шамалардың ХБЖ өлшем бірліктерін анықтай алды.

"Есептер банкісі" -әдісі

В-деңгей

1. 5 кг құрғақ ағашты жаққанда қандай жылу мөлшері бөлінеді?

2. 2 кг шымтезекті жаққанда бөлінетін жылу мөлшеріне тең болатын қанша құрғақ отын жағу керек?

3. 2 кг көмір жаққанда қандай жылу мөлшері бөлінеді?

Дескриптор

  • Берілген есеп шартын дұрыс жаза алды.

  • Жанған отынның жану жылуын анықтайтын формуланы дұрыс қолдана алды.

  • Формуланы қолдана отырып.нәтижеге жетті..

"Жоқ сандарды қою немесе орнын тап " --әдісі

С-деңгей

Кестеде, бос ұяшықтарға есептердің нәтижесі жазылады.





Q; Дж

?

340 МДж

4,6*107


q;

4,4*107

?

4,6*107

m; кг

2 г

10 кг

?

Дескриптор
  • Отынның жану жылуының формуласын біліп, түрлендіре алды.

  • Жылу мөлшерінің, массаның және меншікті жану жылуының ХБЖ өлшем бірлігін білді.

  • Формуланы дұрыс қолданып,есептін нәтижесін дұрыс шығарды..







Сабақтың соңы


"Шынжырлы байланыс " әдісі

Отын-----Отын түрлері ------Отынның жылу мөлшері-----Отынның меншікті жану жылуы------Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігі..............

Дескриптор

- Отын жанғанда энергиясы бөлінетінін білді.

- Отындардың жеке қасиеттерін анықтайтын тұрақты шама меншікті жану жылуын білді.

- Физикалық шамалардың ХБЖ өлшем бірліктерін білді.

Кейінгі тапсырма : Рефлексия «Бағдаршам» әдісі бойынша жүргіземін.

Қызыл түс

(түсінген жоқпын)

Сары түс

(әлі де сұрағым бар)

Жасыл түс

(барлығы түсінікті)




Үйге тапсырма: Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы.



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Сабақ барысында берілетін тапсырмалар оқушылардың қабілетіне қарай жасалған.

Сабақтын бас кезінде

  • "Санамақ әдісі" арқылы оқушыларды топқа біріктіремін.

  • "Серпілген сауал әдісі" арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

  • "Топтық тергеу әдісі" арқылы жаңа сабақты таныстырдым.

  • "Ойлан жұптас-бөліс әдісі" арқылы оқушыларға ашық және ой түрткі сұрқтар қоя отырып оқушылардын сыни тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастырамын

  • "Жауабыңыз қандай әдісі" арқылы оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беремін формула, анықтама, ХБЖ

  • "Есептер банкісі" арқылы

  • " Жоқ сандарды қою" немесе орнын тап әдістері арқылы есеп шығарттым.







Оқушылар сабақ барысында смайликтер, басбармақ, бағдаршам арқылы өзара және бірін-бірі бағалап отырады. Қалыптастырушы бағалауды әр тапсырма орындау барысында жүргізіп отырамын.



Күнделікті тұрмыста отын қолдану барысын қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертіп отырамын.

Сабақ бойынша рефлексия





Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
1038
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі