жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Отынның энергиясы.Отынның меншікті жану жылуы
|
Күні:01.10.18 ж. Мұғалімнің аты жөні:Урунбеков.Т Пәні:физика Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Жылу құбылыстары Сынып: 8 |
|||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Отынның энергиясы.Отынның меншікті жану жылуы |
||||||||||||
|
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтемесі) |
8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау |
||||||||||||
|
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Отынның энергиясы (жылу мөлшері), отынның меншікті жану жылуы шамалары туралы білу. Оқушылардың басым бөлігі: Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерінің, отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіну, формуласын қолданып есептер шығару. Кейбір оқушылар: Орташа, жоғары деңгейдегі есептерді шығара алу, мысалдар келтіру. |
||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
|
||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Сабақ барысында оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын арттыру. Физикалық терминдердің дұрыс қолданылуына мән беру. Мысалы, жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылығы, Джоуль, отынның меншікті жану жылуы Арнайы пәндік лексика мен терминология:
|
||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясысының 4 құндылығы Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу |
||||||||||||
|
Пән аралық байланыс |
Жаратылыстану, математика , химия, география |
||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы |
||||||||||||
Сабақ барысы
|
Жоспарланған сабақ кезеңдері |
Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет) |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 10 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу,сынып тазалығына мән беріп,оқу құралдарын тексеру. Ынтымақтастықтың атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Шаттық шеңберін» құру. Жылулық шеңберінде балалар бір-бірілеріне жылы лебіз білдіріп, сәттілік тілейді. |
Оқулық, оқу құралдары |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 25 минут |
«Мозайка» әдісі арқылы «Байтерек, Пирамида, Хан шатыр» суреттерін қима қағаздар арқылы топқа біріктіру. І топ. Отын /Байтерек/ ІІ топ. Меншікті жану жылуы /Пирамида/ ІІІ топ. Энергия /Хан шатыр/ Үй тапсырмасын қайталау. «Допты лақтыру» әдісімен үй тапсырмасын сұрау. Мұғалім доп лақтырып,сұрақ қояды.Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп,өзінің сұрағын қояды.Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді,оқушыларды өз еркімен сөйлеуге итермелейді. Қалыптастырушы бағалау
Жаңа сабақ «Миға шабуыл» 2 мин. Көрсетілім (балауыз жағу), оқушылармен диалог жүргізу арқылы сабақ тақырыбын ашу. Сұрақтар келесідей- Көрсетілім барысында біз не көрдік? Не себепті балауыз оты сөнді? Отты төнкерілген шыны ыдыспен жабсақ не көреміз? Қай жағдайда от сөнбейді? Ендеше бүгінгі сабақта біз отынның жану процесімен танысамыз. Бүгінгі тақырыбымыз – §12. Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы.
І Топтық бірлескен жұмыс. Кіші жоба қорғау. І топ. Отынның энергиясы. ІІ топ. Отынның меншікті жану жылуы. ІІІ топ. Еліміздің отын энергетикасы ресурстары. «Карусель» әдісі бойынша» Зерттеу жұмысы Постермен жұмысты қорғайды Критерий арқылы бағалау.
«Галерея» әдісі бойынша топтар өз ара бірін-бірі SWOT талдау жасайды.
|
топтардың аты жазылған парақшалар, бағалау парақшалары Доп смайликтер
АКТ слайдтары Оқулық Плакат маркерлер стикерлер |
||||||||||||||||||||
|
|
Сергіту сәті «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. II «Есептеу-білімді еселеу». Оқушылар берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар А деңгей 1.Энергияны қалай алуға болады 2.Отынның түрлерін атаңдар. 2- кестеде (оқулықтағы ) көрсетілген отындардың ішінен өте тиімділерін және өте нашарларын атаңдар. Жауаптарыңды негіздеңдер. В деңгей 2. Қайың кеспек толық жанғанда қанша жылу мөлшерін бөліп шығаратынын қалай есептеп табуға болады ? Ол үшін қандай шамалар белгілі болуы керек? 3. Массасы 15 кг тас көмір толық жанғанда , қанша энергия бөлінеді ? С деңгей 1. Егер пеште көлемі 10 дм3 қайың отын және массасы 5 кг шымтезек жанған болса, онда одан қанша жылу бөлінеді ? 2.Қысқа 3м3 қайың отын мен 2 т тас көмір дайындалған. Осы дайындалған отындар толық пайдаланылған болса, онда пештен қанша жылу мөлшері бөлінген?
«Сәйкестендіру» кестесін пайдаланып төменде берілген шамаларды сәйкестендіру керек
Қалыптастырушы бағалау
|
Д қаламсап, жұлдызшалар . Интербелсенді тақта, есептер жинағы Интербелсен-ді тақта Плакат,маркерлер |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5-мин |
Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі бойынша кері байланыс.
|
|
||||||||||||||||||||
|
|
Үйге тапсырма Отынның энергиясы.Отынның меншікті жану жылуы |
|
||||||||||||||||||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? |
Сабақ барысында берілген тапсырмалар оқушылардың қабілеті мен қарқынына сәйкес сараланған. «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылармен диалог жүргізу арқылы жаңа сабақта ашып алдық. «Карусель» әдісі бойынша қорғайды әдістері арқылы оқушыларды ынтымақтасып жұмыс істеуге үйреттік. Оқушылар «Галерея» әдісі бойынша бірін-бірі бағалады және SWOT талдау жасады. |
|
||||||||||||||||||||
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. |
Сергіту сәтінде ширату жаттығуларын орындау. Физика кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтау. |
|
||||||||||||||||||||
|
Бағалау оқушыларды материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау, критерий дескриптор арқылы оқушыларды бағалаймын |
|
||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге? |
|
|
||||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек? |
||||||||||||||||||||||











Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген